Реферат: Many slope collapses were induced by existence of faults in top area of slope zones from geological and topographic surveys. However it is difficult to find the places of fault before landslide disaster because of round surface conditions. Then the accuracy to find practical fault places from geological and topographic survey was a few meters to several tens of meters. The easy and simple method to determine the size and direction of faults have been developed by authors combined with gamma-ray and magnetic susceptibility survey with 10 cm accuracy. Case studies of slope failed places induced by faults by the proposed method are introduced. The usefulness of combined method between airborne laser terrain mapping method and gamma-ray survey method is also introduced.
Реферат: Белгiлi бiр қоғамда өмiр сүрiп, одан тысқары ойлау мүмкiн еместiгi сынды, қызмет аясына қарамастан сол қоғамның мүшесi ретiндегi әр адамның азаматтық позициясын анықтайтын, көрсететiн де публицистика саласы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда кеңес қазақ журналистикасының көш басында тұрған қайраткерлердiң бiрi немесе бiрегейi - қазақ поэзиясының Құлагерi, ақын Iлияс Жансүгiровтiң публицистикалық мұрасын арнайы сараптап, оқырманға ұсыну әдебиет тарихы мен қазақ көсемсөзiнiң даму барысын зерттеушiлерге де, iлиястанушыларға да игiлiктi iс болары анық.
Интерактивтiк оқыту - оқу үрдiсiнiң жаңа әдiстерiнiң бiрi
Реферат: Мақалада бiлiм беру үрдiсiн ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ғасыры екенiн айта келiп, қазiргi кезде Қоғамды ақпараттандыру, Бiлiм берудi ақпараттандыру деген сөз заманауи технологияларды көптеп және оларды тиiмдi пайдалану жайы айтылған. Сондықтан бiлiмдi мықты тұғырлы етiп қалыптастыру үшiн интерактивтi тақталар мен компьютерлiк бағдарламалардың және интерактивтi оқытудың бiлiм беру iсiне тигiзер ықпалының маңыздылығы зор. Бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдануы туралы сөз етiледi.
Шетел тiлi сабақтарында оқушылардың коммуникативтi құзiреттiлiктерiн қалыптастыру және дамыту жолдары
Реферат: Қазiргi таңда елiмiзде бiлiм беру мазмұнын жаңарту мәселесiне ерекше мән берiлiп, оқытудың ерекше тәсiлдерiмен жаңаша оқыту технологиясын енгiзiп, оқушылардың бiлiм сапасын көтеру - басты мiндеттердiң бiрi болып отыр, яғни бiлiм беру алдындағы басты мiндет - қазiргi қоғамға жан-жақты бiлiмдi, жоғары мәдениеттi, өзгермелi жағдайда өз iс-әрекеттерiн шығармашылықпен ұйымдастыра алатын тұлғалар дайындау, заман талабына сай құзiреттi тұлға қалыптастыру. Мақалада шетел тiлi сабақтарында коммуникативтi құзiреттiлiктi дамыту мәселесiне, коммуникативтi сабақ түрлерiне анықтама берiлдi және оны сабақ барысында қолдану жолдары қарастырылған.
Influence of sms abbreviations upon the language: pronunciation and spelling of the words in english, Kazakh and Russian
Реферат: In Modern English many new abbreviations, acronyms, initials, blends are formed because the tempo of life is increasing and it becomes necessary to give more and more information in the shortest possible time. Nowadays exist 3 types of abbreviations: 1. Graphical abbreviations- shortening of words and word - groups only in written speech while orally the corresponding full forms are used: e.g. for example, i.e. - that is, No - number, ect. 2. Lexical abbreviations - classified according to the part of the word which is clipped beginning ar ending of the word╒: copter helicopter, disco dicotheque, expo exposition etc. 3. Initial abbreviations - the bordering case between graphical and lexical abbreviations, they are closer to graphical abbreviations because orally full forms are used, e.g. J.V. - joint venture
Тәуелсiз қазақстан дипломатиясының қалыптасу кезеңдерi
Автор(ы): Берлiбаев Е. Т.*Еркинбекова М. У.*Қабдиева Г. В.*
Реферат: КСРО құрамында болған тұста бiздiң республиканың Сыртқы iстер министрлiгi болды. Бiрақ бұл мекеме елдiң дербес сыртқы саясатын жүргiзуге ешқандай құзыры болған жоқ. Шетелдерде елiмiздiң бiрде-бiр дипломатиялық өкiлдiгi болмағандықтан, бұл салада тәжiрибе мүлде жоқтың қасы болды. 1991 жылдары халықаралық қатынаста бұрынғы ұстанымдар түбiрiмен өзгердi. Қазақстан егемендiктiң алғашқы жылдарының өзiнде халықаралық саяси жүйеде өзiнiң бағыт-бағдарын анықтауды батыл алға қойды. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алғаннан кейiн халықаралық құқық субъектiсi ретiнде дүниежүзiлiк қатынастар аренасына шықты. Қазақстан егемендiктiң алғашқы жылдарынан-ақ халықаралық саяси жүйеде өзiнiң бағыт-бағдарын анықтау мәселесiн қойды. Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы ТМД мемлекеттерiмен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдерi және АҚШ-пен дипломатиялық қатынасты өркендетiп, мәдени-экономикалық байланысты күшейту арқылы өркениеттi елдердiң қатарына енiп, Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтау мақсаты алға қойылды. Осыған орай, мақалада Қазақстанның тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi сыртқы саясатының басым бағыттары аясында атқарылған iс-шаралар, әлемдiк қауымдастықтағы рөлi мен нәтижелерi баяндалған.
Осуществление экономической модернизации на основе стратегии Казахстан - 2050
Реферат: В статье рассматриваются проблемы осуществления в республике экономической модернизации, начатая в ходе реализации государственных программ по индустриально-инновационному развитию экономики страны на основе Стратегии Казахстан - 2050. В ней освещены виды экономической модернизации и дана им характеристика с учетом высказываний лауреатов Нобелевской премии У.А.Льюиса, Г.Мюрдаля, Т.Шульца. Особое внимание уделяется системной модернизации, которая при участии государства в ее осуществлении ускоряет процесса диверсификации экономики и производства продукции с высокой добавленной стоимостью. Дается обоснование осуществлению структурной и технологической модернизации для реализации в стране стратегии Казахстан - 2050. Предлагается проведение единой стратегии модернизации, которая охватывает все сферы экономики и все этапы от создания до эксплуатации высокопроизводительной техники, что позволяет устранить причины технической отсталости страны и осушествить технологический прорыв для перехода к технологическому укладу. В связи с этим обращается внимание на необходимость увеличения инвестиции для осуществления ускоренной экономической модернизации.
Кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық және қамқоршылық орнату
Реферат: Мақалада кәмелетке толмаған балалардың құқықтары туралы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалар туралы; ата-аналары қайтыс болған, ата-ана құқықтарынан айырылған, ата-ана құқықтары шектелген немесе ата-аналары әрекетке қабiлетсiз деп танылған балаларға заңды тұрғыдан қорғаншылық және қамқоршылық жасау туралы айтылады.
Реферат: Жеке тұлғаның жан-жақты тәрбие жүйесiн құрайтын тәрбиенiң бiрi -құқықтық тәрбие болып табылады. Ол қоғамның әрбiр азаматының мемлекеттiк заңдарды аса жауапкершiлiкпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Сондықтан, бүгiнгi қоғамның талабына орай мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу үдерiсiнде мектеп алдында тұрған маңызды мiндеттерiнiң бiрi - оқу-тәрбие үдерiсiнiң барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айырықша мән берiп, оны ұйымдастырудың тиiмдi тәсiлдерiн үнемi жетiлдiру екендiгi белгiлi. Себебi, мектеп - өскелең ұрпақты қоғамға даярлау үдерiсiндегi негiзгi әлеуметтiк мекеме. Сондықтан жалпы бiлiм беру мекемелерi әр оқушының санасына құқықтық нормаларды сiңiрiп, оны күнделiктi мiнез-құлық нормасына айналдыруы мен келеңсiз жат қылықтардан аулақ болуы үшiн жүйелi құқықтық тәрбиенi жүргiзуi тиiс.