Қызылорда облысының мұнай-газ кешенi және оның экологияға әсерi
Автор(ы): Қастер С.*Жұмабаева Н.*
Объем документа: C. 47-52
МРНТИ: 38.53.31*
Ключевые слова: осадочный бассейн*нефть*попутный газ*Кызылординская область*Южно-Тургайский бассейн*осадочный бассейн Сырдарья*осадочный бассейн Приаралье*Каз Транс Ойл*нефтепровод Атасу - Алашанькоу*экономическое развитие*экологический ущерб*
Реферат: Мақалада Қазақстан Республикасының мұнай-газ ресрустарының барланған қоры бойынша дүние жүзiндегi алатын орны, үлесi, басты 15 шөгiндi алаптары мен өнеркәсiптiк мұнай-газ кешендерi анықталған аймақтары және олардағы мұнай мен газдың барланңан қорларының үлестерiн диаграмма арқылы көрсетiлген. Сондай-ақ Қазақстанның маңызды бiр аймағы - Қызылорда өңiрiнiң мұнай және газ кен орындары бассейндердi саналатын Оңтүстiк Торғай, Арал маңы және Сырдария шөгiндi алаптарынна жан-жақтылы талдау жасалған. Мысалы, олардың орналасқан жерi, қаладан қаншалық қашықтықта екендiгi, құрамдас бөлiгi, ашылған кен орны, оның iшiнде Қазақстанның Республикасының тәуелсiздiгiнен бұрын және кейiн ашылған кен орындары, ашылған жылдары мен кен аттары, аумағы, мұнай-газдың мөлшерi, кен қабатының қалыңдығы, және басқада мәлiметтер берiлген. Мақалада тағы да 1990 жылы Құмкөл кен орнының игерiле бастауына байланысты, Құмкөл - Қарақойын мұнай құбырының салынуы және оның Құмкөл мұнайын Павлодар-Шымкент мұнай құбырына дейiн тасымалдау мәселесi туралы да мәлiметтер жазылған. Әрi халықаралық бағыт бойынша Қаз ТрансОйл АҚ және Қытай мұнай және газды барлау, өңдеу ұлттық корпорациясы мұнай құбырын салу мақсатында Қазақстан-Қытай құбыры ЖШС-ның құрылуымен, Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры жолының жағдайы да қарастырылған. Сонымен бiрге, 2013 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы мұнай операторларымен 6914,4 мың т мұнай өндiрiлгендiгiн оның 2012 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 95,2 % өскендiгiнде тiлге тиек еткен. Мақаланың соңында Мұнай мен газ өнеркәсiбi облыс экономикасының дамуына ықпалын тигiзгенiмен, экологияға әкелген топырақ, ауа, суды химиялық ластануға әкелген зиянын және басты кәсiпорындарды көрсеткен.
Қоршаған ортаның тазалығы-адам денсаулығының кепiлi
Автор(ы): Конофеева З. С.*
Объем документа: C. 52-57
МРНТИ: 14.01.79*
Ключевые слова: воспитание*форма*привычка*здоровый образ жизни*интеллектуал*учитель*школа*молодеж*труд*обучение*уровень жизни*качество жизни*стиль жизни*обычай жизни*
Реферат: Бұл мақалада жастарды салауатты өмiр салтына қалыптастырып тәрбиелеудiң ерекшелiктерi баяндалады. Жастарды экологиялық салауаттылыққа тәрбиелеудi жүзеге асыру үшiн, оқытушының өзi салауатты өмiр салтының тәрбиелiк нышандарының аса жоғары тұлғалық қасиеттерiн игеруi тиiс. Болашақ жастарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға тәрбиелеудiң мәселелерi қарастырылған. Адамдардың салауатты өмiр салтына қатынасы соңғы жылдары ерекше өзгердi. Өмiр сүру салты адамның еңбек әрекетiн, тұрмысын, бос уақытты пайдалану формасын, материалдық және рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыруын, қоғамдық өмiрге белсендi қатысуын, мiнез құлық нормасымен ережелерiн қамтитын күнделiктi өмiрiнiң ерекшелiктерiн сипаттайды. Адамның денсаулығына ықпал ететiн факторлардың, 60% адамның өмiр сүру салтына байланысты екендiгi белгiленген. Адамның өмiр салты мынадай категорияларды енгiзедi: өмiр деңгейi (адамның материалдық және рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру дәрежесi, кететiн шығынның құрылымы), өмiр сапасы (адамды материалдың қамтамасыздандыру дәрежесi, өлшеу параметрi), өмiр сүру стилi (мiнез құлықтың психологиялық жеке ерекшелiктерi), өмiр сүру тәртiбi мен әдет ғұрпы (өмiрдiң ұлттық-қоғамдық тәртiбi, тұрмыс, мәденитi). Оқушыларды салауатты өмiр салтына тәрбиелеудiң ерекше әлеуметтiк-психологиялық жағдайлары арасында салауатты өмiр салтына ғылыми негiзделген ағарту iсi ерекше көрiнедi. Мұндай жағдайларды тарату оқушылардың бiлiмiн кеңейтуге, денсаулықпен салауаттылық сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарға қарым қатынасын нақтылауға әсер етедi. Олардың өмiрдегi тәжiрбиесiн байытып, салауатты өмiр салтына сәйкес келетiн көзқарастарын мiнез құлық сарындарын қалыптастырады. Бұларды күшейте түсу үшiн, тәжiрбиелiк қызмет педагогикалық жүйелердiң өмiр салтын үйретуге ұмтылған құндылықтары оқушыға шешiмдi түрде әсер етедi.
Табиғатты тиiмдi пайдалануда экологиялық менеджменттi дамытудың маңызы
Реферат: Мақалада табиғатты тиiмдi пайдалануда экологиялық менеджменттi дамытудың маңызы туралы қарастырылады. Нарық жағдайында кез-келген iстiң нәтижелi болуының негiзгi кiлтi менеджмент - яғни тепе-теңдiкте ұстай алу, қойылған мақсат бағытындағы приоритеттi құндылықтарды және соны ұстайтын факторларды реттей алатын қабiлеттi талап ететiн дұрыс басқару көзқарасы. Бiр уақытта iс-әрекеттiң және бiлiмнiң облысы болғандықтан, менеджмент қазiргi шаруашылық басқаруда, ғылымда және мәдениетте нық орын алып отыр. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға және тұрақты дамуға көшу жағдайында ең маңызды роль қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы мамандарға жүктеледi. Бiрақ, экологиялық қауiпсiздiк басқармасы жүйесiндегi қадағалаушы органдар барлық өндiрiс орындарының экологиялық жағынан дамуын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп үлгермейдi. Бұл қызметтердi экологиялық аудит, консультативтiк, трейнингтiк және инжинирингтiк қызметтер саласындағы бәсекелестiк тудыра алатын жеке фирмаларға берiлсе де, тұрақты дамуға қатысты негiзгi мәселелер өндiрiс және ұжымдар деңгейiнде шешiледi. Ал, оларда көбiне өндiрiстi басқару жүйесiндегi экологизацияландырудың қазiргi талаптары деңгейiндегi мамандар жоқтың қасы. Мiне, бұл бағыттағы нағыз маман менеджер-эколог немесе экологиялық сұрақтарға жауап бере алатын менеджер-кеңесшi. Экологиялық менеджмент - әлеуметтiк, экологиялық және экономикалық нормативтiк параметрлерi қамтамасыз етiлген қоршаған орта сапасын сақтауға бағытталған реттеу жүйесiн негiзге алған арнайы басқару жүйесi. Экологиялық менеджмент - дер кезiнде экологиялық қауiпсiз өндiрiстiк-территориялық кешен қалыптастыруды көздейтiн және сол кешеннiң, шығаратын өнiмiнiң экологиялық-экономикалық көрсеткiштерi арасында оптимальды қатынасты қамтамасыз ететiн басқару. Мақалада экологиялық менеджмент түсiнiгi, менеджменттiң практикадағы тенденциялары, сонымен қатар экологиялық менеджменттiң мақсат-мiндеттерi және принциптерi айқындалып көрсетiлген.
Реферат: XXI ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлiк сауаттылық қажет. Бүгiнгi таңда химия мамандығын компьютер, интерактивтi құралдардың көмегiмен оқыту нәтижелерiн зерттеудегi ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Химияны оқытуда ақпараттық технологияның маңызы зор, яғни интернет пен мультимедианы пайдалану арқылы, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуiнде ақпараттық мәдениетi қалыптасады. Компьютердi қосымша материалдар, әртүрлi анықтамалық мәлiметтерден ақпараттар алу үшiн көрнекi құрал ретiнде пайдалана алады. Химияны медиаоқытудың негiзгi мақсаты студенттердi өздiгiнен ауқымды ақпараттар алуына, медиамәлiметтердi өз бетiнше оқып, бейне суреттер, бейне фильмдер арқылы түсiнуiне, шығармашылық дамуына, жинақылыққа негiзделген.
Органикалық химияны оқытудың экологиялық аспектiлерi
Автор(ы): Сейтжанов А. Ф.*Тренова А. Е.*Таубаева Э.*
Реферат: Мақалада органикалық химия курсын оқып, игеру барысындағы экологиялық аспектiлер қарастырылған. Олардың бiрi саясат және әлеуметтiк салаларға қатысты экономиканың ретсiз аймақтың дамуына сәйкес қалай болса солай қайшылықпен дамуы. Екiншi аспект адамның өзiне байланысты, оның өзiнiң дайындық деңгейiне қарай жаратылыстану ғылымдарының жетiстiктерiн өндiрiс пен тұрмыста орынды пайдалануы. Әсiресе қарапайым экологиялық дайындық мәселесiн шешу маңызды. Қазiргi экологиялық проблемалардың пайда болуы адамның абиотикалық және биотикалық процестер жүйесiне сауатсыздықпен белсендi араласуының нәтижесi екенi әбден анық. Күрделi жағдайда ақылға қонымды экологиялық таңдау жасау және шұғыл әрекет ету, қажетсiз жағдайларды болдырмау үшiн белгiлi экологиялық бiлiмге ие болу керек. Сол себептi экологиялық тәрбиенiң жалпы бiлiм берумен және кәсiби дайындықпен ұштасуы аса маңызды. Кез-келген пәндi немесе мамандықты игеруде бiлiм алушы қоршаған ортадағы нақты мәселелердi шешуде осы пән немесе мамандық қандай рөл атқаратындығы туралы мүмкiндiгiнше толық мәлiметтер алу керек. Бiлiм берудiң осындай түрi экология мәселелерiне байланысты белсендi тәрбие мен саналы қатынастың негiзi болады. Экологиялық бiлiм беру мен тәрбие мәселелерiн қосымша оқу пәндерiн қосу арқылы шешуге болады деген де пiкiрлер бар. Өкiнiшке орай , осындай оңай әдiспен қалаған нәтиженi алуға болмайды. Қажеттi экологиялық бiлiм барлық бiлiм беру жүйесiн тиiмдi қарастыруды, дербес жағдайда пәнаралық байланыс арқылы органикалық химияны жаратылыстанудың құрамдас бөлiгi ретiнде оқытуды талап етедi. Сонымен қатар бұл мақалада студенттерге органикалық химияны оқыту кезiнде экологиялық бiлiм мен мәдениеттi қалытастыру үшiн органикалық химияны оқытудың формасы, терминдерi келтiрiлген.
Ерiтiндiлер қатысатын реакциялардың теңдеулерi бойынша есептеулер
Автор(ы): Шоқыбаев Ж. Ә.*Баркытова Б. Н.*
Объем документа: C. 67-75
МРНТИ: 31.01.45*
Ключевые слова: растворы*уравнение реакции*химические уравнения*начальные вещества и продукты полученные в результате реакции*количество или объем вещества*химическая формулы*молярная масса*тепловой эффект реакции*массовоя доля выхода продукта*
Реферат: Бұл мақала ертiндiлерде реакция теңдеуi бойынша шығарылатын есептер жайында баяндалған. Химиялық теңдеулер арқылы көптеген есептеулер жұргiзуге болатыны белгiлi. Оның iшiнде реакцияға қатысқан және реакция нәтижесiнде түзiлетiн заттардың салмақ мөлшерiн немесе көлемiн есептеп табу; қосымшасы бар немесе концентрациясы белгiлi ерiтiндi түрiнде алынған бастапқы заттардың түзiлетiн өлшемдерiнiң мөлшерiне септеу; реакцияға қатысатын бастапқы заттың бiреуi артық алынғанда шығатын өнiмдердiң мөлшерiн есептеу; теориямен салыстырғанда өнiмдердiң практикалық шығымының процентiн табу; бастапқы заттың берiлген мөлшерiмен өнiмдерiнiң практикалық шығымы бойынша алынған өнiмдерiнiң мөлшерiн табу; заттың қоспасы әрекеттескенде түзiлетiн өнiмдерiнiң және қоспадағы құрам бөлшектерiнiң мөлшерiн есептеп табу сияқты есептiң түрлерiн айтуға болады. Химиялық теңдеулер бойынша есептердi шығару кезiнде, реакция теңдеулерiн құрастыру, оны теңестiру ережесiн жақсы бiлу қажет. Мақалада осы типтер бойынша сан есептердiң шығару жолдары көрсетiлген. Мақала авторлары осындай есептердi шығару арқылы студенттердiң ойлау қабiлетi дамып, ой өрiсi кеңейiп, алған бiлiмдерiн тереңдете отырып сарамандық бiлiк дағдыларын қалыптастыра алады деп есептейдi.
The role of information technology in teaching to solve tasks on chemistry
Реферат: An important component of science education is chemical education, improving the efficiency and quality of which is impossible without acquiring the skills students solve chemical problems. Teaching solution of chemical tasks always are attached great importance. In the program, which can be guided by a teacher, founded a systematic approach to teaching solutions of tasks, regularexecution which allows the students to form a chemical thinking. However, a small amount of hours devoted to study chemistry, lack of inner motivation of teaching solution of chemical tasks of many pupils and a number of other reasons don`t give opportunities to do this approach fully. It can be worse due to the ongoing reforms in the education system. Obviously, the situation will not change to the better without the use of new ways of teaching the solution of tasks in chemistry and without the development of methods of their use in the future.
Компьютерлiк моделдеу бағдарламаларын химияны оқытуда қолдану
Реферат: Мақалада ЖОО студенттерiне компьютерлiк модельдеу бағдарламаларын пайдалана отырып, органикалық пәндердi оқыту ерекшелiктерi қарастырылды. Компьютерлiк технологиялар оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерiн ой елегiнен қайта өткiзуде үлкен мұмкiндiктер ашып жатыр. Бiлiм берудi ақпараттандыру, бiрiншiден, педагогикалық мәселелердiң шешiлуiне себепшi болуы тиiс. Педагогикалық бiлiм берудi модернизациялау бағдарламасымен келесiдей мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шаралардың кешенiн жүргiзу: оқытудың заманауи формалары мен әдiстерiн, ақпараттық және компьютерлiк технологияларды, оқыту нәтижелерiн бағалаудың жаңа әдiстерiн меңгеру қарастырылған. Мақалада химия курсын студенттерге оқытуда танымдық қызметтерiн iске қосу үшiн компьютерлiк техниканы, бағдарламалық құралдарды және интернет ресурстарын қолданудың негiзгi бағыттары қарастырылады. Жұмыс нәтижелерi химияны оқытуда компьютерлiк технологияларды пайдалану сабақ үстiндегi оқу қызметiн саралауға мүмкiндiк беретiндiгiн, студенттердiң танымдық қызығушылығын iске қосатындығын, олардың шығармашылық қабiлеттерiн жетiлдiретiндiгiн, ақыл-ой қабiлетiн ынталандыратындығын көрсетедi. Сондай-ақ, жұмыста компьютерлiк модельдердi пайдалану, зерттелiнiп жатқан нысананың елеулi байланыстарын ашуға, оның заңдылықтарын тереңiрек анықтауға мүмкiндiк бередi, ал ол өз кезегiнде материалдың жақсырақ меңгерiлуiне алып келетiндiгi талқыланады. Студент құбылыстарды - өлшемдердi өзгерте отырып зерттейдi, алынған нәтижелердi салыстырып, сараптап, қорытынды жасауға қабiлеттi болады. Мақалада компьютерлiк модельдеу бағдарламалары технологиясын пайдалана отырып, ЖОО студенттерiмен жүргiзiлген педагогикалық эксперимент нәтижелерi көрсетiлген.
Реферат: Бұл мақалада Алтай өңiрiн мекендеген ежелгi түркiлер туралы мағлұматтар берiлген. Майәмiр, Берел, Құлажорға кезеңдерiне тоқталып, оның маңыздылығы сипатталады. Еуразия көне тарихында Алтай өңiрi ерекше маңызға ие. Өйткенi бұл мәдени-тарихи өңiр iлкi замандардан берi адамзат дамуындағы күрделi үдерiстермен тығыз байланысты. Мұнда ерте темiр дәуiрi кезiнде бiрнеше археологиялық мәдениеттер қалыптасып, дамығандығын археологиялық мәлiметтер толыққанды растап отыр. Алтайда өңiрдiң ежелгi тарихы әлi күнге дейiн кешендi түрде зерттелiнген жоқ. Еуразия тарихы мен өркениетiнiң көптеген түйткiлдi мәселелерiнiң түйiнiн шешетiн Алтай өңiрiнiң ерте темiр дәуiрi ескерткiштерi болып табылады. Аталған тарихи аймақта қола және ерте темiр дәуiрiнде тiршiлiк еткен тұрғындардың мәдениетiн зерттеу отандық тарихнамадағы көкейкестi мәселелердiң бiрi екендiгiн оның жалпы Еуразия тарихымен тiкелей байланысты екендiгi де аңғартады. Себебi, Алтай және Шығыс Қазақстан аумағында басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы сынды күрделi тарихи үдерiстер Еуразияның этникалық, саяси және тарихи картасын түбегейлi өзгертiп жiберген едi. Нәтижесiнде, қарастырылып отырған өңiрдiң мәдени дамуы, тұрғындардың этникалық келбетi мен заттың мәдениетi де азды-кемдi өзгерiстерге ұшырады. Мұндай өзгерiстердiң барысын, қайнар-бастаулары мен тарихи ағынын жазба деректердiң кемдiгiне орай, тек қана археологиялық қазба зерттеулерi негiзiнде қалпына келтiруге болады деп есептелiнедi. Жарқын мәдениеттерiн, бiрегей мәдени туындыларын қалдырған тайпалар мен халықтардың өткенiн екшеп, даму деңгейiн айқындау бүгiнгi күн талабынан да туындайды. Сан ғасырлар бойы Алтай аймағын мекендеп келген этностардық археологиялық ескерткiштерi мен мәдениеттерiн, тарихи кезеңдерiн ғылыми талдаудан өткiзу барысында, мұнда бiрiн-бiрi алмастырған майөмер, шiлiктi, берел, құлажорға, т.б. мәдени кезеңдердiң болғандығы сипатталады.
Значение Боралдайских сакских курганов в развитии туристической инфраструктуры страны
Реферат: Казахстан был с древних времен территорией, где встречались и сосуществовали кочевой и оседлый мир Евразии. Ранний период истории евразийских кочевников носит название скифо-сакского по имени двух больших племенных групп. Во взаимодействии и взаимопроникновении культур этих народов и зародилось вVII-VI вв. до н.э. блестящее искусство звериного стиля. В статье рассматривается значение Боралдайских сакских курганов в развитии туристической инфраструктуры страны. Боралдайские курганы являются перспективным проектом для развития туризма страны. Развитие туристской инфраструктуры предполагает культурно-экономическое развитие региона, обеспечение рабочими местами местных жителей, повышение уровня отраслей хозяйства путем предоставления услуг. В проект Боралдайские сакские курганы включен археологический парк. В план археологического парка включаются экскурсионные тропы и дорожки, смотровые площадки, спуски в раскопки, этнопарк и т.д. Для развития туристической инфраструктуры Казахстана в курганах предполагается расположить реконструированные курганы с ритуальными атрибутами. В основу концепции создания Боралдайского парка положена модель Tumuli Park. Поэтому в статье описываются сравнение с подобными парками в Венгрии под Будапештом и в Республике Корее в городе Кенджу.