Реферат: Мақалада Ақтөбе облысы Мұғалжар aудaнының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы және даму келешегiнiң жағдайы сараланған. Ауданның инженерлiк-көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуында қалыптасқан аумақтық ерекшелiк оның кеңiстiктiк дамуын анықтайды. Аудан экономикасы аграрлық-индустриалды бағытта дамыған. Ауданның әлеуметтiк-экономикалық деңгейi жылдан жылға жақсаруда. Болашақта Мұғалжар ауданы, экономикасы дамыған өндiрiс орындарымен, құрылыс кешенiмен, көлiк және коммуникация инфрақұрылымдармен сипатталады.
Ақтөбе облысының аймақтық даму жүйесiндегi кiшi қалалардың экономикалық-географиялық жағдайы
Автор(ы): Сергеева А. М.*Көшiм А. Ғ.*Имашев Э. Ж.*Балғалиев А.*
Реферат: Мақалада Ақтөбе облысының кiшi қалалар мәселелерi қарастырылады. Облыс қалаларын iрiктеу барысында олардың ауқымдылық шамасын бiлу өте қажет. Облыстың қалаларында жекелеген элементтер арасындағы өзара байланысын күшейтетiн қоныстанудың Хромтау, Қандыағаш, Ақтөбе қалаларының маңында шоғырланған тiрек қаңқасының қалыптасу үрдiсi жүзеге асырылады. Облыстағы кiшi қалалардың экономикалық-географиялық жағдайы, олардың даму мәселелерi мақалада жан-жақты қамтылған.
Қазақстанның қазiргi көлiктiк логистикалық даму бағыттары
Автор(ы): Ақашова Ә. С.*Дүйсебаева К. Ж.*Алимбекова Г. Т.*
Реферат: Елiмiздiң транзиттiк кешенiн дамыту мақсатында көлiк қызметтерiн көрсетудiң бәсекеге қабiлеттi ортасы қалыптасты. Жоғары деңгейде жүк өткiзуге қабiлеттi автокөлiк жолдары, шойын жол желiлерi, жанар-жағармай құю бекеттерi, заманауи құралдармен жабдықталған кеден бекеттерi, тағы басқа да инфрақұрылымдар қытай тауарларын Еуропа елдерiне кiдiрiссiз жеткiзудi қамтамасыз етедi. Батыс Еуропа - Батыс қытай халықаралық транзиттiк дәлiзi екi ортаны үш жарым есеге қысқартады. Жинақталған мәлiметтер негiзiнде Батыс Еуропа - Батыс қытай халықаралық транзиттi көлiк дәлiзiнiң карта-сызбасы құрастырылды. Қазақстанның қазiргi мақсаты өзiнiң дүниежүзiндегi геоэкономикалық және геосаясаттың орнын пайдалана отырып бiр-бiрiнен алшақ жатқан iшкi аймақтарды жалғастыру және географиялық орнын тиiмдi пайдалана отырып транзиттiк әлеуетiн дамытудың болашақтағы бағыттары анықталды.
Атыраулардың топырақ жамылғысының құрылымы және оның карталары
Реферат: Мақалада iрi өзендер дельталарындағы топырақ жамылғысы мен оның құрылымы және олардың карталарын құрудың әдiстерi туралы баяндалады. Топырақтанушы ғалымдар топырақ жамылғысының құрылымын жер бедерiнiң байланыстырған. Топырақтардың географиясын және олардың мелиоративтiк күйiн зерттеуде жер бедерiне ерекше мән берiледi және топырақтардың рельефпен байланысын айқындау үшiн жер бедерiне пластикалық әдiсi қолданыла бастады. Жер бедерi пластикасы әдiсiнiң мәнi - жер бедерiнiң негiзгi түрлерiн (төбелер мен ойпаңдар) топографиялық карталарда бейнелеу болып саналады. Атыраулардағы топырақ жамылғысының құрылымы алдымен олардың топырақтарының пайда болуы және дамуына байланысты. Топырақ жамылғысы құрылымының картасы тақырыптық карта, бұл картада белгiлi бiр аумақтағы топырақтардың рельефпен бiрiгуi көрсетiледi. Жер бедерi пластикасы негiзiнде құрылған карталардың мелиорация мен суармалы егiншiлiкте қолданбалы маңызы бiршама.
Районирование кормовых угодий (на примере Центрального Казахстана)
Автор(ы): Мұса Қ. Ш.*Муканова Г. А.*Тасболат Б.*
Объем документа: С. 234-238
МРНТИ: 68.35.47*
Ключевые слова: кормовой район*агроландшафты*природно-производственная система*урожайность*карта природного районирования*
Реферат: Рассмотрены ландшафтные основы районирования кормовых угодий Центрального Казахстана. В последнее время наблюдаются тенденции сокращения площадей и ухудшения качественного состава кормовых угодий. Это связанно, в основном, с бессистемным использованием кормовых угодий, концентрацией нагрузки на пастбища, прилегающие к населенным пунктам и водным источникам. Природный состав травостоя естественным путем на этих землях восстанавливается очень медленно, в настоящее время они проходят стадию сорно-травной залежи и лишь частично используются в качестве пастбищ. Неизбежным следствием бессистемного и интенсивного использования природных кормовых угодий является ухудшение видового состава растительности и снижение ее урожайности. Поэтому при земельно-оценочных, кадастровых и проектно-планировочных работах по землеустройству необходимы исследования по дробному комплексному ландшафтному районированию территорий.
Географические особенности миграционных процессов в странах Центральной Азии
Автор(ы): Дуйсебаева К. Д.*Акашева А. С.*Рыскельдиева А. М.*
Реферат: Статья посвящена географическим особенностям и рассматривается современное состояние и развитие миграционных процессов в странах Центральной Азии. В качестве основного метода исследования применялся метод статистического анализа. Показано, что миграционные потоки между странами Центральной Азии и России довольно интенсивны, и проблема трудовой миграции приобретает все большую актуальность. В регионе явно выделяются страны-потребители и поставщики трудовых ресурсов. Выявлены наиболее актуальные факторы, оказывающие влияние на развитие миграционных процессов в регионе, среди которых особо отмечена тенденция к росту миграции из Центральной Азии. Главным выталкивающим фактором миграции является крайне тяжелое экономическое положение республик Центральной Азии, нарастающее отставание в уровне жизни от других стран СНГ, прежде всего от России и Казахстана, отсутствие ясных перспектив экономического оздоровления. Анализируются возможности устранения негативных проявлений в странах Центральной Азии.
Қазақстандағы урбандалудың даму деңгейi
Автор(ы): Сарсенова И. Б.*Иканова А. С*Әдiлхан А. М.*
Реферат: Қазақстанда кеңес кезеңi тарихында үлкен көңiл қала қалыптасуының мәселелерiне бөлiнген болатын, әсiресе қалалар даму жүйесiн орналастыруға. Бұл жерде басым ауылдық орналастыруды ескерген. Қалалар тек қана, Қазақстан экономикалық айырмашылықтар аймақтық теңестiруде ғана емес, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени дамуында рөл атқаруы тиiс. Берiлген мақалада Қазақстандағы әкiмшiлiк-аумақтық талдау жасалынып, қала халқы санын өсу деңгейi көрсетiледi. Сонымен қатар, қала халқының саны бойынша Қазақстан қалаларының типологиясы жасалынған.
Современное оледенение и гляциальные озера бассейна реки Каратал
Реферат: В статье приведены результаты изменения оледенения и гляциальных озер бассейна реки Каратал на основе данных дистанционного зондирования. Определены морфометрические характеристики ледников и озер. Проведено сравнение параметров оледенения и озер за разные временные срезы, оценены темпы деградации оледенения и динамика гляциальных озер рассматриваемого бассейна. Отступление ледников сопровождается увеличением числа и площади гляциальных озер, расположенных на молодых моренах. Установлено, что за 55 лет площадь оледенения сократилась на 89,35 км (на 44,12%), количество озер увеличилось с 166 в 2002 до 181 в 2014, а суммарная площадь их увеличилась более чем на 17%.
Қазақстан Республикасы көшi-қон мәселесiне демографиялық талдау (1991-2013 жж.)
Реферат: Бұл мақалада көшi-қон туралы классикалық теориялар мен шетелдердiң озық тәжiрибелерi және жетiстiктерi қарастырылған. Қазақстан территориясы бойынша көшi-қон ауқымының ерекшелiгi, кеңiстiктегi орналасу жағдайы, көлемi мен даму қағидалары, көшi-қон үрдiстерiн бақылау және реттеу, еңбек көшi-қонын басқару және жоспарлау сипатталған. Iшкi және сыртқы көшi-қон көрсеткiштерiне талдау берiлiп, оның негiзгi себептерi қарастырылған. Қарастырылып отырған көшi-қон сұрақтары георафиялық тұрғыдан зерттеу материалының өзектi мәселелерiнiң бiрi болып саналады. 1991-2013 жылдар аралығындағы мемлекетаралық көшi-қонның нақтылы көрсеткiштерi бойынша келушiлер санының азаюы сипатталған. Қорытынды бөлiмде нақты себептер, ұсыныстар мен пiкiрлердi жинақтау арқылы елiмiздiң тұрақты дамуының қажетi үшiн көшi-қон мәселесiн реттеу керектiгi туралы айтылады.
Картографическое районирование селевого риска (на примере горных и предгорных районов Юго-Восточного Казахстана)
Автор(ы): Тасболат Б.*Уразбаев А. К.*Мұса Қ. Ш.*Кожабекова З.*
Реферат: Изложены материалы о процессе картографирования рисков на основе анализа методологии различных авторов для горных и предгорных районов Юго-Восточного Казахстана. Проанализированы методики картографирования рисковых ситуаций, в том числе селевого риска для территории Российской Федерации и других регионов СНГ, произведенные в НИИ ГОЧС, МГУ им. М.Ломоносова, КазНИГМИ (КазНИИКЭ), ИГ МОН РК,ГУ Казселезащита, учеными СНГ и РК В.Е. Иогансоном, В.Ф. Перовым, И.П. Смирновым, А.С. Деговцем, Б. Степановым, Е.Талановым, А.Р. Медеу, М. Нурлановым, Т. Сидоровой и др. В качестве примера возможности практической реализации изученной и предлагаемой методологии картографирования была создана обзорная карта селевого риска (масштаба 1:1000 000) для горных и предгорных районах Юго-Восточного Казахстана. В результате анализа пространственного распределения селевого риска осуществлено районирование территории по степени его проявления.