Реферат: Автор мақалада ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманы, кезiнде жүзеге аспаған Алаш арыстарының түлегi - Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiн сөз еткен. Кемел көшбасшы Н. Ә. Назарбаевтың шекараны бекiтiп, iш пен сырттың ретке келуi, халықаралық қарым-қатынас, достастық пен байланыс, сауда мен экономика және тағы басқа мәселелерiн жазған.
Бiлiм беру үдерiсiндегi патриоттық тәрбие берудiң кейбiр мәселелерi
Реферат: Бұл мақалада оқыту процесiндегi патриотизмдi тәрбиелеу мәселелерi қарастырылады. Ата-бабалардан қалған ұлттық дәстүрлi педагогика мен рухани мұраның пайдаланылуына ерекше көңiл бөлiндi.
Сартай батыр туралы тарихи деректер не дейдi
Автор(ы): Енсепов Б. Б.*
Объем документа: C. 74-86
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: новая эра*Казахское ханство*битва*политическое преследование*статистические данные*
Реферат: Мақалада автор Сартай батырдың туған, қайтыс болған жылы, жерленген жерi туралы жаңа қорытындыға келiп, өзiндiк пiкiр ұсынды. Автордың анықтауы бойынша Сартай батыр 1711 жылы туылып 1817 жылдары қыс айында Қызылқұмда жерленгенi туралы мәлiметтер бередi. Сонымен бiрге, Сартай батырдың қоғамдық-саяси қызметiн көптеген деректер негiзiнде нақтылап, тарихнамалық талдаулар жасалынған. Сондықтан да Сартай Байжанұлының қазақ тарихындағы алатын орнын саралап, ашып көрсету үшiн әлi де зерттей түсу қажет деп есептейдi.
Қазiргi Қазақстан тарихын зерттеу әдiснамасының мәселелерi
Реферат: Қазақта Ертеңiн ойламаған елдiң болашағы бұлыңғыр деген сөз бар. Қай заманда болмасын, тарихшылардың мойнына артылар жүк ауыр болған. Өйткенi, тарих елдiң ұлттық санасын қалыптастырады, мемлекеттiк идеологияны насихаттайды, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелейдi.
Тәуелсiздiк пен тарих - тамырлас
Автор(ы): Абжанов Х. М.*
Объем документа: C. 34-38
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: структура исторического образования*материал*методологическая база*организационно-кадровый потенциал*
Реферат: Тәуелсiздiк пен тарих - тамырлас. Тәуелсiздiксiз тарих оңалмайды, тарихсыз тәуелсiздiктiң қадiр-қасиетi ашылмайды. Ендеше бiздер, тарихшылар, ұлы мiндетке сай еңбек етейiк.
Тәуелсiздiк кезеңiндегi Қазақстан археологиясы: қорытындылары және болашағы
Реферат: Ә. Х. Марғұлан атындағы археология Институты Тәуелсiз Қазақстанның құрдасы бола отырып, Республикадағы археология ғылымын басты үйлестiрушi ретiнде жиырма жылдан астам уакытта шығармашылық және жасампаз жолды лайықты жүрiп өттi.
Реферат: Мақаланың негiзгi арқауы 5-6 маусымда өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтiлген отырысы және Мемлекет тарихы институтында елiмiздiң тарихшы ғалымдары өкiлдерiнiң жиналысында айтылған, талқыланған мәселелер мен Отан тарихын әрi қарай зерттеу мен оқытудың өзектi проблемаларына арналған.
Отандық тарих ғылымын дамытуға қатысты ой-пiкiрлер
Реферат: Мақалада қоғам өмiрiнде тарих ғылымының атқаратын әлеуметтiк функциясы сөз болады. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасына орай маусым айында республикалық деңгейде өткiзiлген тiл тарихты зерделеу жөнiндегi ведомство аралық жұмыс тобының кеңейтiлген отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы М. М. Тәжиннiң баяндамасынан туындайтын мiндеттердi iске асыру жолындағы кейбiр ұсыныстар көрсетiлген.
Тарих толқынындағы халық - ұлы мақсат жолындағы ұйытқы
Реферат: Мақалада тарих - ұлттық сананы жетiлдiру құралы ретiнде тарихшы - ғалымдар қауымының атқарған мiндеттерi және ұлттық тарихи санасын кемелдендiру мақсатында туындаған мемлекеттiк стратегиялық шешiмдер мәселелерi туралы ой-тұжырымдар берiлген.
Қазақ тарихы және теория-методология мәселесi
Автор(ы): Еңсенов Қ. А.*
Объем документа: C. 67-72
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: история*методология*теория*межведомственная работа*теория истории науки*исследование*
Реферат: Автордың мақаласында қазақ елiнiң тарихы және оның зерттелуi, сонымен қатар, әлiде қажет ететiн тақырыптар мәселесi қарастырылып, Отандық тарихты зерттеу мен ұлттық негiздегi теория-методологияны жетiлдiру, оқулықтар, монографиялық зерттеулер жазылуы керектiгi баяндалған.