Тiл мәдениетi жаңа стандарттарды ендiру жағдайындағы ЖОО-да оқу жүйесiнде құрамдас бөлiктердiң бiрi ретiнде
Автор(ы): Абиев Б.*
Объем документа: С. 61-65
МРНТИ: 14.35.09*
Ключевые слова: культура языка*перспектива*коммуникация*правило языка*контекст*публицистический стиль*термин*научная фразеология*форма речи*
Реферат: Қазiргi таңда тiл мәдениетi тұтастай жеке сипатқа, коммуникативтi қызметке бағытталған оқу-тәрбие үдерiсiн гуманизациялау және гуманитаризациялау шарттарының бiрiне айналды, бұл дегенiмiз тiл мәдениетiн дамыту мәселесiн өзектi етедi. Бұл әсiресе студенттердiң ЖОО оқу кезiнде маңызды, яғни бiлiм алу және қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi тұлғаның өзiмен, бiлiм алу, күнделiктi және болашақ кәсiби қызметте пайдаланатын оның мәдениетiмен, сөйлеу шеберлiгi мен дағдыларымен нық байланысты. Студенттердiң ЖОО оқу кезiнде тiл мәдениетiн дамыту үдерiсiнiң педагогикалық ерекшелiгi мен күрделiлiгi жоғары оқу орнының бiлiм беру үдерiсi жағдайларында тұлғаның сөйлеу бейiмдiлiгiне бағытталған аталмыш мәселенi шешу үшiн коммуникативтiк тәсiлдi жүзеге асыру қажеттiлiгiнен тұрады.
Public relations-дың қалыптасу тарихы және оның негiзгi технологиялары мен функциялары
Автор(ы): Сәдiбеков А.*
Объем документа: С. 71-76
МРНТИ: 17.09.91*
Ключевые слова: public relations*пиар*PR*RACE*research*коммуникация*эволюция*продвижение по службе*связи с общественностью*промывание мозгов*маркетинг*
Реферат: Мақалада паблик рилейшнздың қалыптасуы мен даму тарихы туралы айтылады. Америкадан бастау алған PR-дың қазiргi таңдағы қоғамдағы орны мен рөлi. Жұртшылықпен байланыстың негiзгi элементтерi, технологиялары мен мүмкiндiктерi, мемлекеттiк билiк пен PR-дың өзара байланысы, қоғамда пiкiр қалыптастырудың ерте дәуiрдегi iздерi зерделенедi. Public relations және Томас Джефферсон мен Айви Лидiң ғылыми тұжырымдары.
Реферат: Бұл мақалада бұрын қарастырылмаған, публицистиканың ең күрделi теориялық категорияларының бiрi болған мәселе - оның әдiсiн сәулелендiруге әрекет жасалған. Бiрнеше деректердi және публицистиканың өзiне тән қасиеттерiн талдап үйрену нәтижесiнде автор публицистиканың жалпы әдiсi маңызды экспрессивтiк ақпараттық қоғамдық рефлексия болып табылады деген қорытындыға келедi. Публицистиканың теориялық категориялары бiлiм және қоғамдық жұмыс тарауы сипатында ТМД елдерiнде XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап зерттелiп келедi. Публицистикалық шығармадағы логика жайлы мәселе әрқилы дәрежелерде және әрқилы сипаттарда қаралуы мүмкiн. Ең негiзгi және ең күрделi дәреже бұл логиканың шығармаға толық енiп кетуi, яғни публицистикалық идеяны журналист тарапынан фактiлер және идеяларды таңдап алуда, олардың мағынасын аңғару және авторлық талдауда құру болып табылады. Бүгiнгi таңда публицистикалық шығармалар жанрлары, олардың тiлi, стилi, басқа да аспектiлерi белгiлi бiр дәрежеде айқын жасалған, бiрақ публицистиканың жалпы әдiсi әлiге дейiн жоқ. Бұл мақала осы мәселеге арналады.
Түркия баспасөзiндегi Мизанпаж немесе түрiкше бет әрлеу тәжiрибесi
Реферат: Елiмiздi газет бетiн көркемдеу iсi зор жетiстiктерге ие деп толық айта алмаймыз. Бiздiң мерзiмдi баспасөздерiмiздiң дизайны көп iзденудi қажет етедi. Беттердiң әрлi болуы оның сұранысына оң әсер беретiнi белгiлi болып отыр. Осы тақырып төңiрегiнде Түркия баспасөзiнiң бет әрлеу iсiндегi тәжiрибесiмен танысуды жөн көрдiк. Қазiргi таңда түрiк баспагерлерi мен безендiру iсiнiң мамандары баспа өнiмдерiн беттеп, көркемдеу iсiн мизанпаж дейдi. Мақалада Түркия газет журналдарындағы бет көркемдеудiң әдiс-тәсiлдерi, ережелерi мен стандарттары сөз болады.
Модульдiк оқыту және оның құндылықтары
Автор(ы): Сманов I. С.*Сманова Ғ. I.*
Объем документа: С. 89-93
МРНТИ: 19.51.51*
Ключевые слова: модульное обучение*интеллектуальный потенциал*стандарт*типичная программа обучения*дидактика*тест-тренинг*мультимедиа*анимация*электронные устройства*
Реферат: Елбасы алға қойып отырған парасатты экономикаға қызмет ететiн ертеңгi болашағымыз ХХI ғасырдағы қоғам дамуына сай талаптарға тiкелей байланысты, ол бiлiм беру стандартына қатысты бiлiм беру, оларды меңгерудi талап етедi. Бүгiнгi таңда бiлiм беру нәтижесiне, сапасына қойылатын талаптар: терең бiлiм беру, iскерлiк, дағдыларды қалыптастыру, дамытуды жүзеге асыру, ол үшiн ғылыми негiзделген, нәтижеге жеткiзетiн, байқаулардан сапалы өткен, жетiлдiрiлген педагогикалық технологиялар болып табылады, солардың бiрi модульдiк оқыту. Бұл мақалада осы модульдiк оқытудың мән-жайы мен оның құндылықтары жан-жақты қарастырылған.
Реферат: Әрбiр жас талапкердiң мақсаты - жоғары бiлiм алу, дипломға қол жеткiзу. Бұл әрине, жастар үшiн әлеуметтiк мәртебе болып табылады. Мамандық таңдау мектептен басталады. Әрбiр шәкiрт өзiнiң бейiмдiлiгiне қарай жүрек қалауымен болашақ мамандығын алуы үшiн түбегейлi дайындық жасауы тиiс. Талапкердiң мамандық таңдауы оның оқуға деген ынтасын да арттырады, өз мақсатына жетуi үшiн кездескен қиындықтарды саналы түрде жеңуге, ыждағатты еңбек етуге күш салады. Тiптi кейбiр қарама-қайшылықтар оған қуат бередi, қозғаушы күш сапалы бiлiм алуға, ынтамен оқуға, тиянақты еңбек етуге жетелейдi. Егемендi елiмiздiң болашағы жастардың қолында десек, бұл ретте олардың сапалы бiлiм, саналы тәрбие алуына жағдай жасау ел Президентi Н.Назарбаевтың тiкелей қамқорлығында. Ол өзiнiң жыл сайынғы дәстүрлi Жолдауларында бiлiм беру жүйесiнiң табысты жұмыс атқаруы үшiн нақты тапсырмалар берiп, бағыт-бағдарды айқындай түсуде. Мақалада бүгiнгi жас жеткiншектiң болашақ мамандығын дұрыс таңдауы, терең меңгеруi барысында басшылыққа алынуы тиiс кейбiр қағидаттар жайы нақ осы Президентiмiздiң бiлiм берудiң барлық деңгейлерiн түбегейлi жаңғыртуға қатысты тұжырымдары тұрғысынан қарастырылған.
Реферат: Особенностью фольклора является его ярко выраженная региональная принадлежность и историческая конкретность. Фольклор не остается неизменным, а развивается вместе с народом, вбирая в себя все ценное, что существовало ранее, и отображая новые социальные изменения. Поэтому фольклор всегда самобытен и современен. Именно по этой причине он выполняет воспитательную функцию, что определяет его место и значение в образовательном процессе. В статье рассматриваются воспитательная функция фольклора, так как педагогика сегодня призвана исследовать воспитание как взаимосвязь общечеловеческих, национальных и индивидуально-личностных ценностей. ЕҒ неотъемлемой составной частью является народная педагогика, которая изучает и внедряет национальные традиции воспитания, нравственные идеалы и ценности народа.
Реферат: Елiмiздi өркендетудiң шарттарының бiрi бiлiм беру мен тәрбиелеуде екендiгiн ғылыми тұрғыдан терең сезiнген, тәжiрибеден түйiндеген Президент Н.Назарбаев ХХI ғасыр бiлiм мен ғылым ғасыры болады деп, бәсекеге барынша қабiлеттi шәкiрт - ұлт келешегiне жастардың жан-жақты оқуына, функционалдық сауатты болуына, озық ойлы, ұлтжанды, бәсекеге барынша қабiлеттi болуына барлық мүмкiндiктердi жасауда. Ғылым мен техника барынша қарыштаған бүгiнгi таңда жаңа технологияларды терең меңгермейiнше бiр қадам алға баса алмайтынымызды өмiрдiң өзi көрсетiп отыр. Осы орайда он бiр жылын мектепте өткiзетiн оқушылардың жан-жақты бiлiмдi әрi технологияның соңғы жаңалықтарынан хабардар болуы - өмiр талабы екендiгiне ерекше мән бергенiмiз абзал. Мақала тақырыбы болып отырған педагогикалық технологияның мақсат-мүддесi де баланың мектеп қабырғасынан компьютерлiк бiлiмдi игеруiне қолайлы жағдай жасауға қатысты мәселелердi қарастырмақ.
Модель формирования лидерских качеств у студентов языковых специальностей
Автор(ы): Абишева Э. Д.*Басанова С. М.*
Объем документа: С. 111-118
МРНТИ: 14.01.45*
Ключевые слова: лидер*лидерство*лидерские качества*компоненты формирования лидерских качеств*
Реферат: В условиях социально-экономического развития Казахстана на современном этапе появляется необходимость совершенствовать содержание профессионального образования, так как к будущему педагогу предъявляются новые требования, как субъекту педагогического процесса. В связи с этим, базовая подготовка студентов языковых специальностей предполагает помимо знаний, умений и навыков иностранного языка, наличие у него лидерских качеств, которые будут содействовать его самоопределению, самообразованию, выстраиванию индивидуальной траектории развития в быстро меняющихся условиях социума. Таким образом, нам необходимо рассмотреть специфику и содержание профессионально значимых качеств будущих педагогов языковых специальностей.
Реферат: Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламалық тарихи мәнi, маңызы күннен-күнге артып отырған еңбегiнде ел дамуының стратегиялық келешегiне бағдар жасалынған. Бұл зерттеулер мен талдаулар арқылы жасалынып, тәжiрибелерi мен болжамдары бiрiн-бiрi толықтырған бағдарламада тiкелей өмiрдiң даму жолдары, қоғамдағы еңбектңғ орны, маңызы және оның әлемдiк әлеуметтiк даму барысындағы мүмкiндiктерi жан-жақты ашып көрсетiлген. Мақалада осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, жастарымызды және әрбiр саналы адамды еңбекке баулудың маңызды мәселе екендiгi айқындалған.