Ключевые слова: авиационный английский язык*операционный английский*профессиональная фразеология*
Реферат: В данной статье рассматривается операционный английский язык в сфере радиопереговоров, в котором типичен процесс редукции. Являясь типичным языком для специальных целей, авиационный английский язык имеет специфику, которая связана с использованием профессиональной фразеологии и технических терминов.
Реферат: Мақалада халық поэзиясы үлгiсiнде жазылған Сүйiнбай Аронұлы өлеңдерiнiң көркемдiк ерекшелiгi, оның тiлдiк қолданыстары қарастырылады. Ақын шығармаларындағы адамгершiлiк құндылықтары туралы ой толғаныстары жан-жақты талданады. Ақын поэзиясындағы көркемдiк кестелер, оның тiл ерекшелiгi, өзiндiк мәнерi, сөз қолданудағы ерекше шеберлiгi сараланады.
Болашақ шетел тiлi маманының сөз этикетiн қалыптастыру
Реферат: Бұл мақалада бүгiнгi таңда өзара қарым-қатынаста өзiн еркiн ұстап, белгiлi бiр ғылым саласында бiлiмi мен бiлiгiн көрсете алатын, шет тiлiн жетiк бiлетiн, сол тiлдiң сөз этикетiн жақсы меңгерген маманды қалыптастырудың жолдары баяндалады. Бiлiм беру бәсекеге қабiлеттi, жоғары сапалы болудың нәтижесiнде Қазақстан мектептерiнiң түлектерi өз бiлiмiн шетелдiк ЖОО-да жалғастыра алатындай болуы қажет. Сондықтан бiлiм берудiң маңызды стратегиялық мiндетi бiр жағынан үздiк қазақстандық бiлiм дәстүрлерiн сақтау болса, екiншi жағынан мектеп бiтiрушiлердiң халықаралық бiлiктiлiк сапасын, лингвистикалық бiлiмiн жетiлдiру, ең негiзгiсi - мемлекеттiк және шет тiлдерiн меңгерудi қамтамасыз ету болып табылады.
Реферат: Мақала ғылымдағы өзектi мәселелердiң бiрi болып саналатын - қоғамда дiни тәрбие берудiң маңызды тұстарын ашып көрсетуге арналған. Осы орайда аталған мақалада дiни бiлiм беру мәселесiнiң мәнi мен мазмұны ашылады. Сонымен қатар, автор еңбекте дiни тәрбие беру мәселесiнiң теориялық негiзiн де талдап көрсетедi.
Инновациялық даму - бәсеке қабiлеттiлiгiн анықтаушы фактор
Реферат: Мақалада бәсекенiң нарықтық шаруашылық жүйесiндегi рөлi, нарықтың даму дәрежесi, ондағы қызмет етудiң күрделiлiгi көп жағдайда бәсекелестiк ортаның ерекшелiгiмен анықталатындығы қарастырылады.
Реферат: Мақалада қазақ хандығының кұрылуына байланысты мәселелер қарастырылған. Қазақ хандығының негiзiн қалаушы алып тұлғалар - Керей мен Жәнiбек хандарға қатысты тарихи зерттеулер мен деректерге шолу жасалып, ғылыми пiкiрлер келтiрiлген. Биылғы жылдағы ең маңызды оқиғаның бiрi -1465-1466 жылдары құрылған Қазақ хандығына 550 жыл толуы. Сондықтан қазақ тарихындағы осы айтулы оқиғаға ерекше мән берiлген. Хандықтың құрылып нығаюы алғашқы қазақ хандарының хандық территориясын кеңейтуге, күшейтуге бағытталған. Хандықтың құрылуында алғашқы хандардың қазақ мемлекеттiлiгiн қалыптастырудағы жүргiзген iшкi және сыртқы саясаты баяндалады. Қазақ хандығының құрылу тарихын, жеке тұлғалардың, хандардың тарихын бiлу келешек ұрпаққа патриоттық сезiмдi қалыптастыра отырып, ұлағат болып сақталады.
Реферат: Бастауыш сыныпта дамыта оқыту мәселесi қарастырылған бұл мақалада тұлға қалыптастырудың маңыздылығы айтылады. Оқушының ойын дамытудың түрлi жолдарын қарастыруда әуелi мұғалiмнiң бiлiмi талапқа сай болуы айтылады. Дамыта оқыту технологиясының теориясын жасауда ғалымдардың пiкiрлерi сараланып, тәжiрибеде көрсететiн нәтижелiк қарастырылады. Психология ғылымында дәлелденген оқыту мен дамыту арасындағы тұтастық әдiс-тәсiлдердi шебер қолдануда жемiстi нәтиже бермек. Осы тұрғыда, дамыта оқыту сабақтарында баланың iзденушiлiк-ойлау әрекетiн ұйымдастыру басты назарда ұсталатыны және бұл жүйенiң мақсаты 3 құрамдас бөлiктi қамтитыны сөз болды. Оқушыны дамытудың жолдары қарастырылып, мұғалiм мен оқушының жұмысы айқындалды.
Реферат: Қазақ тiлiн оқытудағы мәтiннiң рөлi айқындалып, оның құрылымындағы ерекшелiктер айтылды. Мәтiн бiлiм алушылардың ойлауы мен тiлiн, грамматикалық автоматизмiн қалыптастырады және жазбаша тiлдi дамытудағы үлесi зор. Мәтiннiң түзiлуiнiң өзiндiк шарттары болса, ол мәтiндердi бiлiм алушыларға берiлер бiлiмнiң мазмұнымен сәйкестендiру мәселесi бiрiншi кезекте тұрады. Игерiлуге тиiстi бiлiмге сай мәтiннiң таңдалуы - ұстаздың кәсiби шеберлiгi. Мақалада тiлдi меңгертудегi мәтiн түрлерiн таңдап алудың талаптары және ол мәтiндердiң қандай да болмасын бiлiм алушының танымдық дүниесiн кеңейтетiн, ойын, тiлiн дамытатындай сипатта болуының маңыздылығы сөз болды. Ғалымдардың мәтiн туралы зерттеулерi сараланып, қазақ тiлiндегi тiлдiк тұлғаларды меңгертудегi қызметiне талдау жасалды.
Мектепке дейiнгi және кiшi мектеп жасындағы балалардың танымдық құзыреттiлiгiн қалыптастыру ерекшелiгi
Реферат: Мақалада мектепке дейiнгi балалардың танымдық құзыреттiлiгiн қалыптастырудың ерекшелiгi талданып, оның бастауыш бiлiм беру сатысымен сабақтастықта жүргiзу, ойын iс-әрекетiмен байланыстырғанда тиiмдi жүзеге асырылатындығы айтылады.
Модернизационные процессы в области подготовки магистров психолого-педагогического направления
Реферат: Статья основана на результатах проекта в области модернизации педагогического образования. Раскрываются концептуальные основы модернизации программ профессиональной педагогической магистратуры по направлению Психолого-педагогическое образование. Обосновывается алгоритм проектирования образовательной программы с ориентацией на образовательный результат. Приводятся принципы разработки практико-ориентированных программ подготовки педагога: компетентностно-деятельностного подхода, сетевого взаимодействия, профессионального самоопределения. Анализируется понятие образовательный модуль и демонстрируются новые возможности модульных программ.