Реферат: Мақалада Қызылорда облысы, Шиелi ауданының аумағына қарасты Қаратау жотасының Сауысқандық петроглифтерiне байланысты зерттеушiлердiң еңбектерiне тоқталып, зерттеу нәтижелерi келтiрiлген. Петроглифтерде әртүрлi кейiпте бейнеленген аңдарға, тiршiлiк етiп жатқан ежелгi тайпаларға, табиғи құбылыстарды жартас беттерiне қашап түсiрiлген суреттерге сипаттама берiлген. Жартасқа салынған антропоморфты, зооморфты суреттер арқылы сол дәуiрлерде өмiр сүрген тайпалардың дүниетанымдық көзқарастары талданған. Аталмыш орын петроглифтерiндегi әртүрлi сюжеттер мен композициялар сан алуан тұрмыстық дiни таным, мифологиялық ой-өрiстермен тiкелей байланысты. Қаратау петроглифтерiнiң мерзiмi ежелгi қола дәуiрiнен бастап, ортағасырдық қазiргi этнографиялық кезеңдерге дейiн созылып жатыр. Петроглифтердiң басым бөлiгi қола дәуiрiне жатады. Қола дәуiрi-Еуразия кеңiстiгiн қоныстанған көптеген халықтардың бейнелеу шығармашылығындағы, әсiресе, жартасқа сурет салу өнерiнiң шарықтау кезеңi болып табылады. Ежелгi адамдардың дүниетанымы табиғатқа тәуелдi болғаны анық. Қаратау етегiнен қола дәуiрiнiң жерлеу ғұрыптары жалпақ тастардан, жерге жатрылай батырылып, орнатқан тас қоршау түрiнде болып келедi. Қоршаулардың пiшiмдерi тiк төрт бұрышты, квадрат түрiнде де кездеседi. Жерлеу орындары Орталық Қазақстандағы Нұра ескерткiштерiмен салыстырылып, жартас бетiндегi суреттердi жiктеп, анықтама беру арқылы қарастырылады.
Ауызекi тарих (Oral history). Интервью-зерттеу әдiсi ретiнде
Автор(ы): Досыбаев Н.*
Объем документа: C. 200-204
МРНТИ: 03.20.07*
Ключевые слова: метод*интервью*вопросы*правила*черты характера или качество*информация*
Реферат: Ауызекi тарих әдiстерiне: биографиялық, нарративтi, тереңдетiлген интервью, аудиожазбаларды меңгеру, алынған естелiктердi сұрыптау жатады. Ауызекi тарих бұл әңгiме немесе жай сұхбат емес. Зерттеушiге интервью жүргiзу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер жөнiнде ақпараттарды табуға жол ашылады. Мұндай ақпаратты сауалнама әдiсiн қолдана отырып алуға болады. Бұл әдiс ауызекi тарихта кеңiнен тараған және барынша жиi қолданылатын әдiстердiң бiрi. Сауалнама, әсiресе, индивидтердiң субъективтi жай-күйi жөнiнде мәлiмет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдiс болып есептеледi. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдiстiң түп негiзiн құрайды. Сұраулардың көмегiмен ақпарат жиналады. Бұл мақалада интервью жүргiзудiң ережелерi мен сауалнамашыға тән қасиеттер және шетелдiк ауызекi тарихшылардың тәжiрибелерi баяндалады. Ауызекi тарих бойынша кiшiгiрiм жеке жоба орындау үшiн қойылатын сұрақтар, пайдаланылатын құрал-жабдықтар, жүргiзiлетiн орындар, дұрыс ұйымдастырылған интервью сценарийлерi туралы мәселелер қарастырылады.
Об определении источников комплектования архивов в методических документах
Автор(ы): Бахторазов А.*
Объем документа: C. 205-210
МРНТИ: 13.71.07*
Ключевые слова: источники комплектования государственных архивов*методические рекомендации*методический документ*организационная основа*
Реферат: Статья посвящена глубокому всестороннему изучению методики определения источников комплектования государственных архивов, которое является важным направлением деятельности архивов и которому придается особое значение. Определение источников комплектования - важнейшее условие оптимизации состава и содержания документов Национального архивного фонда Республики Казахстан. Данная работа архивов является основой создания полноценной источниковой базы, всесторонне и объективно отражающей историю развития государства и общества. Термин определение источников комплектования государственных архивов очень широкое понятие. Он означает изучение структуры и основы организации, анализ ее основных направлений деятельности, определение состава и содержания образующегося в ее деятельности комплекса документов. Также в данное понятие входит определение формы приема документов от организаций, включенных в Список источников. Обретение Казахстаном государственности, проведение административно-экономических и социальных реформ привели к возникновению новых видов организаций. В их деятельности создаются новые виды документов, подлежащие передаче на государственное хранение. Принятие Закона Республики Казахстан О Национальном архивном фонде и архивах дает реальную основу для разработки методических документов, позволяющей государственным архивам осуществлять правильный прием документов от новых организаций. Государственные архивы могут использовать методические рекомендации в практической работе по уточнению и ведению конкретных списков источников комплектования.
Шетелдiк мұрағаттардың тарихи құжаттарды жариялау тәжiрибесi
Реферат: Бұл мақалада шетелдiк мұрағаттардағы тарихи құжаттарды жариялаудағы тәжiрибе мәселелерi қарастырылған. Тарихи құжаттардың жариялану қарқыны мен проблемалары және олардың тарихи-құжаттық жинақтарда көрiнiс табуы туралы айтылады. Шетелдiк мұрағаттардан Қазақстан тарихына байланысты құжаттардың көптеп табылуы және сол құжаттардың елге оралуы, көпшiлiкке жария етiлу мәселелерi қарастырылған. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен мұрағатты сарапшы мамандар Польша Республикасының Қорғаныс Миистрлiгiне қарасты Болеслав Валигори атындағы Орталық әскери мұрағатта Қазақстан тарихына қатысы бар құнды құжаттарды iздестiру-зерделеу мақсатында жұмыстар жүргiздi. Аталмыш мұрағаттан Прометей Лигасының қызметi, жекелеген ұлттық эмигранттық ұйымдар шығарған газет-журналдар туралы тың деректер табылғандығы жөнiнде айтылады. Мақалада Қазақстан, Ресей және Беларусь мұрағатшылары бiрiгiп ХХ ғасырдың қаралы парағы, бұрынғы КСРО халықтарының ортақ трагедиясы, миллиондаған адамның өмiрiн алып кеткен аштықтың ащы шындығын көрсететiн Голод в СССР, 1929-июль 1932 деген 2 кiтаптан тұратын құжаттар жинағының 1-томының жариялануы айтылады.
Қазақстан территориясына Ислам дiнiнiң ену мәселелерi
Реферат: Бұл мақалада ислам дiнiнiң қазiргi Қазақстан территориясына енуiнiң тарихы айтылады. Ислам дiнi қазақ жерiне тек уақыты жағынан емес, сонымен қатар территориясы жағынан да ақырын ендi. Бұл ұзақ уақытқа созылған үдерiстiң әр кезеңiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Солардың бiрi-Талас маңында арабтардың қарақытайлармен болған шешушi шайқасы туралы мәлiметтер. Атлах шайқасының себептерiн айқындасақ, ислам дiнiнiң қазiргi Қазақстан территориясында бейбiт жолмен таралғанына дәйектер келтiрiлген. Қарахандар түркi мемлекеттерiнiң тарихында тұңғыш рет ислам дiнiн мемлекеттiк дiн етiп жариялады. Сонымен қатар мақалада алғашқы мешiттер мен медреселердiң салынуы туралы да айтылады.
Шыңғыс хан мемлекетiнiң сыртқы саясатта қолданған барлау әдiстерi мен дипломатиясы
Реферат: Бұл мақалада Шыңғыс хан негiзiн қалаған Моңғол империясының сыртқы саясатта қолданған барлау әдiстерiнiң шеберлiгi мен дипломатиясы туралы айтылады. Моңғолдар қысқа уақыт iшiнде әлемдiк дәрежедегi мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдiк тарих сахнасындағы ең iрi мемелекеттермен байланыс орнатты. ХIII ғасырда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары құрған Ұлы Моңғол мемлекетi Түрiк қағанатынан да кең аумақты қамтыды, сөйтiп жаңа билеушi элитаның тууын қайталап қана қоймай, Ұлы Далада Моңғол империясының мұрагерлерiнiң мемлекеттерi iшiндегi билiк қатынастары жүйесiн анықтайтын тұрақты, көп ғасырлық саяси дәстүр қалыптастырды. Мақалада моңғол әскерлерiнiң барлау iстерiн жүргiзудегi шеберлiгi мен тапқырлығы туралы айтылады. Қарсыластарын әлсiрету үшiн моңғолдар барлық мүмкiндiктердi па!йдаланды. Ең алдымен олар сол елге өз тыңшыларын қаптатып жiбердi. Тыңшылар сол елдiң саяси, әскери, экономикалық жағдайы жөнiнде өте көп мәлiметтер жинап отырды. Өздерiнiң бүлдiргiш әрекеттерi арқылы ел iшiнде соғыс туғызуға тырысты. Сондай-ақ, мақалада Моңғол мемлекетiнiң жоғарғы билiк жүйесi қарастырылады. Осы ретте моңғолдардың билiк жүйесi ежелгi түркiлерден бастау алады дей келiп, оның басты сипаттары аталады.
Реферат: Мақала ортағасырлық моңғолдың Шыңғыс хан ұрпақтары негiзiн қалаған Алтын орда мемлекетiнiң мәдениетi тарихнамасына арналған. Мақалада Алтын орда тарихының мәселелерi бойынша жазылған еңбектер шартты түрде екiге бөлiнген: батыс және шығыс елдер зерттеулерi. Соның iшiнде алғашқысына Батыс Еуропа және Ресей зерттеулерi жатса, екiншiсiне отандық тарихшылардың еңбектерi жатқызылады. Мақалада Алтын орда мәдениетiнiң әрбiр саласына қатысты: архитектура, дiн, әдебиет, ғылыми зерттеу жұмыстары субъективтi түрде талданып көрсетiледi. Сонымен қатар тақырыпқа қатысты жекелеген мәселелер ұзақ жылдар бойы зерттелгенiмен, түрлi мемлекеттердiң, түрлi қоғамның идеологиясының әсерiнен бiржақты көзқарастар тұрғысында қарастырылды, ал ХХ ғасырдың 90-жылдарынан державаның тарихнамасына қатысты мәселелер бiржақты көзқарастардан азат етiлiп, тарихшылар арасында позитивтiк жақтарын көрсетуге деген пiкiрлерi басымдылыққа ие болғаны көрсетiлдi. Еуразия континентiнде бiрнеше ғасырлар бойы державалық мемлекет ретiнде өмiр сүрген және орта ғасырларда әлемдегi ең iрi мемлекеттiң бiрi болған Алтын орданың рөлi тек саяси-әлеуметтiк тұрғыда ғана емес, сонымен қатар мәдени маңыздылығымен де айқындалып, талданылды.
Дамыған ортағасырлық кезеңнiң этникалық үдерiстерiндегi қыпшақтардың орны мен олардың мемлекеттiлiгi мәселесi
Реферат: Мақалада қыпшақ тайпасының мемлекеттiлiгi мәселесi дамыған орта ғасырдағы этникалық үдерiстер негiзiнде қарастырылған. Қыпшақ тайпалары ұзақ жылдар бойында түркi тайпаларының ықпалында өмiр сүрiп келгенiмен, уақыт өте өзiндiк дербестiкке қол жеткiзе алған түркi тайпалары қатарына жатады. Тiптi олардың мекен еткен жерлерi де, қыпшақ этнонимiн қабылдауы да олардың саяси-экономикалық ықпалының басым болғандығының көрсеткiшi. Қыпшақ тайпасының саяси және этникалық тарихы Кеңес билiгi тұсында белгiлi шеңбер көлемiнде зерттелдi. Мақалада қыпшақтанушы ғалым Б. Е. Көмековтың, С. Г. Кляшторныйдың еңбектерiндегi қыпшақ тайпасының тарихы туралы ойлары сарапталған. Сонымен қатар мақалада қыпшақ пен куман этникалық атауларының өзара байланыстылығы немесе бiр мағыналылығы талқыланады. Зерттеушiлер Ю. А. Евстигнеев, П. В. Голубовский, В. В. Бартольд, И. Г. Кановалова зерттеулерiндегi қыпшақтардың этникалық тарихы туралы пiкiрлерiне талдау жасалған.
Қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырларының ерлiгi (Қанжығалы Бөгенбай бейнесi)
Реферат: Бұл мақалада Қазақ халқының қиын-қыстау заманда ел, жер үшiн күрескен батырлары жайлы сөз қозғалады. Қазақ хандығының басты бiтiспес жауы-жоңғарлармен болған соғыс туралы нақты тарихи деректер келтiрiлдi. Қазақ хандығының барынша күшеюiне үлесiн қосқан қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнiбек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары ерлiктерi айтылады. Әсiресе Қанжығалы бөгенбай батырдың ерлiк iстерiне ерекше тоқталады. Тәуке хан заманынан Абылай ханға дейiнгi аралықта бас сардарбегi болған Бөгенбай батырдың жоңғарға қарсы iс-қимылдарды ұйымдастырудағы ерекше қабiлеттерi жайлы деректер келтiрiлдi. Үмбетай жыраудың Бөгенбайға берген бағасы, Бұхар жыраудың батырдың ерлiктерiн жырлауы, Тәттiқараның жыраудың жоңғарға қарсы соғыста батырдың ерлiк iстерiн өз көзiмен көрiп, оны жырға қосуынан шағын-шағын үзiндi келтiрiлдi. Мақалада бұл мәселелердi қарастыруда қазақ тарихын жан-жақты зерттеген орыс тарихшысы А. И. Левшиннiң Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей атты еңбегi басты назарда болды.
Сыр өңiрi Ресей империясының құрамында
Автор(ы): Тажиева Б. К.*
Объем документа: C. 242-247
МРНТИ: 03.20.31*
Ключевые слова: район Сырдария*казахи*восстание*Коканское ханство*Российская империя*
Реферат: Аталмаш мақалада Сыр өңiрi қазақтарының қоғамдық өмiрiне патшалық әскери экспансиясының тигiзген ықпалы қарастырылады. Сонымен қатар Ресей империясының қазақ даласында отаршылдық саясатын жүргiзуде қолданған құйтырқы айла-амалдары баяндалады. Мақалада Ресей империясының отаршылдық саяси жүйесiндегi Сыр өңiрiндегi Кiшi жүз қазақстарының ауыр хал-жағдайы, қиынға соққан тұрмысы көрсетiлген. Мақалада отаршылдық саясатқа қарсы Кiшi жүз қазақстары тарапынан болған қарсылықтар және жүргiзiлген соғыстар талданған. Сонымен қатар Сыр өңiрi халқының этникалық және әлеуметтiк құрамындағы өзгерiстер де ғылыми сұрыптаудан өткен.