Реферат: Мақалада авторлық қолданыстан бiрте-бiрте жеке номинативтiк мағынаға ие болатын сөз тiркестерiнiң лексикалануы арқылы жасалған атаулық тiркестердiң тiлдiк табиғаты сөз етiледi. Көркем шығарма тiлi әдеби тiл фактiсi болғандықтан, әдеби тiлде болып жатқан барлық өзгерiстердi өз бойына сiңiредi. Осы ретте аеторлық қолданыста ұшырасатын атаулық тiркестердiң мағынасы нақты тiлдiк деректер арқылы анықталады. Лексикаланған атаудың тұлғалық жағында өзгерiс аз немесе мүлде болмаганымен, магыналық сипатында өзгерiстер болатыны айтылады.
Формирование речевых умений на базе адаптированного текста
Реферат: Статья посвящена проблеме формирования речевых умений у студентов-иностранцев на базе адаптированного текста. Новая лексика на каждом практическом занятии по русскому языку вводится в составе различных словарных объединений, сгруппированных по конкретным речевым темам, ситуациям. В статье приводятся адаптированные тексты для анализа. При анализе используется репродуктивно-креативный метод. Тексты способствуют активизации речемыслительной деятельности иностранных студентов.
The importance of audio visual technology in elt: use of Youtube
Реферат: Audio visual technologies are important in education system. Audio visual technologies are those devices which are used in classrooms to encourage teaching learning process and make it easier and interesting. Audio visual technologies are the best tool for making teaching effective and the best dissemination of knowledge. So there is no doubt that technical devices have greater impact and dynamic informative system. The use of audio visual materials as teaching aids has increased in recent years; thanks to technological advancement. Today\'s technology offers many choices to teachers, lectures and curriculum developers who wish to capitalize on the new generation\'s appetite for multimedia presentations. According to studies and research, some teachers claim that whenever they teach with some learning aids, their students get more stimulated because the learning aids help students to become more attentive. In addition, student\'s positive attitude generates more interest for the lessons they teach, and as a result students participate better in class. There are a lot of audio visual technologies and the most effective one is YouTube which helps students to learn English more enjoyable.
Ағылшын тiлi сабағында интерактивтi тақтаны қолданудың кейбiр әдiстерi
Автор(ы): Набиева З. Н.*
Объем документа: С. 85-88
МРНТИ: 14.35.09*
Ключевые слова: новая технология*инновация*интернет-система*интерактивная доска*
Реферат: Бұл мақалада жаңа технологияның терминдiк атауы және оның жалпы мағынасы айтылады. Соның iшiнде интерактивтi тақта, оның қолданылу әдiстерi жайлы жазылған. Интерактивтi тақта - бұл компьютердiң қосымша құрылғыларының бiрi және де дәрiс берушiге немесе баяндамашыға екi түрлi құралдардың бiрiктiретiн: ақпараттық кескiнi мен қарапайым маркер тақтасы бiрiктiретiн құрал. Сонымен қатар интерактивтi тақтаны пайдаланудың тиiмдi жақтары көрсетiлген. Жаңа технологияларды қолданып сабақ өту барысындағы ең тиiмдi бағдарламалардың бiрi Active Studio және Microsoft Power Point.
Тристан мен Изольда және Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жырларының нұсқаларындағы ерекшелiктер
Реферат: Тристан мен Изольда XII ғасырдағы батырлар жырына жататын, сүйiспеншiлiк, ғашықтық аса көп дәрiптелетiн орта ғасырлық француз жырларының бiрi. XIII-XTV ғасырлардағы лиро-эпос жырларының iшiнде тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан ерекше орын алатыны және халық арасына көп тарағаны - Қозы Көрпеш-Баян сұлу жайындағы жыр. Бұл жыр бiр-бiрiне ғашық болған екi жастың өмiрi жайлы баяндайтын дастан емес. Ол сонымен қатар, қоғамдық мәнi бар әңгiмелердi қамтыған, халықтың өткен өмiрiндегi тұрмыс-салтын бейнелеген жыр. Екi жырдың қай нұсқасын саралап қарасақ та негiзгi мотивi махаббатты ардақтау, екi жастың аз уақыт iшiнде қызық көрiп, кейiн трагедияга ұшырауы болып табылады. Қозы көрпеш-Баян Сұлу мен Тристан мен Изольда жырларының нұсқаларында ортақ белгiлер қатарында кейбiр сарындарды, кейiпкерлердi, олардың атрибуттарын, сондай-ақ жанрлық ерекшелiктерiн айтуға болады.
Заманауи әлемдегi жаңа технологиялар
Автор(ы): Рысбекова А. Қ.*Тоққұлова Г.*Пачанова Д. Н.*
Реферат: Бұл мақалада қазiргi кездегi жоғары бiлiм берудегi қоғам талаптарын қанағаттандырудың бiрнеше жүйелерi қарастырылган. Ол ғылымды, бiлiмдi және өндiрiстi интеграциялау түрi ретiнде ғылыми, оқу-өндiрiстiк кешендер құру. Оқытуды және студент еңбегiн дараландыру. Бiлiм берудi iзгiлендiрiп, оқытушылардың кәсiби даярлығына жоғары талап қою. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалiмдердi даярлау мен олардың кәсiби деңгейiн арттыру. Сонымен бiрге бiлiмгерлердiң кәсiби деңгейiн жоғарылату барысындағы жаңа технологияларды оқу-үдерiсiнде қолдану мүмкiндiктерi талданған.
Дене мәдениетi арқылы берiлетiн жүктеме мен демалыстың жаттығу үдерiсiнiң өзара байланыстағы компоненттерi ретiнде қарастырылуы
Реферат: Дене мәдениетiнiң құралдары мен әдiстерiне сипаттама беру үшiн белгiлi ұғымдардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi денеге берiлетiн жүктеме болып табылады. Бұл ұғым жаттығу, жұмыс және т.б. сияқты ұғымдармен бiршама сәйкес келгенiмен, бара-бар емес. Ол шегiндегi, үлкен, орташа, аз және басқа дәрежедегi жүктеме дәрежесiн, яғни орындалатын жаттығу үшiн қандай да бiр қарсы күшке шамасы келетiн ағзаның қол жетiмдi сұраныстарының басым мөлшерiн сипаттайды. Бұл мақалада әр түрлi жаттығуларды орындаумен байланысты жүктеме туралы қорытылған мағлұматтардың құрастырып, олардың формалары мен мазмұндарының жекелеген ерекшелiктерiне, сол сияқты ағзадан олардың талап ететiн сұраныстарының тұтастай дәрежесiн бағалауға мүмкiн болатынына назар аударылған.
Болашақ бейнелеу өнерi мұғалiмдерiне этнодизайн композициясын үйретудiң маңыздылығы
Реферат: Болашақ бейнелеу өнерi мұғалiмдерiн даярлауда қазiргi педагогикалық бiлiктiлiктi арттыру, кәсiби құзiреттiлiктердi қалыптастыру мiндеттерiн шешу қажет. Сондай ауқымды мiндеттердiң бiрi - оларды этнодизайндық бiлiммен қаруландыру болып табылады, себебi қоғамдық сұраныс пен қажеттiлiк осыны анықтай түсуде. Бейнелеу өнерiндегi этнодизайн көлемдi шығармашылық iс-әрекетке, ұлттық өнертанушылық бiлiмге, жаңа композициялық идеялар мен шешiмдер табу iскерлiктерiне негiзделедi. Осыған сәйкес, болашақ бейнелеу өнерi мұғалiмдерiнiң этнодизайнерлiк дайындығын күшейтуде жаңа формалар, бұйымдардың жаңа композициялық жобаларын жасауды әдiстемелiк тұрғыдан жандандырудың маңызы зор.
Ағылшын тiлiн үйретуде оқытудың жаңа технологияларының маңызы
Реферат: Мақалада бiлiм беру үрдiсiнде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесi өзектi мәселелердiң қатарынан орын алуы жайында қарастырылады. Шетел тiлiн оқытудың мақсаты субъектiнiң мәдениетаралық қарым-қатынас бiлiктiлiгiн қалыптастыру десек, онда сол шетел тiлiн оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тiлiн оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттiлiк болмақ.
Реферат: Бастауыш сыныптарда оқушының жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы айрықша жүредi. Себебi, бүгiнгi күнi жас өскелең ұрпақтың бiлiм беру процесiнiң объектiсi емес, сол процеске қатысушы маңызды субъект деп санап, сол субъектiнiң теориялық ойлауы мен шығармашылық қабiлетiн дамыту. Оқыту барысында қалыптастырылған дағдылары мен бiлiктерiн, алған бiлiмiн практикада қолдана алатын дәрежеге жеткiзетiн бiлiм берудiң жаңа әдiстерiн қолдану заман талабы. Сондықтан баланы интеллектуалдық, икемдiлiк, қатысымдық жағынан өзiн қоршаған ортамен белсендi қарым-қатынасқа жетуге дайындауда құзiреттiлiктi қалыптастырудың тәрбиелiк негiздерi айқындалады. Оқушының ой-өрiсiн дамытып, алған бiлiмдерiн өз тәжiрибесiнде жаңа жағдайларда қолдану бiлiктiлiгiн, iзденiмпаз, шығармашыл тұлга қалыптастырудың жолдары қарастырылады.