Реферат: Дүние жүзiнде егiншiлiк шаруашылық дақылдарының алатын орны ерекше. Маңызды ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгi қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына байланысты азаюда. Сол себептi бидайдың қоршаған ортаға тұрақтылығын, төзiмдiлiгiн арттыру үшiн, мол өнiм алу үшiн экспериментальды мутагенез арқылы жаңа мутанты формаларды шығару және оны толығымен зерттеу қазiргi кездегi негiзгi өзектi мәселе болып отыр. Бұл зерттеу жұмысында объектiлерi ретiнде Алмакен жаздық бидай сорттарының генетикалық негiзiнде гамма сәулесiнiң 100 және 200 мөлшерiмен өңдеу арқылы шығарылған жаңа мутантты M4 ұрпақтың өнiмдi линиялары алынды. Олардың өнiмдiлiк бойынша құрылымдық көрсеткiштерi және қор белоктарының мөлшерi анықталды. Мутантты линиялардың өнiмдiлiк бойынша құрылымдық көрсеткiштерi мен қор белоктарының мөлшерi арасындағы корреляция коэффициентi есептелiндi.
Антиоксидантные вещества коллекционных штаммов цианобактерий Spirulina platensis
Автор(ы): Кирбаева Д. К.*Заядан Б. К.*Садвакасова А. К.*Бейсенова А. Ж.*
Реферат: В статье представлены результаты по изучению продуктивности и пигментного состава биомассы коллекционных штаммов цианобактерии Spirulina platensis CAL U 532 и Spirulina platensis ZB K. Установлено, что штамм S. Рlatensis CAL U 532 превышает штамм S. platensis ZB K по удельной скорости роста клеток и по выходу сухой биомассы. Количество сухой биомассы цианобактерии S. platensis CAL U 532 на 6-е сутки составила - 4,1 г/л, а для S. platensis ZB K этот показатель равен 2,3 г/л. Изучение содержания пигментов в сухой биомассе исследуемых цианобактерий показало, что в биомассе S. platensis ZB K содержится 0,58 мг/г каротиноидов и 0,33 мг/г ?-каротина, тогда как для культуры S. platensis CAL U 532 эти цифры составляют 0,77 мг/г и 0,45 мг/г, соответственно. Установлено, что содержание фикобилипротеинов также превышает в биомассе коллекционного штамма S. Platensis CAL U 532, по сравнению с S. platensis ZB K. Так, содержание фикоцианина в биомассе культуры S. Platensis CAL U 532 выше на 5,3% и аллофикоцианина на 4,4%.
Особенности поражаемости семян различных злаков с S. oudemansii Saccs
Реферат: Специализация и особенности спороношения на растениях-хозяевах S. oudemansii Sacc изучены впервые. Проведены искусственные заражения c S oudemansii ряда растений, из семейства Роасеае произрастающих в одной экологической нише с носителем патогенна. При этом представляло интерес выяснить, отличается ли специализация макроконидиальной стадии S. oudemansii от микроконидиальной стадии. В результате инокуляции растений хозяев и других растений грибом S. оudemansii на пятнах растений-хозяев, первоначально пораженных макроконидиями S. oudemansii, на листьях и семенах образуется пикниды с микроконидиями, естественно, макро- и микроконидии одного потагена в благоприятных условиях могут поражать и другие виды злаков. У многих видов в весеннем возобновлении инфекции принимают участие и микроконидии. На листьях ино-кулированных суспензей микроконидий видов рода Septoria образуются пикниды с микроконидиями.
Микробалдыр түрлерiнiң сыртқы факторлар әсерiнен өзгеру динамикасы
Реферат: Жұмыста микробалдыр түрлерiнiң сыртқы факторлар әсерiнен өзгеру динамикасы Көкшетау қаласының iргесiндегi Қопа көлi мысалында зерттелiндi. 2008-2010 жылдардағы альгологиялық зерттеулер нәтижесiнде Қопа көлiнен табылған микробалдырлардың 23 түрi индикатор-сапробты екендiгi анықталды. Лас суларда тiршiлiк ететiн Aphanizomenen flos aguae, Oscillatoria chlorine Gom, Oscillatoria putrida Schmidle, Phormidium chlorinum Anagn..et Kom, Chlorella vulgaris var vulgaris Beijer., Chlamydomonas lewinii Etti, Chloromonas quanophila Gerl.et Etti, Scenedesmus quadricatida, Euglena viridis Ehr. сияқты жеке түрлердiң кездесу жиiлiгi жоғары болып, сапробтылық индексiнiң мәнi 3,53-ке тең болуынан суқойманың полисапробты зонаға жататындығы дәлелдендi. Ал 2011-2012 жылдары жүргiзiлген зерттеулер бойынша индикатор-сапробты түрлер саны 25 түрге артып, лас суларда тiршiлiк ететiн микробалдырлар саны азайып, сапробтылық индексiнiң мәнi 2,61-ге тең болуынан Қопа көлiнiң мезосапробты зонаға жататындығы дәлелдендi. Зерттеу барысында көл суына зиянды әсерiн тигiзетiн сыртқы факторларды жою барысында көл суының полисапробты зонадан мезосапробты зонаға дейiн тазарғандығы байқалды.
Табиғи сулардан бөлiнiп алынған жасыл балдыр штаммдары және оларды биотестiлеуге пайдалану
Автор(ы): Өнерхан Г.*Рейхан А.*Бөкен Т. С.*Сокова О. Т.*
Реферат: Қопа көлiнiң альгофлорасын көкжасыл, жасыл, диатомды және эвгленалы балдырлар құрайды. Жұмыста табиғи суларға бейiмделген микробалдырларды лаборатория жағдайында өсiрiп, оларды келешекте су тазалау жүйесiне қолдану мақсатында Қопа көлiнен су сапасын анықтауда маңызды нысан болатын Chlamydomonas reinhardtii var reinhardtii Dang, Chlorella vulgaris var vulgaris Beijerinck, Chlorella sp-3K, Scenedesmus obliquus, Ankistrodesmus falcatus var radiatus сияқты альгологиялық таза жасыл балдыр түрлерi бөлiнiп алынып, сипаттама берiлдi. Олардың iшiнен табиғи суларда тез өсетiн және ластанған суларды тазалау қабiлетi жоғары Chlorella sp-3K штамы сұрыптап алынып, осы штамм көмегiмен көл суына биотестiлеу жүргiзiлдi. Биотестiлеу нәтижесiнде Қопа көлi суында Chlorella sp-3K штамы клеткалар саны.
Бактриан (camelus bacterianus) және дромедар (camelus dromedaries) түйе еттерiнiң тағамдық құндылығы және биологиялық қасиеттер
Автор(ы): Райымбек Г.*Исам Т. Кадим*Серiкбаева А. Д.*Нармуратова M. Х.*Хамет Б.*
Реферат: Жұмыста бактриан (Camelus bacterianus) және дромедар (Camelus dromedaries) түйе еттерiнiң тағамдық құндылығы және биологиялық қасиеттерi зерттелдi. Зерттеулер түйе етiнiң басқа мал еттерiнен кем түспейтiн сапалық қасиетке және қоректiк құндылыққа ие екендiгiн дәлелдедi. Түйе етi дамушы елдерде өте маңызды жануар етi болып саналады, бiрақ оның етi құрамындағы майдың аз мөлшерiне және сәйкесiнше жартылай қанықпаған май қышқылдарына бай болуына байланысты маңызды орынды иеленiп жүр. Түйе етi терi және шырышты қабаттың, жүйке және ас қорыту жүйелерiнiң саулығына пайдалы. Ет құрамына кiретiн микроэлементтер қан құрамындағы қант мөлшерiн реттеп отырады. Түйе етi құрамында антиоксиданттар кездеседi. Түйе етi басқа мал еттерiнен ет құрамындағы бұлшық ет аралық майларының пайыздық мөлшерiнiң мал жасының ұлғаюына байланысты кемитiндiгiмен ерекшеленедi, бұл қасиет тек түйе етiнде ғана байқалған, сондықтан да түйе етi басқа мал етiмен салыстырғанда майы аз, денсаулыққа пайдалы тағам болып есептеледi.
Кадмий иондарының және тұзды жағдайлардың арпа (hordeum vulgare l.) өсiмдiгiнiң фотосинтездiк пигменттер мөлшерiне жеке және бiрлескен әсерi
Автор(ы): Сағынова А. Қ.*Замырбек Ф. З.*Нурмаханова А. С.*Атабаева С. Д.*Кенжебаева С. С.*
Реферат: Бұл мақалада арпаның 7 сорты (Арна, Бастама, Одесская-100, Илек-42, Асем, Инкар, Сәуле) алынды, оларға кадмий иондарының және тұзды жағдайлардың өсу параметрлерi және биомассасына жеке және бiрлескен әсерi зерттелдi. Зерттеу барысында арпа сорттарының iшiнен кадмий иондарының және тұзды жағдайлардың бiрлескен әсерiне төзiмдi және төзiмсiз сорттар сұрыпталды. Биомасса бойынша төзiмдi деп танылған Асем және Сәуле сорттарына, төзiмсiз - Одесская-100 сортына кадмий иондарының және тұзды жағдайлардың фотосинтездiк пигменттер мөлшерiне әсерi зерттелдi. Арпа сорттарының кадмий иондарының және тұзды жағдайлардың жеке және бiрлескен әсерiнде хлорофилл және каротиноид мөлшерлерi өлшендi. Стрессорлардың әсерлерiнен пигменттер мөлшерiнiң азаюына қарай төзiмдi және төзiмсiз АРПА сорттары сұрыпталды.
Исследование состава и содержания биологически активных веществ бадана толстолистного (Bergenia crassifolia (L.) Fitsch.) и кровохлебки лекарственной (Sanguisorba officinalis L.)
Автор(ы): Сатыбалдиева Д. Н.*Мурсалиева В. К.*Гемеджиева Н. Г.*Султанова Н. А.*Елибаева Н. С.*Турашева С. К.*
Реферат: Целью настоящей работы является фитохимический анализ на основные классы биологических активных веществ (БАВ) бадана толстолистного и кровохлебки лекарственной, произрастающих в Восточно-Казахстанской области. На основании проведенных качественных реакций со специфическими реактивами в растительном сырье бадана толстолистного выявлены гидролизуемые и конденсированные дубильные вещества, флороглюциды и флавоноиды, фенолокислоты, кумарины, аминокислоты и углеводсодержащие соединения. В сборах кровохлебки лекарственной обнаружены дубильные вещества преимущественно гидролизуемого типа, фенолокислоты, аминосодержащие соединения, флавоноиды и стероиды. В бензольных извлечениях исследуемых растений обнаружены терпеноиды, в этилацетатных - агликоны флавоноидов, кумарины, фенолокислоты и дубильные вещества. Содержание дубильных веществ в корневищах кровохлебки лекарственной составило 21,08 %, в листьях бадана толстолистного - 20,87 %, корневищах - в два раза меньше, 10,64%. Содержание флавоноидов было максимальным в листьях бадана толстолистного - 2,24%.
Практикалық қолданылуын бағалау үшiн Қазақстан суқоймаларынан бөлiп алынған микробалдырлар липидтерiн талдау
Автор(ы): Утегенова Г. А.*Оразова С. Б.*Джокебаева С. А.*Карпенюк Т. А.*Гончарова А. В.*Цуркан Я. С.*
Реферат: Қазақстанның әртүрлi суқоймаларынан бөлiп алынған және зертханалық жағдайда тұрақты белсендi өсуiмен ерекшеленген микробалдырлардың штамының липидтiк фракциясы майқышқылдық құрамының салыстырмалы талдауы жасалды. Жасыл микробалдырлардың үш түрi (Oocystis rhomboideus, Chlorococcum infusionum, Dictyochlorella globosa) және диатомды балдырлардың 3 түрi Synedra sp., Nitzshia sp., Pleurosigma attenuatum╒ липидтердiң жоғары мөлшерiмен сипатталады және полиқанықпаған май қышқылдарының көзi ретiнде зерттеу үшiн болашағы зор деп есептеледi.
Реферат: Проведен сравнительный анализ распространения и численности серой крысы в 2005-2010 годы в Кыргызстане. В г. Бишкек и Чуйской области по сравнению с 2005 годом в 2010 году расселение серой крысы возросло. На юге Кыргызстана, в Жалалабадской и Баткенской областях, отмечается многочисленность серых крыс в 2005г., за пять лет она сокращается в два раза. Позднее освоение серой крысы проходило в Таласской и Иссык-Кульской областях. В республике, кроме Нарынской области, серой крысой также заселены новые населенные пункты и выявлено увеличение их численности.