Реферат: В работе представлены данные литературы о распространенности бронхолегочных заболеваний у детей, о механизме устойчивости к ним и основных направлениях оптимизации профилактической помощи.
Реферат: Мақалада гендік инженерлік препарат ісік некрозы факторы альфа ингибиторы голимума, препаратын ревматоидты артитпен ауыратын науқастарда тағайындапб емнің тиімділігін анықтау тәжірибесі туралы айтылады. Голимума, РА ауыратын науқастардың еміне биологиялық препарат ретінде қолданылдын, науқастардың буындарындағы қабынуды айтарлықтай азайтып, еңбекке қабілеттілігін жоғарылатты, жаңа терапевттік нәтижеге қол жеткізілді.
Psychological aspects of modern personality development on the basis of the intangible cultural heritage
Реферат: This article discloses the main problems of modern education in the context of Kazakhstan\'s cultural-historical theory. Developed the idea of the intangible cultural heritage in the development of personality. Also described some of the research staff at the Institute of Psychology KazNPU. Abay project MES \"Psychological support of the educational process in the modernization of the national education system\" for 2013.
Әскери қызметкерлердің қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Реферат: Мақалада әскери қызметкерлердің қарым-қатынасының психологиялық ерекшелік-тері талданады. Әскер (араб сөзінен әскер, ал парсы сөзінен ләшкәр), яғни ағынасы мелекеттің Қарулы Күштері, армия немесе оның бөлігі деген мағынаны білдіреді. Әскери адамдардың тұлғалық қасиеттері, өзге мамандар мен түрлі қызмет атқаратын адамдардан айырмашылығы мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді: әскерилердің басқа субъектілерге оларға сүйіспеншілігі мен жанашырлық көзқарасы; әскерилердің ұстамдылығы мен байсалдылығы; мінез-құлқын, сезім күйін билеу алуы және т.б. баяндалады.
Қарым-қатынастағы дау-дамайдың әлеуметтік-психологиялық әсерін теориялық талдау
Реферат: Мақалада қарым-қатынастағы дау-дамайдың әлеуметтік-психологиялық әсерін теориялық талдау және дау-дамай - күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл-күйлермен байланысты әртүрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болмауы туралы қарастырылады. Бұл дамушы ғылым ретінде әлеуметтік-психологиялық, заң және педагогикалық білімдердің жиынтығына сүйенеді. Бұл - қақтығыстардың тууы, дамуы, оны шешу, сонымен қатар, оның кері салдарын жою заңдылықтары туралы ғылым. \"Дау-дамай\" ұғымы міндетті түрде адамдардың немесе қандай да бір нәрселердің арасында пайда болатын көп деңгейлі құбылыстардың кең шеңберінде жатады.
Жеткіншектердің психикалық дамуы мен қарым-қатынасындағы дау-дамайдың пайда болуының психологиялық ерекшеліктері
Реферат: Мақалада жеткіншектердің психикалық дамуы мен қарым-қатынасындағы даудамайдың пайда болуының психологиялық ерекшеліктері талданады. Сонымен, даудамай дегеніміз өткір эмоциялық күйзелістермен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық және даудамай диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде - конструктивті және продуктивті қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады.
Балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтендіруіне қарым-қатынастың ықпалы
Реферат: Мақалада балалар үйінде тәрбиеленуші жетім ұғымымен қатар кейінгі кезде \"Әлеуметтік жетім\" ұғымы қолданыста бар. \"Әлеуметтік жетімдер\" дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты ата-аналары құқығынан айырылғандардың балалары және тастанды балалар туралы зерттелген. Әлеуметтік жетімдер балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, себебі олар толық жанұялық тәрбие көрмеген. Сондықтан балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтендіруіне қарым-қатынастың ықпалы қажеттілігі қаралған.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктеріне кәсіби мотивацияның әсері
Реферат: Мақалада кәсіби мотивтер мәселесі адамның іс-әрекет аумағында құрастыруға байланысты психологиялық тұрғыдан мотивадияның пайда болуына байланысты мәселелер, мотивтердің өзара қатынасқа түсу, өзара күресу мәселесі және мотивацияның адамның мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асу қарастырылған. Мұнда мотивтер көп жағдайда, іс-әрекетпен байланысты қарастырылады, мотивтер іс-әрекетті ынталандыратын ішкі (мақсатпен салыстырғанда) күш. Мотив - іс-әрекетсаласында қолданылатын функционалдық термин.
Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің алатын орны
Реферат: Бұл мақалада оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны мен зерттеуші ғалымдардың ой-пікірі сипатталады. Қазақ фольклоры жанрларының бірі бұл - ертегі. Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен.
Тұлғааралық өзара қарым-қатынасқа қажеттілік -тұлға белсенділігінің қайнар көзі
Реферат: Мақалада тұлғааралық қарым-қатынастағы кез келген қажеттілік тұлға белсенділігінің қайнар көзі әрі күрделі құрылымдық жиын болып табылатын қарым-қатынастың эмоциялық байланыстағы қажеттіліктері мен танымдық қажеттіліктеріне талдау жасалынған.