Реферат: Мақалада, диаспора және ирреденттiң тiлдiк және тарихи мәнi мен оны ғылыми зерттеу саласы болып табылатын - диаспорология туралы сондай-ақ, қазақ диаспора және ирренеттiң қалыптасуының географиялық, тарихи себептерi көрсетiлген. Мысалы, Диаспораның грек тiлiнен енген шашырау - деген мән беретiн сөз екенiн, оның мағынасы халықтың бiр бiлегiнiң өздерiнiң ата-мекенiнен, тұрғылықты жерiнен түрлi себептермен қудалауға ұшырап, басқа елдерге қоныс аударуынан қалыптасқан адамдар екендiгiн, ал, ирредент сөзi италиан тiлiнен шыққан, мағынасы, қоғамдық-саяси өзгерiстерге байланысты шекара бөлiнiсi бойынша өзге мемлекет иелiгiнде қалып қойған ата-бабаларының тарихи отаны саналатын аймақта өмiр сүрiп, тұрып жатқан азаматтар екендiгiн ажыратып түсiндiрген. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге орналасуын экономикалық-әлеуметтiк және саяси география және қазақ халқының өмiрiндегi бiрқатар әрi тарихи оқиғаларға байланысты, ашығын айтқанда ХVII-ХVIII ғасырлар аралығы мен ХХ ғасырдың ортасына дейiнгi үш ғасырға жуық уақытқа созылған отарлаушылық соғыс салдарымен де байланыстыра қарастырылған. Әрi осы екi түрлi ұғымға қайсы елдiң этникалық қазақтарының тәуелдi екендiгi де қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстандағы қазақ халқының саны мен ұлттық құндылықтарын көтерудегi шетел қазақтарының маңызы айтылған.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының агроөнеркәсiп кешенiнiң экономикалық тиiмдiлiгi
Реферат: Мақалада Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданның аграрлық даму көрсеткiштерi және өңiрлiк шаруашылыққа маманданған кәсiпорындар, ауданға тартылған инвестициялар, шағын және орта кәсiпкерлердiң жүзеге асырған жобалары мен орындалуы тиiс жобалар көрсетiлген. Ауыл шаруашылығын жедел дамыту барысында көптеген iс-шаралар мен аудан кәсiпкерлерiне ел экономикасын жақсатру барысында мемлекеттiк қолдау шаралары қарастырылған. Аудан экономикасына ауқымды ауқымды табыс әкелiп жатқан шарауа қожалықтары мен кәсiпкерлердiң атқарып жатқан елеулi елеулi жұмыстары айқындалған. Ауданда өндiрiлетiн астық дақылдарын өндiру барысында және егiн егу табысты өнiм беруi үшiн аудан кәсiпкерлерi шетелдiк озық технологиялармен жетiк танысып келгенi көрсетiлген. Аудан шаруашылығы егiн шаруашылығы мен мал шаруашылығына маманданғандықтан экономикаға келiп жатқан табыстың басым бөлiгi осы салалардан келiп жатқандығы талданған. Сондай-ақ аймаққа тартылып жатқан ивестиция көлемiнiң маңыздылығы көрсетiлген.
Қазақстандағы балама энергетика көздерiн дамыту
Автор(ы): Абулғазиев А. У.*Қалдыбаева Ж. Б.*
Объем документа: C. 11-13
МРНТИ: 44.09*
Ключевые слова: энергия будущего*природные ресурсы*зеленые технологии*энергия ватра*источники энергия*экономия электроэнергии*рациональное использование ресурсов*зеленая экономика*охрана окружающей среды*ветреная электростанция*энергетический комплекс*
Реферат: Мақалада Қазақстанның энергетикалық кешенi iшiндегi - жел энергиясының мүмкiндiктерi және оның даму болашағы қарастырылады. Сонымен бiрге Қазақстанда Болашақтың энергиясы елiмiздiң энергоресурстарын тиiмдi пайдалану және сол сияқты сарқылмайтын ресурс түрлерiн пайдаланудың қазiргi жай-күйi туралы шолу жасалған. Жасыл экономика - бұл табиғи қорларды тиiмдi пайдалану есебiнен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнiмдерiн өндiрiстiк циклге қайтаруды қамтамасыз ететiн экономика. Жасыл экономика бiрiншi кезекте, қазiргi уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар - мұнай, газ) ресурстарды үнемдi тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиiмдi пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негiзiнде - таза немесе жасыл технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша жасыл экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзiнiң ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты бiздiң елде болдырмауға мүмкiндiк бередi. Елiмiзде табиғатты таза сақтау бойынша жасыл экономика жобалары жасалып, iргелi жұмыстарға басымдық берiлуде. Соның бiрi - жел энергетикасын заман талабына сай қолданысқа енгiзу, сол арқылы табиғатты таза сақтау. Заман күшi алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып барады. Өндiрiстi дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгiлi. Бұл жолдан өгiздi де өлтiрмей, арбаны да сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы - жасыл экономиканы дамытудың маңызы зор. Қазiргi таңда балама энергия көздерiнiң Қазақстан үшiн тиiмдiлiгi жоғары жел энергиясы екендiгi даусыз. Жел энергетикасы әлемнiң 80-нен астам елiнде энергетикалық кешеннiң едәуiр бөлiгiн құрайды. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердiң гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп.
Ақсу-Жабағылы қорығының Қазақстандағы экологиялық туризмдi дамытуға табиғи-рекреациялық мүмкiндiктерi
Реферат: Табиғат ресурстары мемлекет байлығының негiзi. Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай мемелекеттер қатарына жатады. Мақалада елiмiздiң оңтүстiгiнде орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығының табиғи-рекреациялық мүмкiндiктерi айтылады. Автор аталған ерекше табиғаты таңғалдырар нысанның әу баста құрылуы тарихына тоқталады. Сондай-ақ аталған табиғат аясын зерттеген ғалымдардың Д.Н. Кашкаров, Б.П. Тризна, Н.Х. Кармышеваның еңбектерi туралы талдау жасаған. Олардың еңбектерiнде сипатталған аймақтың микрофлорасы, микрофаунасы, гидрологиялық және геологиялық жағдайлары қазiргi қорықтағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге қосар үлесiнiң молдығын айтады. Сонымен қатар, қорық табиғатының сұлулыңын, ауасының тазалығын пайдаланып, экологиялық туризм жұмыстары жүргiзiлiп келетiндiгiнен хабардар етедi. Дегенмен аталған аймақтағы экотуризмдi дамытудың бұдан мол мүмкiндiктерi бар екендiгiн айта келiп, атқаруға тиiс жұмыстарды ұсынады. Ғылыми еңбекте өсiмдiктер дүниесiнiң алуан түрлiлiгiне, оның iшiнде орны ерекше қорық символы саналатын Грэйг қызғалдағы туралы сипаттама берген. Қызғалдақтың отаны елiмiмдiң Батыс Тянь-Шань өңiрi екендiгiн бүгiнде әлем ғалымдарының мойындағанын айтып өткен. Бұл бiздiң мақтанышымыз. Бұраң әсем гүлдiң шетел ғалымының атымен емес, өзi табиғи өсетiн алқаптық, немесе атамекенмен байланысты атаумен аталмағандығына қынжылатынын бүлдiредi. Сондай-ақ ерекше маңызы бар арша ормандарына тоқталып өтудi жөн көрген. Ғалымдардың дәлелдегенiндей, небәрi бiр ғана гектар арша алқабы күнiне ауа арқылы тарайтын 30 кг фитонцид бөледi. Фитонцид ағыны жүрген жерде микроб болмайды. Мақалада ауасы шипалы ормандары мен таза мөлдiр бұлағы бұрқыраған осынау аймақта экологиялық туризмдi дамыту мақсатында жорықтар, экскурсиялар және танымдық iс-шаралар өткiзуге мол мүмкiндiктер бар екендiгi қарастырылған. Ал, бұл мүмкiндiктердi iске асыруға экология және туризм салаларының бiлiктi мамандары бiрiге жұмыс атқаруы тиiс екендiгi айтылады.
Сорбция ионов тяжелых металлов сульфокатионитом на основе сополимера глицидилметакрилата
Автор(ы): Бектенов Н. А.*Садыков К. А.*Байдуллаева А. К.*Ашимова С. Ж.*
Реферат: На предприятиях цветной металлургии и металлоперерабатывающей промышленности в технологических процессах образуются сточные воды, загрязненные солями тяжелых металлов, которые оказывают весьма вредное влияние на экосистему. Одним из перспективных методов очистки сточных вод от ионов токсичных металлов является ионный обмен. Цель работы - изучение сорбции ионов тяжелых металлов кобальта (II) и свинца (II) новым сульфокатионитом на основе сополимера глицидилметакрилата (ГМА), трипропиленгликольдиакрилата (ТПГДА) и концентрированной серной кислоты. Связи с поставленной целю нами было синтезирован новый сульфокатионит на основе сополимера глицидилметакрилата (ГМА) и концентрированной серной кислоты. Задачи создания высококачественных материалов и высокопроизводительных ионообменных процессов могут быть решены лишь при детальном изучении как равновесных, так и кинетических свойств ионитов. В статических условиях изучена сорбция ионов тяжелых металлов Сo{2+}, Рb{2+} новым сульфокатионитом из модельных растворов в сравнении с промышленным сульфокатионитом КУ-2х8. Для сравнения сорбционных свойств полученного катионита была исследована извлекающая способность промышленного сильнокислотного сульфокатионита со средней степенью сшивки КУ-2х8. Исследовано влияние концентрации, рН модельных растворов кобальта (II) и свинца (II) и времени контакта сульфокатионитом на основе сополимера ГМА-ТПГДА и концентрированной серной кислоты. В результате экспериментальной работы было определено сульфокатионит ГМА-ТПГДА-Н(2)SO(4) по сравнению с промышленным КУ-2х8 обладает боле высокими сорбционными и кинетическими свойствами по отношению к ионам кобальта (II) до 383,0 мг/г за 2 часа при рН 3,2 и свинца (II) до 518,0 мг/г за 1 час при рН 2,9. Таким образом, на оснований исследований можно заключить, что наиболее перспективным для сорбции ионов кобальта (II) и свинца (II) является новый сульфокатионит (ГМА-ТПГДА-Н(2)SO(4)), проявляющий более высокую поглощающую способность, чем промышленный катионит КУ-2х8 и может быт внедрен на гидрометаллургических заводах.
Феромондар синтезi және оларды фитосанитарлық мониторинг мақсатында пайдалану
Автор(ы): Жақсыбаев М. Ж.*Базарбай Б.*Халилуллах А.*
Реферат: Мақалада феромондарды синтездеу мен оларды мониторинг үшiн пайдалану қарастырылады. Өсiмдiктердi қорғауда феромондарды қолданудың негiзгi 3 бағыты бар: мониторинг мақсатында қақпанға жәндiктердiң еркектерiн аулау, популяция санын төмендету мақсатында жәндiктердiң еркектерiн жаппай аулау және жәндiктердiң жыныстық коммуникациясын бұзу мақсатында алдау (дезориентация). Феромондар мен басқа да биологиялық активтi заттарды синтездеу кезiнде, синтездiң негiзi болып, ацетилендi қосылыстарды сәйкес цис- олефиндерге стереоталғамды сутектендiру болып табылады. Бұл үшiн ацетилен туындыларын: көмiрсутектер, карбинолдар, альдегидтер, күрделi эфирлер және т.б. қолданылады. Зиянкес жәндiктердiң қандай да бiр феромондарының компонеттерi болатын цис- және транс-олефиндi қосылыстардың синтезi шет елдерде үнемi жүргiзiлiп отырады. Үш байланысты қосылыстарды стереоталғамды гидрлеу жұмыстары көбiнде АҚШ, Жапония және Франция елдерiнде жүргiзiледi. Соған қарамастан цис-этилен туындыларының шығымы 97,2-98% құрайды. Осы бағытта, бiздiң мемлекетiмiзде, көптеген ғылыми мақалалар жарияланып, патенттер алынғанымен, ол жұмыстар, әртүрлi себептермен, өндiрiске енбей қалды. Ацетилендi қосылыстарды цис-этилендi туындыларына шығымы 99-100% болатындай етiп, жоғары стереоталғамды сутектендiру мақсатында, жаңа заман талабына сай, каталитикалық жүйелердi жасау, қазiргi кезде маңызды болып табылады. Бүгiнгi таңда ацетилендi қосылыстарды цис-, транс-олефиндерге сутектендiру механизмi әлi де толығымен ашылмаған. Сол себептi цис- және трансолефиндерге дейiн алкиндердi стереоталғамды сутектендiру үшiн, катализатор мен модификаторлық қоспаларды ғылыми түрде дұрыс таңдау әлi де болса қиынға соғуда. Ауыл шаруашылығы зиянкестерiмен күресуде және де қоршаған ортаны сақтауда, феромондарды қолданудың болашағы бар, сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды қайтадан жандандыру қажет деген қорытынды жасалады.
Қазақстан сарғалдақтарының-Ranunculus L. (Ranunculaseae Juss.) анықтағыш кiлттерi, экологиялық маңызы
Реферат: Сарғалдақтар туысы Қазақстан флорасындағы үлкен туыстардың бiрi. Осындай маңызды туыстық түрлерi туралы қазақ тiлiнде ақпарат көп таралмаған, оны көпшiлiкке жеткiзу қажет. Қазақстан сарғалдақтарының (Ranunculus L.) анықтағыш кiлттерң қазақ тiлiнде берiлген. Экологиялық мониторинг үшiн осы анықтағыш кiлттердiң мағынасы анықталды. Флораның нәсiлдiк қорын, алуан түрлiлiгiн сақтап қалу - бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Көптеген ғалымдардың Аралбай Н.К., Бейсенова А.С., Есполов Т.И., Шiлдебаев Ж.Б., Бейсенова А.С., Бакирова К.Ш., Сейтжанова Р.А., Мынбаева Б.Н., Қажымұратқызы А., Есимов Б.К., Исмаилова А.А., Шоқыбаев Ж.А., Қожағұлова Ж.Р., Ғылыми еңбектерiнде адамның өзiн қоршаған ортамен әрекеттестiгiне баса назар аударылып, экологиялық дағдарыстың алдын алу мақсатында бұл қарым-қатынастардың жаңа жүйесiн қалыптастырудың қажеттiлiгi негiзделедi. Сарғалдақтар туысы Қазақстан флорасындағы үлкен туыстардың бiрi. Сарғалдақтардың морфологиясы, биологиясы, экологиясы және адам өмiрiндегi маңызы қарастырылады. Сарғалдақтың (Ranunculus L.) негiзгi тiршiлiк формасы - шөптесiн өсiмдiк.
(Қазақстан сарғалдақтарының-Ranunculus L. (Ranunculaceae Juss.) анықтағыш кiлттерi, экологиялық маңызы)
Реферат: Сарғалдақтар туысы Қазақстан флорасындағы үлкен туыстардың бiрi. Осындай маңызды туыстық түрлерi туралы қазақ тiлiнде ақпарат көп таралмаған, оны көпшiлiкке жеткiзу қажет. Қазақстан сарғалдақтарының (Ranunculus L.) анықтағыш кiлттерi қазақ тiлiнде берiлген. Экологиялық мониторинг үшiн осы анықтағыш кiлттердiң мағынасы анықталды. Флораның нәсiлдiк қорын, алуан түрлiлiгiн сақтап қалу - бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болап табылады. Көптеген ғалымдардың Аралбай Н.К., Бейсенова А.С., Есполов Т.И., Шiлдебаев Ж.Б., Бейсенова А.С., Бакирова К.Ш., Сейтжанова Р.А., Мынбаева Б.Н., Қажымұратқызы А., Есимов Б.К., Исмаилова А.А., Шоқыбаев Ж.А., Қожағұлова Ж.Р., Ғылыми еңбектерiнде адамның өзiн қоршаған ортамен әрекеттестiгiне баса назар аударылып, экологиялық дағдарыстың алдын алу мақсатында бұл қарым-қатынастардың жаңа жүйесiн қалыптастырудың қажеттiлiгi негiзделедi. Сарғалдақтар туысы Қазақстан флорасындағы үлкен туыстардың бiрi. Сарғалдақтардың морфологиясы, биологиясы, экологиясы және адам өмiрiндегi маңызы қарастырылады. Сарғалдақтың (Ranunculus L.) негiзгi тiршiлiк формасы - шөптесiн өсiмдiк.
Влияние витаминов группы B на темпы роста проростков фасоли
Автор(ы): Загриценко И. П.*
Объем документа: C. 37-42
МРНТИ: 68.35.31*
Ключевые слова: семена фасоли*витамины группы В*рост*развитие*критерии роста*темпы роста*стебель*корневая система*объем корней*
Реферат: Данная статья посвящена актуальной проблеме изучения влияния витаминов группы В на рост проростков фасоли. Растения пятнистой фасоли выращивали на водном растворе отдельных витаминов группы В и их смесях. В течении 28 дней проводились фенологические наблюдения за темпами роста растений. В качестве критериев роста были выбраны высота растений, длина и количество корней, а также объем корневой системы. Результаты наблюдений за темпами роста показали, что имеются отличия в темпах роста растений, выращенных на разных вариантах по сравнению с контролем. Выращивание фасоли на растворах витаминов В(1), В(2), В(5) показало, что витамин В(5) исмесь витаминов B(2)+B(5) значительно стимулирует рост растений на 10,8%, в то время как витамин В1 (5,8%.)и смесь витаминов B(1)+B(5) (25,4%) ингибирует рост. Смесь витаминов В(1)+В(2)+B(5) оказывает также ингибирующее действие на рост, особенно на 14-е сутки (27,2%). С ингибированием ростовых процессов, рядом витаминов и их смесей следует отметить, что все витамины и их смеси оказывают мощное стимулирующее действие на объем корневой системы. Наиболее сильное влияние оказали витамины B(1); B(2); B(5), и смесь витаминов B(1)+B(2)+B(5), что будет способствовать лучшему поглощению воды и питательных веществ.
Райымбек ауданының өсiмдiк жамылғысының зерттелу тарихы мен құрылымы туралы
Реферат: Осы мақаланың авторлары Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетiнде жұмыс iстейдi. Осы авторлардың тiкелей қатысуымен 2013 жылдан бастап Райымбек ауданының Қызыл Кiтапқа енген өсiмдiктерi, олардың биологиясы, экологиясы және қорғау мәселелерi тақырыбындағы магистрлiк диссертацияны дайындау мақсатында ғылыми iзденiс жұмыстары жүргiзiлдi. Халықаралық табиғат қорғау практикасында қорғауға алынған биологиялық обьектiлердi in-situ және ex-situ жағдайында қорғау стратегиялары бар. In-situ қорғау стратегиясы биологиялық обьектiлердi тiршiлiк ету ортасында қорғаудың жан-жақты мәселелерiн қарайды. Бұдан шығатын қорытынды - түрлердi қорғау үшiн олардың өсу ортасын қорғау қажет. Еx-situ жағдайында қорғау стратегиясы биологиялық обьектiлердi өсу ортасынан тыс - мәдени жағдайда қорғаудың әртүрлi аспектiлерiне арналады. Сондықтан, өсiмдiктердiң өсу ортасын бөлу, бағалаудың маңызы зор. Осы мақалада бiз өсiмдiк жамылғысы туралы толық мәлiмет бергелi отырмыз. Жалпы Райымбек ауданы ботаникалық тұрғыдан аз зерттелдi. Осы тұрғыдан Күнгей Алатауының шығыс бөлiгiнiң флораларын зерттеуге арналған С.К.Мухтубаеваның, Кетпен-Темiрлiк жотасының флораларын зерттеген Г.А. Садырованың және Терiскей Алатауының дәрiлiк өсiмдiктерiн зерттеуге арналған Н.А. Сапарбаеваның диссертациялық жұмыстарын атап өтуге болады. Н.А. Сапарбаеваның, Г.А. Садырованың, С.К. Мухтубаеваның берген мәлiметттерiне сүйенсек, Райымбек ауданының түрлiк құрамында шамамен 1500-ге жуық өсiмдiктер бар. Бұл мақалада Райымбек ауданынының өсiмдiк жамылғысының зерттелу тарихы мен ауданның өсiмдiктерiнiң ерекшелiктерi қарастырылады. Онда дала, шалғынды-дала, орманды-шалғынды белдеу, шалғынды (субальпiлiк, альпiлiк шалғындар) белдеудiң өсiмдiктер қауымдастығы сипатталынып жазылған.