Ключевые слова: демография*фактор*мигрант*генетика*рост численности населения*этника*
Реферат: Бұл мақалада Қазақстан Республикасының демаграфиялық жағдайы сипатталады. Халықтың әлеуметтiк-демографиялық дамуы зерттелiп, халық санының өсуiне ықпал етушi факторлар қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-демографиялық құрылым, оның ерекшелiктерi мен даму динамикасына талдау жасалған. Демографиялық факторлардың қоғамның саяси, әлеуметтiк-экономикалық саласына ықпалы, жұмыс күшiнiң тапшылығы, халықтың қартаю тенденциясы сияқты, т.б. мәселелер көрсетiлген, демографиялық болжамдар жасалған.
Археологиялық ескерткiштердi этностармен және олардың мәдениеттерiмен идентификациялаудағы кейбiр әдiстемелiк мәселелер
Реферат: Ғылыми мақалада археологиялық ескерткiштердiң этникалық және мәдени шендестiрудiң әдiстерi туралы жазылған. Археологиялық материалдар негiзiнде оларды қалдырған этностарды анықтаудың екi түрлi әдiстерi бар. Бұл әдiстердiң бiрiншiсi, белгiлi бiр археологиялық мәдениеттi немесе ескерткiштердiң белгiлi бiр категориясын атауы және таралған аумағы жазба деректерден белгiлi этникалық бiрлестiктермен шендестiру. Екiншi, тарихи және этнографиялық материалдармен сенiмдi түрде байланыстыратын археологиялық ескерткiштердi, қандай да бiр этноспен, олардың алдында болған археологиялық мәдениетпен шендестiрудi мақсат тұтқан ретроспективтi әдiс.
Преподавание тюркологии в средней школе как фактор развития культуры межнационального общения
Реферат: В этой статье рассматривается опыт изучения истории и культуры тюркских народов в средней школе на примере проекта Тюркский мир, и лагеря Аттила при верхневилюйской республиканской гимназии в Республика Саха (Якутия). Целью которого было развитие гражданственности, патриотизма и культурного воспитания старшеклассников. Педагогический проект Тюркский мир, созданный в 1994 году в Якутии ежегодно проводить научно-практические конференции Тюркский мир. С 2005 года конференции стали международными и проводились в Монголии, Казахстане, Кыргызстане, Республике Алтай. Проект Тюркский мир вносит свой немалый вклад в развитие тюркологии.
Жұмабек Тәшеновтiң өмiрi мен қоғамдық қызметi
Автор(ы): Амрина М. С.*Налибаева Т. Б.*
Объем документа: С. 135-143
МРНТИ: 10.01.53*
Ключевые слова: Казахстан-2050*Советский Союз*Верховный Совет Казахской ССР*Казахская ССР Совет Министров*тоталитаризм*Республика*целина*
Реферат: Бұл мақалада авторлар Қазақстанның экономикасы мен мәдениетiн өркендету жолына өзiнiң бiлiмiн, мол тәжiрибесiн және ұйымдастырушылық қабiлетiн жұмсай бiлген мемлекет қайраткерi Жұмабек Тәшеновтiң өмiр жолы мен қоғамдық қызметiне ғылыми талдау жасаған. Жұмабек Ташенов елдiң әлеуметтiк саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетiн дамыту мен қайта жаңғырту iсiне айтулы еңбек сiңiрдi. Қазақстанның осы күнгi территориялық тұтастығы сақтап қалуға сiңiрген еңбегiн назарға ала отырып, ел мүддесi үшiн жасаған игi iстерiне тоқталады.
Бұқар жырау шығармаларындағы Абылай ханның тарихи бейнесi
Реферат: Мацалада XVIII ғасырда еуразиялық кеңiстiктен шығып, бүкiл қазақ халқын бiртұтас саясатының арқасында жыраулар жырының басты кейiпкерiне айналған Абылай хан бейнесi, сондай-ақ жеке басының қамын ойлап, солқылдақ саясат ұстанған бiрнеше хандардың осал бейнесi, әдiл билерiмiзге өсиет ретiнде көрегендiкпен айтқан үлгiлi ойлары, тарихи дерек ретiнде Бұқар жыраудың мұрасы туралы мәлiметтер берiлiп және сарапталған. Бұл жырлар арқылы бiз жырауларымыздың атқарған маңызды сыншыл, жаршылық, кеңесшiлiк, мәмiлегерлiк саясатын жүргiзген қызметтiк функцияларын, қазақ даласының дала демократиясын бiле аламыз.
Ел бiрлiгiн нығайту көпұлтты Қазақстанның басты ұстанымы
Реферат: Мақалада тәуелсiз қазақ елiмiздiң бiрлiгiн нығайту жолдары туралы сөз болмақ. Қазақстан республикасында көптеген ұлт өкiлдерi тұрады. Көпұлтты мемлекетiмiздiң өзара тыныштығы жарқын болашағымыздың кепiлi. Қазақстанда мекендейтiн ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен көрiну жолында бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтiк тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiктi, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтап қалу үшiн барлық күш- жiгерiн жұмсау. Тәуелсiз елiмiздiң тұңғыш президентi Н.Ә.Назарбаеетың жолдауларынан үзiндiлер.
Қазақ костюмдерiнiң дәстүрлi және қазiргi үлгiлерi
Реферат: Мақалада қазақ халқының ұлттық киiмдерiнiң әлемдiк көркем мәдениеттен алатын орнын анықтау, ежелгi, дәстүрлi және қазiргi костюмдердiң айырмасын, жалғастығын көрсету мақсаты көзделедi. Қазақтың ұлттық костюмдерi туралы шетел этнограф-суретшiлерi салған бейнелерi, ежелгi киiм үлгiлерiнiң көне нұсқалары, археологиялық қазба жұмыстарының негiзiнде табылған алтын адам киiмi, қазақ арулары мен батырларының дәстүрлi киiм үлгiлерi, Ш. Уәлиханов салған Боранбай, Тезек төренiң ұлттық киiмдерi, Абайды оқығанда атты көркем графикадағы ерлер мен әйелдердiң, байлар мен сұлтандардың, сал-серiлердiң мерекелiк киiм үлгiлерi, қазақ эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман-Шолпан, Қыз Жiбек сынды сұлулардың киiмдерi алғашқы нұсқа ретiнде ұсынылады. Егемендi Қазақстан дизайнерлерi Б.Асанова, Қ.Нұрқадiлова, Б.Исмайлов, А.Кауменова А.Бапани, Ж.Сахиева, Л.Жагамбаевалардың ұлттық салт-дәстүр мен көркемдiк дәстүрге негiзделген киiмдердi дизайнерлiк жобалау бағыттары анықталады.
Этнодизайн мен сәндiк-қолданбалы өнердiң интеграциясы
Автор(ы): Ауелбеков Е.*Кожамкулова Б.*
Объем документа: С. 168-173
МРНТИ: 03.61*
Ключевые слова: искусство и ремесла*этнодизайн*украшения*интеграция*художественное мировоззрение*
Реферат: Қазiргi бiлiм сапасын арттыру барысында итеграцияланған бiлiм берудiң қажеттiлiгi мен маңыздылығы арта түсуде. Қазақтың сәндiк-қолданбалы өнерi сияқты қазiргi этнодизайнның да ою-өрнектерсiз мазмұны ашылмайды әрi мәнi мен сипаты, тұрпаты мен сымбаты айқындалмайды. Этнодизайн шығармашылық үдерiс ретiнде инеграцияланған терең бiлiмге негiзделедi. Осыған сәйкес, болашақ бейнелеу өнерi мамандарының этнодизайнерлiк бiлiмдерi де өнертанудың интеграцияланған мазмұнын құрауы тиiс. Қолөнер шеберлерiнiң iс-әрекеттерi мен этнодизайнерлердiң қызметi мазмұн жағынан да, практикалық iс-әрекет жағынан да ұқсас. Этнодизайндағы көркемдiк ерекшелiктердiң бiрi - халықтың салт-санамен интеграциялық байланыста болуы.
К вопросу о применении современных компьютерных технологий при проектировании детской одежды
Реферат: В статье рассматриваются применение современных компьютерных технологий при проектировании детской одежды. Применение современных компьютерных технологий при проектировании детской одежды позволяет значительно оптимизировать конструкторско-технологический процесс, снизить количество затраченного времени и повысить производительность труда. Существующий большой выбор систем автоматизированного проектирования одежды является эффективным средством ускорения подготовки производства, легко приспосабливаемого к конкретным требованиям швейной отрасли, а также выпуска высококачественной детской продукции.
Сәндiк-қолданбалы өнердiң ерекше түрi-кесте тiгу
Автор(ы): Ауелбеков Е.*Халметова Г.*
Объем документа: С. 179-182
МРНТИ: 18.31.51*
Ключевые слова: искусство и ремесла*украшения*искусство вышивки*
Реферат: Келешек ұрпақтың ұлттық сәндiк-қолданбалы өнерге баулудың тәрбиелiк маңызы мен өнерге деген қызығушылықты оятудағы рөлi арта түсуде. Сәндiк-қолданбалы өнерге үйрету де ауқымды шығармашылық үдерiс ретiнде өнертанушылық бiлiмге, кәсiби тәжiрибелiк дайындыққа негiзделедi. Осыған сәйкес, қолөнердi дәрiптеу және сол өнердi үйрету қолөнер шеберлерiнiң, әдiскерлерiнiң, оқытушылардың әдiстемелiк, шығармашылық iзденiстерiн қажет етедi. Сәндiк қолөнердiң iшiнде кесте тiгу өнерi өзiндiк сипатқа бай, ерекшелiгi басым өнер түрi болып саналады. Сондықтан осы өнердi жас ұрпаққа үйретудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолдану қажет.