Реферат: Бұл мақалада Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығындағы өсiмдiктер жамылғысы әр алуандығымен көз тұндыратындығы, сонымен қатар бүгiнгi таңда қорықтың аумағындағы сирек кездесетiн өсiмдiк жамылғысы және оны пайдалану жолдары айтылған. Сондай-ақ, Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы Кендi Алтайдың солтүстiк-батыс бөлiгiнде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстiк-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқандығы, Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстiк-Ciбiр тау елдерiнiң Алтай провинциясына жататындығы. Қорықтың ландшафтық кешенiне Иванов, Холзун, Көксiн, Тигирецк, Линейск, Уба, Үлбi жоталарының таулы жер бедерлерiнiң бөлiгi қосылатындығы туралы мәлiметтер келтiрiлген. Сонымен қатар, Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығында Алтай ботаникалық бағының жетекшi ғылыми қызметкерi биология ғылымдарының кандидаты Юрий Андреевич Котуховтың өсiмдiктерге жасаған сипаттамалары да келтiрiлген. Мақалада құрып бара жатқан және жергiлiктi түр - Сiбiр қандығы, сафлор тәрiздi рапонтикум, ұсақ торлы жуа, iрi гүлдi шолпанкебiс, нағыз шолпанкебiс, телпек сүйсiн, Алтай рауғашы, Алтай гимноспермиумы, қызғылт семiзот, Алтай суық шөбi, Алтай қасқыржидегi, қылтанды дәлен, Еуропа орманоты, су қазанақ, ұсақ жемiстi мүкжидек, таңдамалы плаун (сушырмауық) Қазақстан Республикасының қызыл кiтабына енгiзiлгендiгi туралы айтылған. Сондай- ақ көптеген бағалы дәрiлiк шөптер де өсетiндiгi туралы ақпараттар келтiрiлген.
Экология бурого медведя в ущельях Заилийского Алатау (Северный Тянь-Шань)
Реферат: В Казахстане бурые медведи распространены в настоящее время только в горных лесах востока, юго-востока и юга страны, причем сведения об их точном географическом распространении единичны. Их местообитание, маршруты кочевок и миграций меняются в зависимости от антропогенного воздействия, количества и качества растительных и животных кормов, других экологических условий. Цель данного исследования - обнаружение тянь-шаньских бурых медведей и следов их присутствия в горах Заилийского Алатау, а также анализ условий мест их обитания. Полевые наблюдения были проведены в двух ущельях - Аюсай и Проходное горного хребта Заилийский Алатау, имеющие наиболее подходящие климатические и трофические условия для обитания бурых тянь-шаньских медведей. В результате полевых мониторинговых наблюдений в ущелье Аюсай в августе 2015 г. нами выявлено присутствие взрослых особей медведей в еловых лесах, в логах южных макросклонов, преимущественно в теневых участках. Мы зафиксировали не только следы, но и лежки и медвежий помет с остатками полупереваренной растительной пищи. В этих местах их обитания мы также обнаружили интересный источник их питания: заросли борщевика Heraceleum dissectum с характерным объеданием стеблей. В ущелье Проходное в мае 2015 г. зафиксированы следы самки с сеголетком на влажном грунте р. Проходная. Все обнаруженные следы были измерены и идентифицированы по половой принадлежности и возрасту. На обследованной территории 2 ущелий площадью примерно 3,2 тыс. га были обнаружены 5 следов пребывания бурых тянь-шаньских медведей. Авторами статьи была посчитана плотность исследуемой популяции бурых медведей: в среднем на 1000 га в ущелье Проходное - 1,7 особей, в ущелье Аюсай - 1,42 особей. Таким образом, впервые нами обнаружены следы пребывания бурых медведей в горах Заилийского Алатау, в ущельях Аюсай и Проходное.
Алматы облысы тау алды аймағының экологиялық-геоморфологиялық жүйесi
Реферат: Мақалада жер бедерi жайлы, жер бедерiнiң адам денсаулығына, психикасына, географиялық ортаға, экономикаға, әлеуметтiк жағдайға, техникаға, саяси құрылымға әсерi, сонымен қатар адамның шаруашылық әрекетi салдарынан туындайтын геоморфология ғылымының теориялық және қолданбалы бағыты болып табылатын экологиялық геоморфология қарастырылған. Экологиялық геоморфологияның пайда болу тарихы, ғылымдағы атқаратын мiндеттерi баяндалған. Экологиялық геоморфология қай деңгейде болса да геоморфологиялық жүйенiң адам экологиясы және әлеуметтiк-техникалық жүйемен, яғни адамның iс-әрекетiмен, тiршiлiгiмен қарым-қатынасын, байланысын зерттейдi. Жер бедерiнiң экологиялық ролi жазық және таулы аумақтар үшiн түрлiше пайда болған, ал жер бедерiнiң түрi белгiлi дәрежеде шаруашылық iс-әрекеттiң бағытын, қоныстану сипатын, қалалар құрылысын анықтайды. Жер бедерiнiң осылай адамның шаруашылық қызметiне және әлеуметтiк өмiрiне әсерi болады. Жалпы экологиялық-геоморфологиялық жүйе геоморфология саласының жаңа ғылыми-қолданбалы бағыты мен экология ғылымының бiр бөлiмi ретiнде экологиялық геоморфология жербетi бедерлерi мен қазiргi бедер құрушы үдерiстердiң рөлiн, бүгiнгi таңдағы морфогенезге шаруашылық әрекеттiң артуынан табиғи орта құрамбөлiктерiнiң өзгеруiн зерттейдi. Экологиялық геоморфологиялық жүйе-табиғатты пайдаланудың тиiмдi және оңтайландыруға, сонымен бiрге қоршаған ортаның қасиеттерiн жақсартуға және сақтауға арналған қосымша геоморфологиялық бiлiм. Адамның шаруашылық iс-әрекетi нәтижесiнде геоморфология саласында пайда болған экологиялық мәселелер экологиялық геоморфологиялық зерттеулердi талап етуде. Осы зерттеулердiң нәтижесiнде қарастырылатын аумақтың экологиялық геоморфологиялық картасы жасалынып, нәтижесiнде аймақтың табиғи, табиғи-антропогендiк және антропогендiк үдерiстердiң қауiптiлiк түрi мен дәрежесi көрсетiледi. Ю.Г. Симонов, А.Н. Ласточкин, В.И. Кружалин тәрiздi орыс ғалымдары экологиялық-геоморфологиялық жүйенi бiлудiң әдiстерiн ұсынды. Алматы облысы тау алды аймақтарына жататын аудандар және олардың экологиялық-геоморфологиялық жүйесi қарастырылған. Алматы облысы тау алды аймақтарының теңiз деңгейiнен биiктiк деңгейi бойынша бөлiндi. Сонымен қатар сол аймақтардың экологиялық жағдайы, ластану дәрежесi, негiзгi ластаушы көздерi, ауданның негiзгi экологиялық мәселелерi және де алдын алу шаралары келтiрiлген.
Биологиялық тапсырмалар арқылы пәндiк құзыреттердi қалыптастыру
Реферат: Ұсынылып отырған мақалада биологиялық тапсырмалар арқылы пәндiк құзыреттердi қалыптастыру қарастырылады. Сондай-ақ, құзырет, құзыреттiлiк, пәндiк құзырет ұғымдарына талдау жасалынды. Пәндiк құзыреттер бiлiм беру салаларының мәнi мен орнын анықтайтын мақсат болып табылады және күтiлетiн нәтижелердi анықтауда бағдар бередi. Биология пәнiндегi тапсырмалар арқылы пәндiк құзыреттердi қалыптастыру бiлiм мазмұны арқылы жүзеге асу керек. Мысалы: мәтiнге сүйену: ақпаратты табып, одан бiлiм алу; мәтiндi хабарлау кезiнде кiрiктiре бiлу және жаңаша түсiндiрiп беру (интерпретациялау). Мәтiннен тыс бөлiмге сүйену: мәтiн мазмұны мен формасын түсiну және бағалау. Соның iшiнде биологияны оқытудағы оқу түрлерiн бiлiп қарастырамыз: танысу - негiзгi ақпараттарды таба бiлуге немесе мәтiнен негiзгi мазмұнды бөлiп алуға бағытталады; оқып бiлу - мәтiн мазмұнын жаңаша түсiндiру мақсатында толық нақты ақпараатты таба бiлу; iздену - қажеттi фактiге байланысты нақты ақпараттарды таба бiлу; рефлексивтi (терең оқу) - оқыған мазмұнды талдау, өзiнiң немесе басқа адамның интеллектуальдық әрекеттерi мен эмоционалдық жағдайларын ұғына бiлу. Сондай-ақ, биологияны оқытудағы оқу түрлерiне жеке-жеке тоқталдық. Оқудың танысу түрiне: жәй ғана қарап шығу емес, ретiмен қарау; параграфта жазылған ой туралы жалпы ұғым бередi; бiрiншi және соңғы бiлiмдi немесе бiлiмдi толық және iрiктеп жеке сөйлемдердi, анықтамаларды, қорытындыларды, параграф соңындағы тапсырмалар мен сұрақтарды оқиды; түсiнiктi емес сөздердiң маңызын биологиялық сөздiктер бойынша нақтылайды; жаңа материалды қабылдауға психологиялық тұрғыдан дайындық жасайды. Оқудың оқып бiлу түрiне: оқу ақпараттарын логикалық тұрғыдан өңдеуге, түсiнуге, қабылдауға бағытталған; оқушыларда тiлдiк бiлiм мен логикалық iскерлiктi дамыту қажет: мәтiннiң жанама бөлiктерiн және олардың арасындағы логикалық байланыстарды қабылдау; сөздердi, сөйлемдердi, бiлiмдердi түсiну; - оқу мәтiндерiн түсiну үшiн тәсiлдер қолданылады; мәтiнге сұрақ қоя бiлу, логикалық графиктiк сызбанұсқалар құру, жоспар құру, тезистер жазу.
Қашықтан бiлiм беруде химияны оқыту үрдiсiн ұйымдастырудың әдiстемелiк негiздерi
Автор(ы): Нурмаханова Д. Е.*Бекназарова А. Б.*Мейiрова Г. И.*
Реферат: Мақалада қашықтан бiлiм беруде химияны оқыту үрдiсiн ұйымдастырудың әдiстемелiк негiздерi қарастырылды. Қашықтан оқыту дәстүрлi оқыту үрдiсiмен салыстырғанда пәннiң оқу-әдiстемелiк кешенi де өзгеше болады. Қашықтан оқытуда оқу-әдiстемелiк кешен - Желiлiк оқу - әдiстемелiк ақпараттық кешен деп аталады. Желiлiк оқу - әдiстемелiк ақпараттық кешен ақпараттық қоғамда бiлiм алуға арналған дидактикалық, бағдарламалы технологиялық және техникалық интерактивтi кешендi ұсынады. Осы желiлiк оқу-әдiстемелiк кешеннiң ерекшелiктерi мен құрамы қарастырылды. Мақалада оқытушы мен бiлiм алушылар арасындағы өзара әрекет, семинар (вебинар) сабағын желiде синхронды ұйымдастыруды қарастырылып, вебинар сабағының дәстүрлi семинар сабақтарынан айырмашылықтары көрсетiлiп, вебинарларды өткiзу кезеңдерi, вебинар сабақтарын өткiзуде қолданылатын оқу құралдары, қажеттi бағдарламалар келтiрiлдi. Вебинарлар өткiзу құралдарының негiзгi айырмашылықтары, вебинар сабағын өткiзу үшiн қолданылатын тақташалар (алаңдар) қарастырылды.www.webinar.ru бағдарламалық тақташасының негiзгi мүмкiндiктерi, мәтiндiк форуммен жұмыс жасау жолдары көрсетiлдi. Сабақтың оқу материалдарын дайындап және қатысушыларға жiберу жолдары қарастырылды. Сабақ жоспарында интербелсендi әдiс-тәсiлдер қолданылды. Мақалада қашықтан оқытудың Қазақстан Республикасында даму деңгейi қарастырылды. Бiрiншi кезекте интерактивтi оқыту тiрi вебинар (семинар) жүргiзу әдiстемесi зерттелдi. Қаныққан көмiрсутектер тақырыбына www.webinar.ru бағдарламалық тақташасында өткiзу сценариi жасалды.
Мектеп оқушыларында салауатты өмiр салтын қалыптастыру - мұғалiмдердiң негiзгi мiндетi
Автор(ы): Бекенова Н. А.*
Объем документа: C. 93-97
МРНТИ: 14.07.05*
Ключевые слова: ученики*здоровый образ жизни*сохранение здоровья*болезни*педагогика*знания*воспитание*психогигиена*
Реферат: Бұл мақалада педагогикалық проблеманың бiрi-мектеп оқушыларында салауатты өмiр салтын қалыптастыру жан-жақты сөз болады. Алдымен, өмiр сүру салтына анықтама бере отырып оның мақсатымен мiндетiне тоқталады. Салауатану-адамның денсаулығын сақтау, мен оны нығайту екендiгi баяндалады. Әрбiр жеке тұлғаның қалыптасқан өмiр тiршiлiгi (еңбек ету, тұрмыс құру, бос уақытында демалу) мен қоғам деңгейiңiң даму көрсеткiшi екендiгi атап өтiледi. Соңғы жылдары Қазақстан мектептерiнде Салауатану пәнiне оқу програмасына енiп, соның нәтижесiнде алға қойған мақсаттар өз жемiсiн беретiндiгi көрсетiледi. Мәселен, шылым шегу 11-14 жастағы балалар арасында 6%, 15-17 жастағы балалар арасында 10% төмендегiнi, зиянды iшек ауруларының азайғаны байқалғаны. Оқушыларда салауты өмiр салтымен байланысты бiлiм, бiлiк, дағды, денсаулықты сақтауға мүмкiндiк беретiн технологияларда аталып өтiледi. Сондай-ақ мақалада жас ұрпақтарда салауаты өмiр салтын қалыптастыруда ата-аналар мен мұғалiмдердiң рөлi айқын баяндалады. Мақаланың соңында парасаты, бiлiмдi, тәрбиелi ұрпақтарды қалыптастырудың үш мақсат (ғаламдық, дидактикалық, әдiстемелiк) аталып өтедi.
Виртуалды лабораториялық жұмыстарды пайдалану арқылы химия сабағының сапасын арттыру
Реферат: Мақалада, әдебиеттерге шолу барысында виртуалды зертханаларды пайдаланудың әдiстемелiк негiздерiне талдау жасалды. Бiлiм беру үрдiсiн ақпараттандыру-жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдiсiнiң барлық деңгейлерiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылатудың мәселелерi қарастырылады. Оқу ұдерiсiне компьютерлiк технологияларды ендiрудi көздейдi, қоғамдық өмiрдiң барлық салаларына белсендi түрде қатысатын, өздiгiнен жұмыс iстей алатын, шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру мектептердiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi. Бiрқатар зерттеушiлердiң пiкiрi бойынша және ғылыми әдебиеттердi талдама жасау кезiнде электронды оқу материалдарын оқу үрдiстерiне кеңiнен енгiзудiң пайдалы жақтарымен қатар, келеңсiз жақтарының да бар екенi мақалада ашып көрсетiледi.
Модульдiк технологиямен оқытуда химия пәнiнiң мазмұнын модульдеу жолдары
Реферат: Қазiргi уақытта педагогика ғылымының бiр ерекшелiгi оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын кеңiрек қолдануы. Химия пәнi мұғалiмдерiнiң iс - тәжiрибесiнде әртүрлi оқыту технологияларын пайдалану, оның жетiстiктерiн болжау, өз бетiнше жобалау мен құрастыру сияқты негiзгi мiндет - мақсаттар туындауы мүмкiн. Осы тұрғыдан алғанда ұсынылып отырған мәселе химия пәнiн оқытуда жеткiлiктi дәрежеде шешiмiн таба алмай отырған, бiрақ өмiрде талап етiлетiн жүйе деп айтуға болады. Қазiргi таңда оқыту үрдiсiн жоспарлау, қолдану және бақылаудың тиiмдi әдiстерiн ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлерi көптеп саналады. Олардың негiзгi мақсаты өз бетiнше дами алатын жеке адамды қалыптастыру. Мұндай жағдайда тұлға бiлiмдi өз бетiмен алып, сол бiлiмдi алға қарай алып жүретiн және шығармашылықпен жұмыс iстей алатын оқу үрдiсi қажет. Осыдан дәстүрлi оқыту әдiстемесi орнына педагогикалық жаңа iс - әрекеттердi анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде әбден дайындап алу қажет. Орта мектептегi химияны оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесi дәстүрлi оқыту үрдiсiн қазiргi заман талабына сай өзгертудiң қажеттiгiн атап көрсетедi. Сондай - ақ, оқытудың жаңа технологияларының түрлерiн терең танып, оларды оқыту үрдiсiне тиiмдi түрде енгiзудi негiздейдi. Педагогикалық процестiң тиiмдiлiгiнiң артуына мүмкiндiк беретiн, сонымен қатар бiлiм беру мен тәрбие бiрлiгiн сақтай отырып оқушыға берiлетiн бiлiмнiң өмiрге үйлесiмдiлiгiмен қатар, әрбiр жеке тұлғаның дербес ерекшелiгiн ескерiп, бiлiмдiлiгiне сәйкес бағдар беру, танымдық iзденiмпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтi қадамының бiрi - модульдiк оқыту. Модульдiк технологияның артықшылығы ол бiлiмнiң жүйелiлiгi мен оқу нысанасының iшкi логикалық байланысын түсiну, бiлiмнiң түсiнiктiлiгi, тиянақтылығы, өтiлген материалды есте сақтап, оған сүйене отырып жаңа бiлiмдi қабылдау, бiлiмнiң нақтылығы, алған бiлiмдi iс - жүзiнде пайдалана бiлуi. Ал, модульдi оқыту технологиясының басты ерекшелiгi ең алдымен оқушы өзiнiң жеке интеллектiсiн жүйелi дамытады.
Бiлiм беру жүйесiнде студенттiң кәсiби құзiреттiлiгiн қалыптастыру
Реферат: Бұл мақалада бiлiм беру жүйесiнде студенттiң кәсiби құзiреттiлiгiн қалыптастыру жайлы айтылады. Адам кәсiбилiгiнiң қажеттi құрамдас бөлiгi кәсiби құзыреттiлiк болып табылады. Қазiргi таңда отандық ғалымдармен кәсiби құзыреттiлiк мәселесi белсендi зерттелуде. Көп жағдайда бұл ұғым бiлiктiлiктiң жоғары деңгейiн және кәсiбилiктi айқындау үшiн iшкi оймен пайдаланылады. Кәсiби құзыреттiлiк маманның дайындық сапасының сипаттамасы, еңбек қызметiнiң тиiмдiлiк әлеуетi ретiнде қарастырылады. Педагогикада бұл категория жалпы мәдени құзыреттiлiктен туындаған өнiмдi компонент ретiнде немесе маманның бiлiмдiлiк деңгейi ретiнде қарастырылады. Егер кәсiби шеберлiк деңгейлер жүйесiнде құзыреттiлiк орнын анықтайтын болсақ, онда ол орындаушылық пен кемелдену арасында орналасқан. Құзыреттiлiк ең алдымен студенттердiң ақпараттық сауаттылығы мен кез-келген мәселенi дұрыс шеше бiлу қасиетiнен көрiнiс табады. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу студент мiнезiн қалыптастырудың қайнар көзi болып табылады. Ақпараттарды өз бетiмен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттiлiктi қалыптастыруға негiз болады. Мұнда студенттердiң өз бетiмен жұмысына көп мән берiледi. Студенттер өз беттерiнше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегiмен ғаламтордан, түсiндiрме сөздiктерден, түрлi тарихи ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттiлiк студенттiң оқу пәндерiндегi және бiлiм аймақтарындағы, сонымен бiрге қоршаған дүниедегi ақпараттармен жұмыс iстей бiлу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал оқытушының мақсаты - студентке бiлiмдi өздiгiнен игеру амалдары мен тәсiлдерiн үйретiп,оның өзiндiк дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар беру. Болашақ маманның кәсiби-дидактикалық құзыреттiлiгiн қалыптастыруға тиiмдi әсер ететiн жұмыстардың бiрi-жаңашыл ұстаздар тәжiрибесiн үйрену. Бұл тұрғыда да студенттер көптеген тәжiрибелi оқытушылардың сабақтарына қатысу, оны талдау, әртүрлi байқауларына көрермен ретiнде қатысып, өз тәжiрибелерiн байытуға мүмкiндiк алады. Бұл мақаланың болашақ биолог жастар үшiн маңыздылығы ерекше. Яғни, мақалада осы мәлiметтер жан - жақты көрсетiлген. Студент қоғам талабына сай өзiн-өзi үздiксiз жетiлдiрiп отыратын, кәсiби бiлiмдi, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейiмделе алатын, ұйымдастырушылық қабiлетi жоғары, тәжiрибесi мол, т.б. қасиеттердi жинақтағанда ғана кәсiби құзыреттi маман бола алады.
Реферат: Бұл мақалада Қазақстандағы тағамдық өнiмдердiң қауiпсiздiгiн мәселелерi қарастырылған. Қазақстан Республикасының азық-түлiк қауiпсiздiгi ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Мақалада азық-тұлiк қауiпсiздiгiн және ауыл шаруашылығы секторының ресурстық әлеуетiн сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсiп өндiрiсi саласындағы өкiметтiң экономикалық саясатының бөлiгi ретiнде ауыл шаруашылығы саясаты қарастырылған. Азық-түлiк қауiпсiздiк деңгейi мына критерийлер бойынша бағаланады: елдiң азық-түлiкпен өз-өзiне жеткiлiктiлiгi, азық-түлiк өндiрiсiнiң экономикалық және физикалық қол жетiмдiлiгi. Азық-түлiк қауiпсiздiк жағдайы халықтың мемлекеттiк көрсеткiштерi кең ауқымда бағаланады. Бастапқы кезеңде азық-түлiк астық қалдықтары өтiп, жан басына шаққандағы табысы болса (бiрiншi деңгей 20, содан кейiн жалпы жылдық тұтыну 16%, қазiр критерийлерiн кеңейтiлген және неғұрлым күрделi болып отыр. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн, қазiргi заманғы стандарттар бойынша халықтың жекелеген топтарының жалпы шығыстарының азық-түлiк шығыстарының үлесi болып табылады, өнiмдердiң аумақтың болуы (елдiң түрлi аймақтарында бiрдей өнiмдер үшiн бөлшек сауда бағаларының деңгейiн салыстыру арқылы өлшенедi), ыңғайлы азық-түлiк деңгейi (қазiргi заманғы өнiмдерiн тұтыну үлесi, яғни шығындарды азайтуға және үй шаруашылығында уақытты үнемдеу), табиғи дәрежесi және зиянсыз азық-түлiк, денсаулық жағдайымен өмiр сүру ұзақтығы бойынша өнiм сапасына әсерi, оның iшiнде гендiк инженерия және биотехнология әдiстерiмен алынған өнiмдер.