Реферат: ХХ ғасырдағы Қазақстанның мәдени-рухани жағдайы патша дәуiрi кезеңi болсын, кеңестiк кезең болсын, қашанда отарлық жүйенiң құрбаны болды. Отарлау саясаты әртүрлi бағытта жүрдi: қазақ жерi шикiзат базасы ретiнде қаралды, шұрайлы жерлер тартылып алында, ұлттық интеллигенция қудаланды, цензура, жеке басқа табынушылық пен дәстүрлi шаруашылықтың трансформациялануы орын алды. Бiрақ отарлаудың ең бiр ауыр түрi-мәдени отарлау. Қазақтар арасында сауаттылық деңгейi төмен болды, ал атқарушы билiк оны арттыруға, жаңа мектептер салуға, мемлекет қазынасынан қаражат бөлуге құлықсыз болды, тiптi белгiлi бiр кезеңде жергiлiктi интеллигенция қудалауға ұшырап, атылып кеттi. Осының бәрi қазақ халқының мәдениетiне жасалған геноцид деуге болады. Қазақтарға тiлi, дiлi мен дiнiнен айрылып мәңгүрттену қаупi төндi. Ресейден жер аударылғандардың санының артуы мен қазақ тiлiнде бiлiм мен ғылымға әдейi жасанды кедергi жасау ұлттың ассимиляциялануына әкелдi. Бұл этномәдени процестердi тек тәуелсiдiк алуымызбен ғана тоқтатуға мүмкiндiк туды. Ендiгi мақсат жүздеген жылдар жүргiзiлген отарлау саясатының нәтижелерiн жойып, салауатты, бiлiмдi жастар тәрбиелеп, болашаққа деген нық қадам жасау керек болды.
Қазақ ұлттық элитасының саяси күресi: жалпыресейлiк және жаhандық үрдiстер контексiнде (XX ғасырдың бас кезi)
Реферат: Мақалада қазақ ұлттық элитасының қазақ елiнiң тәуелсiздiгi мен отаршылдық саясатқа қарсы саяси күресi туралы баяндалады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының қызметi және патшалық отарлау саясатына қарсы жасаған iс-шаралары туралы айтылады. Сонымен қатар Бiрiншi орыс революциясының қазақ элитасына ықпалы және осы революциядан кейiнгi ұлт зиялыларының империя iшiнде болып жатқан саясатқа араласуы талқыланады. I және II Мемелекеттiк Думаға қазақ даласынан сайланған депутаттар және олардың қызметi мен отаршылдық саясатқа қарсы күрестерi көрсетiлiп, мерзiмдi баспасөздердегi еңбектер қарастырылады. Аталмыш мақалада 1916 жылғы көтерiлiс кезiндегi қазақ элитасы көзқарастарыныңекiге бөлiнуi және 1917 жылғы Ақпан революциясын қуана қарсы алуларының себептерi баяндалып, Ақпан революциясынан кейiнгi қазақ зиялыларының iс-әрекетi мен тәуелсiздiк алу жолындағы қызметтерi көрсетiледi. I жалпы қазақ съезiнiң маңызы мен оған қатысқан ұлт зиялылары туралы нақты деректердi де көрсетiп, Алаш партиясының қазақ тарихындағы орны және Тұрар Рысқұловтың бастамасымен құрылған Қазақ жастарының революциялық одағының маңызы мен мақсаты сипатталды.
Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы революциялық өзгерiстер тұсындағы қоғамдық-саяси қызметi
Реферат: Мақалада Мұстафа Шоқай мұсылман қауымының саяси санасын оятуда басты рөл атқарғандығы, сонымен қатар Ресейдегi сияқты бәсең пантураншылдық, тәуелсiздiктен гөрi автономия құру жолын дұрыс екендiгiн атап көрсетедi. Оның басты мұраты-бүкiл түркi халықтьарының басын қосу едi. Мұстафа Шоқай ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық, әлеуметтiк өмiрдi қайта жаңғыру үшiн бастаған қозғалыстың күш бастаушыларының бiрi болды. Ол басқа түркiстандық зиялылар сияқты ақпан төңкерiсi нәтижесiн үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкiмет тұсындағы Түркiстанда болып жатқан саяси оқиғаларға белсене араласады. Мұстафа Шоқайдың өмiрi Түркiстан халықтарының кеңес билiгiне қарсы жүргiзген демократиялық күрес тарихының маңызды бiр бөлiгi болып табылады. Өмiрiнiң соңына дейiн түрiк әлемiнiң бiрлiгi, Тұтас Түркiстан идеясын жүзеге асыру үшiн күресiп кеткен Алаш қайраткерi-Мұстафа Шоқайдың атқарған қызметiн толық ашып көрсетудiң маңыздылығына баса назар аударады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанға өз еркiнен тыс жер аударылған халықтардың әлеуметтiк және құқықтық жағдайлары
Реферат: Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының аралығында Кеңес үкiметiнiң Қазақстан территориясына өзге ұлт өкiлдерiн депортациялауы және қоныстандыруы туралы жазылған. Сол кезеңдегi депортацияның мақсаттары мен мiндеттерi және оның кеңiстiктер үшiн мемлекеттiк бiр саясат түрiне айналу себептерi баяндалады. Большевиктiк партия әртүрлi әлеуметтiк топтар мен жiктердi, аз ұлт өкiлдерiн, этникалық топтарды өз тарихи Отанынан күштеп жер аударту саясатына жүрiздi. Сөйтiп, оларды туған жерлерiнен басқа КСРО-ның шеткерi аймақтарына қуғындап, депортациялады. Мақалада осындай жағдайлармен Қазақстан жерiне қоныстандырылған ұлт өкiлдерi және олардың әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық жағдайлары қандай дәрежеде болғандығы көрсетiледi. 20-жылдары қазақ жерiне кеңес үкiметiнiң Ресейдiң орталық аймақтарынан күштеп жер аударылған бай-кулактарының құқықтық және әлеуметтiк жағдайы, 30-жылдары сенiмсiз ұлттар, iшкi жаулар ретiнде Қазақстан территориясына депортацияланған корей, поляк, курд және немiс халықтарының жер аударылу себептерi және статистикалық мәлiметтерi нақты деректер бойынша көрсетiледi. Большевиктiк партияның аз ұлт өкiлдерiн, тiптi бүтiндей бiр халықты тарихи Отанынан айырып, бұрынғы Ресей империясының шеткерi аймақтарына депортациялауы Кеңестiк үкiметтiң тоталитарлық мемлекет болғандығын көрсетедi.
Региональное сотрудничество Республики Казахстан и Соединенных Штатов Америки
Автор(ы): Жарасов А. А.*
Объем документа: C. 266-270
МРНТИ: 03.81.29*
Ключевые слова: Республика Казахстан*США*сотрудничество*экономический потенциал*перспективное сотрудничество*взаимоотношения*
Реферат: В статье автор на основе фактического материала отмечает исторические аспекты сотрудничества Республики Казахстан и Соединенных Штатов Америки. В статье указывается на особенности двусторонних отношений и развития регионального сотрудничества. Так, по мнению Президента Республики Казахстан, от уверения во взаимном почтении и уважении пора переходить к более тесной координации действий во внешней политике и экономике. Отмечая недавнюю дату 20-летия установления дипломатических Отношений между Казахстаном и США (за право первыми признать Казахстан независимым государством до сих пор спорят Соединенные Штаты и Турция, поскольку произошло это в один и тот же день - 25 декабря 1991 года), становится поводом не только подвести некоторые итоги, но и обозначить ключевые направления в развитии двусторонних отношений на будущее. И хотя о плюсах развития связей между Астаной и Вашингтоном на протяжении прошедших двух десятков лет уже много говорилось, в них по-прежнему остается немало разногласий (что, в принципе, абсолютно нормально), нестыковок и вполне предметных споров. Что касается очевидных выгод от взаимоотношений с Казахстаном для американской стороны, то они хорошо известны: Казахстан за все эти годы умудрился не нажить себе врагов в международных отношениях, а напротив - со всеми поддерживал ровные и взаимовыгодные связи. У Астаны была все эти годы самая предсказуемая среди всех постсоветских государств внешняя политика, плюс Казахстан добровольно избавился от накопленных на его территории арсеналов ядерного оружия.
Орталық Азиядағы АҚШ геостратегиясының негiздерi
Автор(ы): Көпбаева Қ.*
Объем документа: C. 271-276
МРНТИ: 03.81.29*
Ключевые слова: Казахстан*США*геостратегия*Советский Союз*страны Центральной Азии*президент*стратегия*
Реферат: Мақала Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiнгi кезеңнен бастап Америка Құрама Штаттары тарапынан Орталық Азия мемлекеттерiне бағытталған геостратегиялық саясаттың негiздерiн талдауға арналған. Онда АҚШ-тың Ресей ықпалын шектеп, өзiндiк стратегиялық жоспарларын анықтауы кезiндегi тарихи үдерiстер толық сипатталады. В Клинтон әкiмшiлiгiнiң сыртқы саяси стратегиясындағы дүниежүзiнiң түрлi аймақтарына өз ықпалын кеңейтуге бағытталған, соның негiзiнде Орталық және Шығыс Еуропада елеулi жетiстiктерге жетiп үлгерген АҚШ саясатының геостратегиялық қадамдары талданған. Сонымен қатар елiмiздiң дүниежүзiнiң өзге елдерi iшiнде АҚШ-пен тиiмдi де тең дәрежелi келiссөздерге талпынысы мен қол жеткiзген жетiстiктерi сарапталып, Қазақстан-АҚШ қатынастары мәселесiне де ерекше ден қойылады. Әрi АҚШ-тың Қазақстанға қызығушылығының экономикалық тұрғыдағы маңызына назар аударылып, Қазақстан-АҚШ экономикалық байланыстарының тұйық тұстары талданады. Сонымен қатар мақала барысында америкалық геостратегияның бұрын-соңды болмаған жаңа жағдайы көрсетiлiп, әсiресе ХХ ғасырдың ортасына дейiнгi Америка Құрама Штаттарының геостратегиялық тәжiрибесi талданады. Мақала барысында мәселеге қатысты бiрқатар зерттеушiлердiң еңбектерi, тұжырымдары, пiкiрлерi сарапталып, өзара салыстырылып көрсетiледi.
Қару-жарақтарды экспозициялау және экскурсия iсiне енгiзу
Реферат: Мақалада қару-жарақтарды экспозициялау және экскурсия iсiне енгiзу әдiстерi, қару-жарақтардың музейлiк экспонат ретiнде маңызы қарастырылады. Қазақ халқы қару-жарақтар түрлерiн жетiлдiру мен дамытуда өз алдарында өмiр сүрген мемлекеттердiң, дала көшпелiлерiнiң iзiн басқанымен, өзiндiк ұлттық ерекшелiктерi болды. Кей қаруларға қазақи жалпақ тiлмен ат қойылуын, қаруларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерiн қалыптау, зерлеу, күмiстеу, соқпалау, термелеу, орамалау, құю, шеку, өру, қақтау, кiрiктiру, дәнекерлеу әдiстерiмен соғуды ерекшелiктердiң бiр қыры ретiнде айтуға болады. Мақалада ҚРОММ қазақ этнографиясына арналған экспозициясының бiр бөлiгi қару жарақтар коллекциясы сипатталып, қару-жарақтардың қолдану аясы және экскурсия iсiнде ұтымды пайдалану мәселелерi көтерiледi. Қару-жарақ экспозициясы Қазақ этнографиясы залының қорытынды тақырыбы болғандықтан, музейлiк экскурсия жүргiзу объектiсi ретiнде маңызды болып саналады. Экскурсия iсiнде қару-жарақ экспозициясын түсiндiруде интерпретация, яғни түсiндiрудiң күрделi жолы қолданылады. Экспозиция мен экскурсия iсiндегi қойылатын негiзгi музейлiк талап бойынша экспонаттың қолданыстық мәнi мен адам өмiрiнде, оның тiршiлiк қамы жүйесiнде алатын орнын ашу үшiн музейлiк затқа қатысты ғылыми, фольклорлық, ауызша, жазба деректердi қоса қамтып айтудың маңызы ерекше.
Реферат: Бұл мақалада 1923-1924 жылдары Ташкент қаласында жарық көрген Сана журналының қазақ қоғамындағы ағартушы-танымдық рөлi қарастырылады. Журнал Түркiстан қазақ-қырғыз бiлiм комиссиясының төрағасы, Алаш қайраткерi Халел Досмұхамедұлының бас редакторлығымен шығып тұрған. Ол ұлттық негiздегi бiлiм беру, мектеп қалыптастыру жолында аянбай күрестi. Өз кезеңi үшiн өте маңызды, ерекше бағыт ұстанған басылым болды. Санада Алаш ардақтыларының азат ойлы, өз рухты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған көсемсөздерi жарияланған. Басылымы халықтың ағартып, мәдениетiн көтеру, ұлттық бiлiм берудi жүзеге асыру мұратымен ерекшеленедi. Бiлiм болғанды, ұлттық негiздегi бiлiм. Бiрақ алғашқы жоспарлағандай емес, 1923 жылғы қаңтар айында 1-саны, 1924 жылы қараша айында 2-3 сандары қосылып жарық көргеннен кейiн жабылған. Бар-жоғы 3 саны жарық көрсе де оқырмандарға берерi көп болды. Сана журналында Мектеп, Әдебиет, Халық әдебиетi, Мәдениет майданы, Тәрбие-тәлiм, Сын, Ойын-сауық бөлiмдерi болды. Басқа басылымдардан ерекшелiгi-Ойын-сауық бөлiмiнде қазақ халқының ұлттық ойындары насихатталып, ойнау тәртiбi туралы жазылды.
Влияние состава питательных сред и физико-химических параметров культивирования на биосинтез антибиотиков
Автор(ы): Треножникова Л. П.*Саданов А. К.*Хасенова А. Х.*Ултанбекова Г. Д.*
Реферат: В обзорной статье на основании литературных источников анализируется влияние источников углерода и азота, неорганических солей и рН на биосинтез антибиотиков
Изучение микробиологического режима почвы при инокуляции семян сои
Автор(ы): Бекенова У. С.*Жакеева М. Б.*Мухамедова Н. С.*Шорабаев Е. Ж.*Саданов А. К.*
Объем документа: С. 14-16
МРНТИ: 68.03.07*
Ключевые слова: соя*микроорганизмы*почва*
Реферат: Инокуляция семян сои клубеньковыми бактерями в комплексе с минеральным удобрением оказала положительное влияние на микробиологический состав почвы Кызылординской области. Определение количественного состава физиологических групп микроорганизмов в почве мелкоделяночных участков под соей показало, что общая численность микроорганизмов варьирует от 0,3+0,9.106 до 5,3+0,7.106 КОЕ/г почвы.Установлено, что численность азотфиксаторов в почвах под соей колеблется в пределах от 0,1+0,1х105 до 1,6+1,4х106, целлюлолитических бактерий и аммонификаторов - от 1,1х102 до 1,1х105 КОЕ/г почвы.