Реферат: Мақалада болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу әрекетiне даярлығын олардың зерттеушiлiк құзыреттiлiгiнiң негiзi ретiнде қарастырған. Ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-зерттеу әрекетi сияқты тiрек ұғымдарға талдау жасалынған. Сондай-ақ болашақ педагогтiң кәсiби iс-әрекетiнiң интеграцияланған көрсеткiштерi берiлген. Мұғалiмнiң әдiстемелiк кеңiстiк аясында iс-әрекетiнiң зерттеушiлiк құзыреттiлiгiнiң қалыптасуының кезеңдерi ашып көрсетiлген.
К вопросу о национальном самосознании в структуре сознания человека
Автор(ы): Хан Н. Н.*Кайдарова А. Д.*Колумбаева Ш. Ж.*
Реферат: В статье рассматриваются вопросы национального самосознания в структуре сознания человека, а именно, дается понятие, раскрывается его содержание и уделяется внимание проблеме формирования национального самосознания личности студента.
Ақселеу Сейдiмбектiң Қазақ әлемi атты еңбегiнiң Қазақ елi - Мәңгiлiк ел идеясын iске асырудағы тарихи маңыздылығы
Автор(ы): Иманбаева С. Т.*
Объем документа: С. 107-110
МРНТИ: 14.01.07*
Ключевые слова: казахский мир*духовность*высокий национальный дух*
Реферат: Мақалада Ақселеу Сейдiмбектiң Қазақ әлемi атты еңбегi болмысын, тарихын зерделеуге арналған, бүкiл қазақ даласын тербеткен тарихи құнды еңбек, ұлт руханиятының құнды қазынасы екенiне тоқталады. Оның әр шығармасында қазақ елiне тән тектiлiк, бекзаттылық, ұлттың биiк рухы дәрiптеледi. Қазақ әлемi - бүгiнгi Елбасының ұсынып отырған Қазақ елi - Мәңгiлiк ел атты ұлттық идеясын iске асыруда негiзгi тарихи ұстаным болатыны мақалада сараланып берiледi.
Құрбанғали Халидұлының Тауарих хамса еңбегiнiң тәлiм-тәрбиелiк маңызы
Реферат: Курбангали Халидидың Тауарих хамса шарки (Бес халықтың тарихы) атты кiтабы 1910 жылы Қазан қаласында жарыққа шықты. Жоғарыда аталған кiтап тарихшылар, этнографтар мен әдебиетшiлер арасында кең таралды. Мақалада аторлар өсiп келе жатқан жасөспiрiмдердiң бiлiмi мен тәрбиесi жөнiндегi сұрақтарына байланысты кiтаптың оқылмаған тұстарына көңiл бөлдi. Сонымен қатар, мақалада Жүсiп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Асан қайғы, Құнанбай қажы, Шоқан төре және тағы басқа танымал тұлғалардың педагогика тарихына байланысты келтiрген дәлелдерi қарастырылады.
Ж. Аймауытов мұраларындағы тәлiм-тәрбиелiк ой-пiкiрлердiң мәнi
Автор(ы): Нұрмұхаметова Р. Ә.*Бердибаева Д. А.*
Объем документа: С. 115-118
МРНТИ: 14.01.07*
Ключевые слова: родной язык*казахский народ*человеческие ценности*
Реферат: Бұл мақалада Ж. Аймауытов мұраларындағы тәлiм-тәрбиелiк ой-пiкiрлердiң мәнi, оның қазiргi таңда жастарға ұлттық тәрбие берудегi маңызы қарастырылады. Ж. Аймауытов мұраларында ұлттық тәлiм-тәрбие мәселесi және оның қоғамдағы, өмiрдегi мәнi қарастырылып, әр адам қоғам, заман, уақыт бедерлерiмен ғана биiктей түсетiнiне, тәрбие тәлiмi белгiлi бiр ортада қалыптасып, дамып отыратынына автор ерекше мән бередi.
Қ. Халидұлының Тауарих хамса (Бес тарих) еңбегiндегi әлеуметтiк-тәлiмдiк пiкiрлер
Реферат: Мақалада Құрбанғали Халидтың (ХIХ ғ. басы ХХ ғ. соңы) Тауарих хамса шарқи (Шығыстың бес халқының тарихы) атты кiтабының жаңа беттерi ашылады, онда автор Орталық Азия және Қазақстан халықтарының өмiрлерi туралы жазады. Сол жерде тұрып, еңбек еткен қазақ халқының дәстүрлерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Кiтапты ол кейбiр тұлғаларға, олардың жағымды жақтарын көрсететiн қоғамдық-педагогикалық қылықтары мен мiнездерiне жеке мiнездеме берiледi.
Мәдениет және бейнелеу өнерi арқылы жастардың эстетикалық-танымдық көзқарасын қалыптастыру
Реферат: Мақалада мәдениет және бейнелеу өнерi арқылы қазiргi жастардың эстетикалық танымдық қөзқарасын қалыптастыру мәселелерi қаралады. Автордың пiкiрiнше, қазақ халқының мәдени мұрасы бұл үрдiсте маңызды орынға ие.
Реферат: Мақалада тұлға тәрбиелеу барысындағы Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбие мақсаты және мiндеттерi, маңызы, жүзеге асыру жолдары, адамның қоғамда алатын орны жайында айтылады. Тәрбиенiң ұйымдастырушылық тәсiлдерi мен мазмұны, белсендi, бiлiмдi, адамгершiлiктi және денi сау тұлғаның қалыптасу тәрбиесiне бағытталған қағидалар негiздерi қарастырылады.
Оқу үдерiсiнде студенттердiң отансүйгiштiк сезiмдерiн қалыптастыру
Автор(ы): Мұсабекова Г. Т.*Өтеген Б.*Байғонова Д.*
Реферат: Ұлттық патриотизм әдетте өз ұлтына, оның мәдениетiне, тiлiне, дәстүрлерiне деген сүйiспеншiлiк пен жанашырлық. Қазақстандық патриотизм дегенiмiз - Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың ұлттық Отаны деген iргелi негiзге сүйiнген ұлттық патриотизмдердiң синтезi. Зерттеуде патриоттық тәрбиеге және оның жүйелiк сипатына түсiнiк берiлiп, оның әдiстемесi жасалынады.
Отбасы - тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтiк мәдени ортасы
Реферат: Бұл мақалада отбасы тәрбиесiнiң жеке тұлға қалыптасуындағы маңызы, сонымен қатар, отбасының басқа да қоғамдық институттар сияқты атқаратын қызметтерi, отбасы тәрбиесiнiң мазмұны мен әдiс-тәсiлдерi қарастырылады.