Реферат: Өзiн-өзi жетiлдiре алатын бәсекеге қабiлеттi тұлғаны тәрбиелеу яғни, Егемендi елiмiздiң өсiп келе жатқан ұрпағын ойлы да, iскер, өзiне-өзi сенiмдi, интеллектуалдық деңгейi биiк азамат етiп тәрбиелеу - бүгiнгi күннiң талабы. Осы ұсынылып отырған мақалада Әлемдiк жаhандану үрдiсiнiң әрi қарай өрлеу заманында үлкен тұлғаның ұлттық-психологиялық болмысын сақтай отыра, әлемдiк өркениетке енуi және әлемдiк аренада әр мемлекеттiң өз ұлттық ерекшелiктерiнде көрiну мен өзiн-өзi жетiлдiру мәселесi қарастырылады. Осы орайда тұлғаның мультимәдени ортада өзiн-өзi жетiлдiру мен өзiн-өзi жүзеге асыру мәселесi үлкен көкейтестiлiкке ие екендiгi жөнiнде сөз болады. Тұлғаның өмiр жолындағы тiршiлiк әрекетiнде өзiн-өзi жетiлдiру феноменiнiң атқаратын рөлi ерекше зор. Өзiн-өзi жетiлдiрудiң тұлға өмiрiндегi рөлiн түсiну оның мәнiн, мазмұны мен психологиялық және әлеуметтiк психологиялық детерминанттарын толық ашуға көмектесетiн психологиялық категориялар жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi. Өзiн-өзi жетiлдiру мақсатында өзiн-өзi жетiлдiру кеңестерi келтiрiлген. Тұлғалық дамудың интерперсоналдылық критерийлерi көрсетiлiп нақты түсiнiктемелердi қамтиды. Әр кезеңде тұлғаның өзiн-өзi ұйымдастыру мәселелерi де өзгерiп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейiмделетiндiгi анық. Қазiргi заманға сай Өзiн-өзi жетiлдiре алатын бәсекеге қабiлеттi тұлғаны тәрбиелеудiң бағыттары мен тиiмдi жолдары жайлы сөз болады.
Ер есiмi - ел есiнде мәңгiлiк мұра ретiнде
Автор(ы): Байғалиев Ә. М.*Мустафа Т.*
Объем документа: С. 71-74
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: патриотическое чувство к родине*великая отечественная война*геройский подвиг*
Реферат: Бұл мақала, жастарды отансүйгiштiкке, бойына патриоттық сезiмiн қалыптастыруға, ерлiкке, Отан сүйгiштiкке, елжандылыққа, аталар ерлiгiн мақтан тұта жалғастыруға шақырады. Батырлар туралы ойларын тереңдетуге, еңбектерiн сын тұрғысынан бағалай бiлуге, ұлы адамдардың өмiрiнен үлгi алуға, оларды қадiрлей бiлуге тәрбиелеу. Ел мен жер тарихында өзiндiк орны ерекше - Ұлы жеңiс жайлы баяндалады. Ерлiктiң салтанатты жеңiсiне 70 жыл уақыт өтсе де, бұл соғыстың салған жарасы әлi күнге дейiн барлық ұлттың жүрегiнде жазылмады, әлi де сақталуда. Жеңiс күнi - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшiн ортақ мереке. Бұл мереке - бейбiтшiлiк пен қайырымдылықтың мәңгi жасампаздығы. Ер есiмi - ел есiнде, - демекшi, бiзге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ата, аға, әпкелерiмiздiң ерлiгi мәңгi үлгi, тәрбие. Қай соғыста болмасын елiң, жерiн, отанын қасық қаны қалғанша қорғаған батырларымызды дәрiптеу, құрмет тұту, елге таныстыру, келешек ұрпаққа мұра етiп қалдыру. Жастарды отансүйгiштiкке баулу, патриоттық тәрбие берудiң бiр тармағы, осы Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң еншiсiнде. Батырларымыздың ерлiктерi - олардың Отанына деген сүйiспеншiлiктерi. Жастар, келешек ұрпақ сiздердi Отан алдындағы борышын адал атқарар абзал азамат, өз елiнiң патриоты болады деп сенемiз. Ер есiмi - ел есiнде мәңгiлiк мұра ретiнде. Ұлы жеңiске қол жеткiзген жауынгерлер ерлiгi мәңгiлiк үлгi, тәрбие.
Реферат: Аталмыш мақалада балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге арналған Балапан бағдарламасының мақсаты мен мiндетiн талдадым. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы 3 жастан 5 жасқа дейiн балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Зерек бала бағдарламасын және қазiргi жалпы бiлiм беретiн мектепке дейiнге ұйымдардың тәжiрибесiнде қолданылып отырған базистiк оқу жоспарының салыстырмалы нұсқасын ұсындым. Сонымен қатар әлеуметтенудiң бiрыңғай үдерiсiн құрайтын-баланың мүмкiндiктерiн, қабiлеттiлiктерi мен қажеттiлiктерiн түсiнуi арқылы тұлғалық даралануын қамтамасыз ете отырып, мектепке дейiнгi балаларды жан-жақты дамытуға, оның танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және потенциалдық мүмкiншiлiктерiн ашуға бағытталған бiлiм берудiң салаларына тоқталдым. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешiнiң шығармашылығын дамытуға қойылатын талаптарды қарастырдым.
Мастерство концертмейстера в работе с инструменталистами
Реферат: В данной статье расскрывается мастерство и профессионализм концертмейстера в работе с инструменталистами-домбристами, кобызистами. Какие трудности возникают при совместном разучивании произведения? Что значит быть хорошим концертмейстером? Деятельность концертмейстера подразумевает не только конкретную работу, но и разучивание партий, умение контролировать качество исполнения, знание исполнительской специфики. В деятельности концертмейстера объединяются творческие, педагогические, психологические функции. Основным направлением в работе концертмейстера является воспитание в ученике ансамблевых умений с первых шагов обучения игре на инструменте. Игра в ансамбле стимулирует заинтересованность в коллективное музицирование, расширяет кругозор учащихся, является незаменимым средством воспитания ансамблевых умений.
Реферат: Мақалада салтанатты кештерге арналған замануи жанұялық костюмдер қарастырылған. Замануи жанұялық костюмдер mini me немесе Family look стилi деп аталады. Мақалада mini me немесе Family look стилiндегi анасы мен қызына арналған модельдер ұсынылған. Жас аналарға арналған той көйлегi қатты қынамалы силуэттi, етегiне қарай кеңейтiлген, қондырмалы пiшiмдi қысқа жеңдi, костюмдiк, атлас және фатин маталарынан тiгiлген. Көйлек кеуде сызығанан кесiлмелi, яғни фатиннан орыналған корсет және фатиннен орындалған иықтық бөлшектерiнен құралған. Көйлектiң түймеленуi артқы бойдың ортаңғы тiгiсi бойынша жасырын сыдырмаға түймеленген. Көйлектiң безендiрулерi жасанды былғарыдан ою тәрiздес кесiлген аппликациямен безендiрiлген. Қызына арналған көйлек бел сызығы бойынша кесiлген, жоғарғы бөлiгi атлас матасынан, ал төменгi бөлiгi мақта және фатин маталарынан орындалған.
Металды көркем өңдеудегi түрлi ерекшелiктер
Автор(ы): Байсеңгiров М. Қ.*Ерназаров Ғ. Т.*
Объем документа: С. 5-8
МРНТИ: 18.31.51*
Ключевые слова: современные металлические обработки*химические вещества*художественная обработка*
Реферат: Бұл мақалада металл өңдеу сабақтарынан бiлiм беруде шеберхана жағдайында өңдеу тәсiлдерiн қолдану жайлары қарастырылып тиiмдi мүмкiндiктерге сипаттама жасалған. Металл өңдеу iсiнiң ерте замандардағы бастауларынан деректер келтiрiлiп, металды бұрамалау, сымкәптеу, нақыштау мен созу жайлы айтылады, сондай-ақ гравирлеу, металл бетiне күмiс шабу, қарала жүргiзу және металл бетiне басқа металды шабу тәсiлiмен жапсыру амалдары айтылады. Осыған қоса күмiстi өңдеу тәсiлiне байланысты ерекшелiктер, күмiстiң сипаттамасы, сонымен қатар жез бен мыстың және алюминийдiң физикалық құрамдары мен өңделу сипаттамасы келтiрiлген. Жоғарыда аталған металдардан жасалған бұйымдарды дәнекерлеу тәсiлдерi, тазалау мен ағарту, егеулермен өңдеу, металдарды өңдеуде шеберхана жағдайында қолдануға келетiн термикалық және химиялық түрлерi, металдарды химиялық өңдеудегi сақтық шаралары мен химиялық құрамдар, металл бетiне қақ жапсыру тәсiлдерi, оларды қолдану шарттары, қандай металл бетiнде қандай қақ түстерiн алуға болатындығы мен алюминийдiң өзiне тән өңделу ерекшелiктерi сөз етiледi.
Ш. Уәлихановтың графикалық сурет-терiн оқытудың маңызы
Реферат: Бұл мақалада Шоқан Уәлихановтың графикалық образдық жұмыстарын арнайы көркем орта бiлiм беру орындарында оқытудың маңыздылығы туралы айтылғанымен оны бiлiм беру жүйесiнде Шоқан тану атты курсында немесе Қазақ өнер тарихы пәндерiнде оқыту мүмкiндiктерi туралы айтылған. Сонымен қатар Қазақстанның тарих, мәдениеттену, өнертану ғалымдарының еңбектерi жазылып деректермен дәлелденген. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың суреттерiн қазақтың өнертанушысы Әлкей Хақанұлы Марғұланның сегiз кезеңдiк тақырыпқа бөлiп қарастыруы негiзiнде жасалған, Шоқан суреттерiн оқыту кезеңдерiнiң жiктемесi менШоқан графикасын оқытудың мүмкiндiктерiнiң жiктемесiне талдау жасалынып,оныарнайы көркем орта бiлiм беру орындары қабырғаларында, бiлiм алатын бiлiм алушыларға, қазақ халқының рухани құндылықтарын әлемге танытқан Шоқан Уәлихановтың мұралары мен оның бейнелеу өнерiндегi графикалық көркем бейнелерi арқылы жас ұрпақтың ұлтжандық қасиетiн қалыптастырып, ұлттық мәдени мол қазынаны, рухани тәжiрибенi тануға үйрету,оның бейнелеу өнерiнде алатын орны туралы ұсыныстар берiлiп талдау жасалған.
Музыка пәнiн оқытудағы инновациялық әдiстердiң мүмкiндiктерi
Реферат: Мақалада музыка пәнiн оқытудың сапасын арттыратын, оқыту үрдiсiн оңтайландыруды қамтамасыз ететiн оқытудың инновациялық әдiстерiнiң мүмкiндiктерi қарастырылған. Инновациялық жаңа әдiс тәсiлдердiң оқу үрдiсiнде жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызы мақалада жан-жақты қарастырылған. Оқытудың компьютерлiк технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамдас бөлiгi ретiнде оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдiсiн тиiмдi басқаруға мүмкiндiк беретiнi айтылған. Мультимедианы, электронды кiтапханаларды мәтiндiк, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттар, интернет, т.б. көрнекi материалдарды музыка сабағында пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейiн қойып тыңдауына және алған мәлiметтерiн нақтылауға мүмкiндiк беретiнi жан-жақты талданған. Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың белсендiлiгiн арттырып, сабақ нәтижелi бола түседi. Музыка сабағында оқушылардың пәнге қызығушылығын оятып, танымдық, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкiндiк беретiн инновациялық әдiс-тәсiлдердiң мүмкiндiктерiне сипаттама жасалған.
Реферат: Бұл мақалада жалпы педагогикадағы әдiстердiң музыкалық бiлiм беру саласындағы педагогикада да қолданылатыны қарастырылды. Олар: сөздiк, көрнекiлiк, салыстыру және т.б. Жалпы педагогикалық әдiстермен қатар өзiндiк музыкалық әдiстер де қалыптасты. Бұл ең алдымен, оқушылардың музыкалық iс-әрекеттерiнiң әр алуан түрлерiн қамтитын әдiстер. Оларға жататындар: эмоциялық драматургия әдiсi, музыкалық қорытындылау әдiсi, алды шолу, өткенге оралу, музыка туралытолғаныстар әдiсi, композициялық құру әдiсi, көркемдiк мәнмәтiндi құру әдiсi, интонациялық негiздегi көркемдiк пен техникалықтың өзара байланысы әдiсi. Бұл әдiстер оқушылардың музыкалық ойлауын, музыкалық қабылдауын дамытуға мүмкiндiк бередi.
Қазақтың зергерлiк әшекей бұйымдарының ұлттық мәдениетiмiздегi орны
Реферат: Қолөнер - ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлi өнер, атадан балаға мұра ретiнде бiзге жеткен дәстүрлi де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзi. Қандай халықтың қолөнерi болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, салт-санасымен астасып қатар өркендейдi. Қолөнер адам баласының көркемдiкке, нәзiктiкке, сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзiнше таңбалап бедерлеуiн, сұлулықты iздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдiк бейнелердiң өзiндiк ерекшелiктерiн бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретiнде жалғасын тауып келе жатқан қолөнерiмiздiң iшiндегi киелi әрi күрделiлерiнiң бiрi - зергерлiк өнер.Зергер - сәндiк бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлiк - әшекейлi бұйым жасау өнерi. Зергерлiк өнерiнiң ұлттық мәдениетiмiзде тарихи орны ерекше болумен қатар, бiр жағынан халқымыздың материалдық мәдениетiнiң дәрежесiн көрсетсе, екiншi жағынан - рухани жан дүниесiн, философиялық, эстетикалық көзқарастарын бiлдiредi. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде, халық өнерiн, салт-дәстүрiн меңгертуде зергерлiк өнердiң зор мәнi бар. Ұлттық мәдениетiмiздегi қолданбалы өнер халқымыздың тарихымен, ұлттық болмыс-бiтiмiмен, дүниетанымымен үндесе дамығанын көрсетедi. Тамырын тереңнен алатын қолданбалы өнердiң көрнектi саласы зергерлiк өнер тылсым сыры бар қасиеттi өнер, қастерлi кәсiп. Әсiресе, зергерлiк бұйымдардың iшiнде қазақтың қыз-келiншек, әйелдердiң тағынатын әшекейлерiнiң орны ерекше. Мақалада зергерлiк бұйымдарды негiзгi ұғым ретiнде ала отырып, оны тереңiрек қарастыруға, ұлттық мәдениетiмiздегi орнын тереңiрек түсiндiруге тырысамыз. Зергерлiк өнер туындыларының келер ұрпаққа берер тәлiмi, тәрбиелеу әдiстерiнiң пайдалы жақтары сөз етiледi.