Абай поэзиясындағы назирагөйлiк шығыс сарынының тәрбиелiк ролi
Автор(ы): Джанабердиева С. А.*Смайлқызы Н.*Даулеткелдiұлы Н.*
Объем документа: С. 107-111
МРНТИ: 17.71*
Ключевые слова: национальная ценность*воспитание*
Реферат: Мақалада Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы қазақтарына ортақ қазақ фольклорынан да, көптеген ақын-жыраулардың еңбектерiнен де, айтыстар мен термелерден де көрiнiс табатын, әсересе Абай поэмаларына тән Шығыстық <назирагөйлiк сарын> жайында сөз қозғалады, қайшылықтар қарастырылады, анықтама берiледi, мысалдар келтiрiледi, қорытындылар жасалады. Назиралық сарын - дәуiрлер, дәстүрлер байланысы, ұлт тағылымы, шығарма тартымдылығы, шеберлiк, өнер бәсекесi, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесi ретiнде қарастырылған.
Түркi халықтарының тәлiмдiк тәжiрибесiндегi имандылық тәрбие берудiң аспектiлерi
Реферат: Аталған мақалада түркi халықтарының тәлiмдiк тәжiрибесiндегi имандылық тәрбие берудiң аспектiлерi қарастырылады. Түркiлiк имандылық тәрбиедегi тұжырымдаманың негiздерi мұсылмандардың адамгершiлiк сенiмдерiнде iзгiлiк, отаншылдық, тәртiптiлiк, жауапкершiлiк, мейiрiмдiлiк, достық, имандылық туралы ой-санасына дiни ұғымдардың орын алуы ең жоғары әдептiлiк нормалар ретiнде сипатталады. Автор түркiлердiң жастардың бойында имандылық тәрбие берудi қалыптастыру мәселелерiне талдау жасайды.
Реферат: Мақалада ғалым әдiскер Ғ.Бегалиевтiң еңбектерiне талдау жасалынған. Автор кiшi мектеп оқушыларын оқытуда құрастырылған әдiстер мен тәсiлдер бүгiнге дейiн әлi қажеттi және маңызды екенiн дәлелдейдi. Балаларды әдебиеттiк оқу мен грамматикаға оқытудың әдiстемесiнiң бағалылығын көрсетедi. Қазiргi уақытта әдебиеттiк оқуда, грамматикада Ғ.Бегалиевтiң әдiстемелiк еңбектерi нақты және тура нәтиженi беретiнi қарастырылады.
Комплексная воспитательная система общеобразовательной школы
Реферат: В статье презентован аспектный анализ факторов успешной реализации комплексного подхода к организации воспитательной системы общеобразовательной школы на примере функционирования авторской комплексной воспитательной системы <Добродий>.
Мектеп қабырғасында жасөспiрiмдер арасындағы девиантты мiнез-құлықтың пайда болу себептерi
Автор(ы): Айтбаева А.*Мусаев Б.*
Объем документа: С. 129-134
МРНТИ: 04.51.53*
Ключевые слова: девиантное поведение*воспитание*
Реферат: Бұл мақалада өзектi проблемалардың бiрi - жасөспiрiмдер арасындағы девиантты-мiнез құлықты қалыпқа келтiру мәселелерi көрсетiлген. Жасөспiрiмдiк кезеңнiң ерекшелiктерi мен жасөспiрiмдер арасындағы девиантты мiнез-құлықтың пайда болу себептерi, және оларды түзету шаралары қарастырылған.Бұл ғылыми мақалада жасөспiрiмдер арасындағы девиантты мiнез-құлықтың шығу себептерi, жасөспiрiмдiк кезеңнiң қиындықтары мен оның алдын-алу жолдары талқыланған.
Шәкәрiм Құдайбердiұлының мұрасын мектептегi тәрбие үрдiсiне ендiру мәселелерi
Реферат: Мақалада белгiлi педагог Шәкәрiм Құдайбердiұлының мұрасын мектептегi тәрбие үрдiсiне ендiру мәселесi қарастырылады. Ғалым, ақын, тарихшы өзiнiң шығармашылығын жас ұрпақтың тәрбиесiне арнады, соның iшiнде жастардың рухани қалыптасуына назар аударды. Автор тәрбиелiк шаралардың жүйесiн ұсынады.
Оқушыларды мамандықты таңдауға даярлаудың теориялық негiздерi
Реферат: Мақалада оқушылардың мамандық таңдау негiзiндегi дайындықтары сипатталады. Мамандық таңдау әрбiр оқушының өмiрiндегi ең негiзгi сәт болып табылады. Егер дұрыс таңдау жасай алса, әлеуметтiк ортада өзiнiң бар қабiлеттерiн толық ашуға мүмкiндiгi бар. Осы мәселе негiзiнде Ф.Гальтон, А.Кершенштейнер, Г.Мюнстерберг, П.П.Блонский, Ю.П.Сокольников айналысқан.
Өзiн-өзi тану пәнiн оқыту барысында оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу
Автор(ы): Булатбаева А. Ә.*Ибрагимова Л. Т.*
Объем документа: С. 144-148
МРНТИ: 15.31*
Ключевые слова: нравственное качество личности*воспитательная работа*
Реферат: Мақалада адамгершiлiк тәрбиесi ұлттық құндылықтар мен жалпы адами және мәдени қасиеттердi игерген, ұйымдасқан педагогикалық үдерiс ретiнде көрсетiлген. Авторлардың пiкiрiнше, қазiргi заман талабы мектептердiң мазмұндық жақтан өзгеруiн, заманға сәйкес адамгершiлiк тәрбиесiн берудiң формалары мен әдiстерi әлеуметтiк-педагогикалық жағынан шынайы болуын талап етедi. Осыған байланысты авторлар мектептегi <Өзiн-өзi тану> пәнiнiң әлеуетiн қарастырып, оның оқушыларға беhрер адамгершiлiк тәрбиесiне талдау жасады. <Өзiн-өзi тану> пәнi тұлғаның өзiндiк дамуы мен өзiн-өзi жетiлдiруi үшiн және бiлiктiлiгi мен дағдысын қалыптастыратын өте қажеттi пән болып саналады.
Оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Автор(ы): Дүйсембiнова Р. Қ.*Сергазинов А.*
Объем документа: С. 149-152
МРНТИ: 15.21.45*
Ключевые слова: здоровый образ жизни*педагогические условия*
Реферат: В статье рассматриваются теоретико-методологические основы воспитания оптимистического отношения к жизни личности в философской мысли. Анализ научных трудов позволяет выявить основные тенденции в понимании сущности понятия <оптимистическое отношение к жизни> в разные эпохи и исторические периоды, знакомит с научными подходами и поисками в этой области.