Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан: байланыстары мен даму болашағы
Автор(ы): Мекебаев Т. Қ.*
Объем документа: C. 130-135
МРНТИ: 03.81.29*
Ключевые слова: Шанхайская организация сотрудничества*сотрудничество*коллективная безопасность*Евразийский экономический союз*инвестиция*
Реферат: Мақалада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан Республикасы арасындағы саясат, сауда-экономикалық, қорғаныс, бiлiм саласын қамтитын байланыстарға талдау жасалып, даму болашағы сипатталады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы-ұжымдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдардың бiрi. Берiлген мақалада ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тиiмдi түрде күшейту мақсатындағы жүргiзiлiп жатқан келiссөздер мен iс-шаралар сарапталған. Мемлекеттер арасындағы мұнай құбырларын тарту, Қазақстан жерi арқылы өтетiн транзиттiк темiр жол магистральдары мемлекеттер арасында алыс болашақтың еншiсiн қамтитын жобалар болып табылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында ұжымдық қауiпсiздiк пен жаhандық лаңкестiк әрекеттерден қорғану бойынша тәжiрибе алмасу мақсатында әскери оқу-жаттығу жұмыстары жүргiзiледi. Бiлiм және ғылым саласында бiлiм беру жобаларын жүзеге асыру үшiн өзара бiрлесiп жұмыс атқару тәжiрибесi қалыптасып, ынтымақтастық жөнiнде де нақты қадамдар жасалынды. Мақалада ШЫҰ мен Қазақстан арасындағы қорғаныс және бiлiм саласындағы осындай жүргiзiлген нақты келiсiмдер мен бiрлескен iс-шаралар қарастырылған.
Реферат: Бiр мемлекеттiң ұлттық мүддесi қорғалуы үшiн бұл елдiң өзi қайратты және күш-қуаты мықты болуы қажет. Мұндай тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып, мақсатымыз маңызды тарихи оқиғаларға қысқа шолу жасап, Аспан асты елiнiң алып күш дәрежесiне жету үшiн жасаған қадамдарын көрсету болып табылады. Әлемдегi ең маңызды төрт жаңалықтың отаны саналатын Қытайдың қарқынды дамуы және оның ежелгi дәрежесiне қайта қауышу деп бағалануда. Ұзақ уақыт бойы тыныш жатқан Қытай оянып экономикада, ғарышта және қарулы күштерде жылдам iлгерiлеп келедi. Оған басты себеп Қытайдың өзiнiң ұйықтау кезеңiндегi кемшiлiктерiн жоя отырып, дамыған мемлекеттермен арадағы алшақтықты қысқартуға тырысуы болды. Бұл мақалада өркениеттiң бастауындағы мемлекеттiң даму жолындағы өндiрiс серпiнi, энергетикалық сұранысы және инвестициялармен қатар әскери күшi мен стратегиясындағы өзгерiстер де қарастырылды. Ондағы тұжырымдама жаhандық саясатта ықпалы артып, қуат-күшi сезiлген Қытай елiмен бақталас өзге сыртқы күштердiң сыртқы саяси қадамдары мен геосаяси мүдделерiн ұғыну үшiн пайдалы болмақ.
Қазақстандағы репатрианттардың бейiмделу және шоғырлану мәселесiнiң әлеуметтiк-мәдени көрсеткiштерi және белгiлерi
Автор(ы): Қалыш А. Б.*Исаева Ә. И.*
Объем документа: C. 144-152
МРНТИ: 03.81.35*
Ключевые слова: оралманы*репатрианты*адаптация*интеграция*социальное время*традиционные институты управления*
Реферат: Репатрианттардың жерсiну мәселелерi мемлекет және қоғамға экономикалық, әлеуметтiк-мәдени тұрғыдан қымбатқа түсуде. Этникалық репатриантттар идентификациясы, жерсiну және интеграция мәселелерi мiндеттi түрде зерттеулердi қажет етедi. Әлеуметтiк уақыт объективтi-субъективтi, бiрақ адамның өмiр сүруi қоғамдағы процестермен бағалай әрi өзiнiң шығармашылығын басқара отырып оны интерпретациялайды. Әлеуметтiк уақыт бiр мезгiлде ұжымдық және жеке де бола алады. жалпы ұжымдық оқиғалар мен жағдайларды адамдар өмiрлiк тәжiрибелерi арқылы таразылай отырып еңбек етедi, құндылықтармен алмасады, уақыттарын ұтымды пайдалана келе, алдын ала өз жоспарларына өзгертулер енгiзе алады. Мақалада репатрианттардың әлеуметтiк, физикалық жағдайлардағы өз уақыттарын игеруi және шекараларын ұлғайтуы, белгiлi бiр кезеңдерге координциялау жүйесiн құруы және осы бағыттарға, кезеңдерге өздерiн бейiмдеп қана қоймай, сонымен бiрге туған-туыс, өскелең ұрпаққа да бағыт-бағдар беру алу мәселлерi қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына оралған қандастарымыздың немесе отандастарымыздың басым көпшiлiгiнiң мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмауы, олардың кәсiбилiктерiнiң миграцияға дейiнгiдей болмауына да назар аударылып, көңiл бөлiнедi.
Оралмандардың қазақстандық қоғамға бiрегейлену үрдiсiн зерттеудiң теориялық-методологиялық негiзi
Автор(ы): Қалыш А. Б.*Касымова Д. Б.*Исаева Ә. И.*
Реферат: Мақалада репатрианттардың қоныс аударуы оларды қабылдаушы қоғам үшiн күрделi жоспарлы үрдiс екендiгi, аталмыш мәселенi зерттеу үшiн түрлi аспектiлермен теңесетiн жалпы әлеуметтiк-мәдени, экономикалық бейiмделу ерекшелiктерiн теориялық-методологиялық тұрғыдан тұжырымдау қажеттiлiгi қарастырылады. Қазiргi Қазақстан қоғамы репатрианттарды қалай қабылдайтындығын жан-жақты қарастыруға болады: қоғамдағы топтар оларды сырттай қалай қабылдайды және оралмандар өздерi қалай көрiнгiсi келедi. Этникалық репатрианттардың өмiрлiк iс-әрекетiндегi бiрегейлену және iшкi қозғаушы күштi түсiндiру үшiн қазақстандық ерекшелiктi ескере отырып, тексерiлген әлеуметтiк теорияға негiзделген, қазақстандық шынайылықты және репатрианттар тобының ерекшелiгiн ескеретiн әдiстеме жасауды талап етедi. Қоғам бiрегейлену құралы ретiнде заңдарды әлеуметтiк саясатты және әлеуметтiк ұйымдарға репатрианттарды енгiзу мүмкiндiгiн қамтиды. Репатриация өзара ауысып отыратын мәдени бейiмделу кезеңдерiнен тұрады: жаңа жағдайдың күткендiгiнен түбегейлi түрде өзгеше болып шығуына байланысты мәдени дағдарыстан бастап, әлеуметтiк мәдени кеңiстiкке сiңiсудiң дербес жолын құрастыруға дейiнгi аралықты қамтиды. Бiрегейленудiң бiрнеше сатысы бар: әлеуметтiк, саяси, экономикалық, мәдени. Осы және тағы да басқа басты мәселелер мақалада талданып, одан қандай қорытынды шығаруға болатыны анықталған.
Орынбор өлкесi қазақтарының мал шаруашылығы (XIX ғасырдың II жартысы-XX ғасырдың бас кезеңi)
Реферат: Мақалада Орынбор өлкесiнiң қазақтарының мал шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекшелiктерi қарастырылған. Бұл тарихи құбылысты жан-жақты ашу үшiн жазбаша, мұрағаттық, далалық этнографиялық мәлiметтер зерттелген. Ерекше назар аударарлық жайт: өлке қазақтарының дәстүрлi шаруашылығына патшалық Ресей жүргiзген отаршыл iс-шаралар керi әсер еткенi. Бұл жерлердiң тартып алуына, жайылымдардың қысқаруына, әдеттегi көш бағыттарының қирауына әкелген. Орынбор өлкесiнiң қазақтары, негiзiнен, этникалық сана-сезiмдерiн сақтап қалды, өздерiн қазақ халқының ажырамас бөлiгi деп есептедi. Дегенмен, уақыт келе олардың мәдениет элементтерiнде ерекшелiктер қалыптаса бастады. Сондай айырмашылықтар шаруашылық мәдениетте көрiнiс тапты: еңбектi ұйымдастыруында, орыс шаруаларынан қабылданған еңбек құралдарының көп таралуында, отырықшы малшылыққа ерте көшуде, үй малының түрлiлiгiнде. Орынбор өлкесi қазақтарының мал шаруашылығының ерекшелiктерiн талдай келе, мақаланың авторы келесi түйiн жасайды: Оңтүстiк Орал қазақтарының дәстүрлi мәдениетi жөнiнде маңызды болып келетiн ХIХ-ХХ ғ. басындағы тарихи материалдарды және далалық этнографиялық жұмыстар мәлiметтерiн оқып бiлу өзектi әрi ғылыми тұрғыдан зерттеудi қажет етедi.
Казахские ювелирные украшения: традиционность и современность
Автор(ы): Примкулова Г. Ж.*
Объем документа: C. 166-172
МРНТИ: 03.61.91*
Ключевые слова: материальная культура*традиционные национальные украшения*тюркоязычные народы*украшения ручной работы*религиозные представления*очистительные и магические свойства украшений*чеканка и гравировка*трансформация*
Реферат: В статье исследуются виды традиционных ювелирных украшений казахов и других тюркоязычных народов, в зависимости от возраста, социального положения и категорий их носителей. Также раскрываются проблемы трансформации национальных украшений как показателя материальной культуры народа в материальных ценностях современности. В настоящее время в связи с новой волной общественного интереса к национальным ювелирным изделиям, в отдельных селах наблюдается возрождение производственных традиций, чему способствует определенный спрос не только среди молодежи, но и среди старшего поколения. Дело в том, что ювелирные изделия являются неотьемлемой частью свадебной и др. семейной обрядностей, заменять же традиционные украшения золотыми фабричными оказалось обременительно. Как показывает изложенный материал, в городе Туркестане и на территории Южно-Казахстанской области комплекс национальной казахской одежды, украшений, равнокак и отдельные их элементы имеют реальное бытование среди представителей старшего и частично среднего поколения, особенно женщин.
Казахская народная мифология: на примере космогонических мифов
Реферат: Не смотря на огромное количество исследовательских работ, космогонические воззрения таят в себе еще множество загадок. И содержание мифологической картины мира, космогонии тюркских народов, в частности казахов,-одна из них. Мифологическая картина мира, прежде всего, основывается на понимании людьми происхождения и устройства мира. Казахской космогонии, как и большинству космогонии мира, была свойственна антропоморфизация (очеловечивание) окружающего мира. В ней нашли отражение самобытные и оригинальные мысли народа об окружающем его мире, о соотношении мира и человека. В космогоническом представлении различные сакральные мотивы, сюжеты, символы образовали своеобразный мир казахской культуры. Кроме всего прочего, и мировоззрение людей напрямую зависит от того, каким образом они в своих мифах описывали происхождение и устройство мира, используя мифологический тип мышления. Анализ материалов казахской космогонии показывает, что предками казахского народа была создана оригинальная и развитая космогоническая система, в которой нашла отражение картина мира, в целом. Таким образом, мифы о происхождении мира (космогонические) и об устройстве мира (космологические) представляют наибольший интерес для исследования.
Реферат: Мақалада қазақ күнтiзбесi ай амалдары арқылы ауа-райын алдын ала болжау, сол сияқты амалдардың мән-мағынасына байланысты мәселелер де қарастырылады. Мақалада автор қазақ халқының жыл санауы мен күнтiзбесi, мүшел есебi мен тоғыс есебiне көңiл бөледi. Ауа-райына байланысты болжамдарды есепшiлер жүргiзген, сонымен қатар ауа-райын алдын ала бақылап, мал жанжы түрлi апаттардан қорғаған есепшiлердiң бiлiмдiлiгi жөнiнде айтылады. Халық бiр жыл iшiндi айналып соғып тұратын ыстық, суық, қар, жаңбыр, жел, боран, аязды бiлдiретiн амалдарды қарастыра отырып, ұлттың сандық ұғымында амалдар наурыз айынан басталатындығы туралы айтқан. Оның iшiнде амал атауларына аса көңiл бөлген. Себебi осы амалдар арқылы жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа-райындағы және табиғат өзгерiстерi мен құбылыстарын халық әркез назарына ұстап, оған ат қоятын болған. Сонымен қатар мақалада дәстүрлi қазақ қоғамындағы ата-бабаларымыздың күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiнен жиналған бiлiмдер жүйесi ашып көрсетiлген.
Этнография казахской степи во французской периодике
Реферат: Ведущие французские газеты и журналы (например, Le Figaro, Le Temps, Revue du Cercle militaire: bulletin des reunions d\'officiers des armees de terre et de mer, Journal des voyages et des aventures de terre et de mer и т.д.) на протяжении ХIХ - первой трети ХХ вв. публиковали материалы по истории и этнографии казахской степи. Во французской периодике нашли отражение материалы о культуре, быте казахов, их внешнего вида, черт характера, одежды, отношения к старикам, образе мыслей, флоре и фауне региона, участии казахской степи в международных выставках и т.д. Анализ динамики публикаций статей показал, что этнографический интерес к казахской степи как научное направление постепенно перерастает в геополитический интерес к центральноазиатскому региону и Казахстану. Факт публикаций о казахах на страницах французской прессы свидетельствует о том, что казахская степь рассматривалась как наследница великих степных цивилизаций. Эти материалы ранее были неизвестны казахстанским исследователям и впервые вводятся в научный оборот.
Шыңғыстаудың қола дәуiрi ескерткiштерi (2002 жылғы зерттеу жұмыстары негiзiнде)
Реферат: Мақалада Шыңғыстау өңiрiнiң қола дәуiрi археологиялық ескерткiштерiнiң зерттелуi және оның өзiндiк ерекшелiктерi сипатталады. Аталған аудан археологиялық тұрғыдан алғанда аз зерттелген аймақтардың қатарына жатады. Кеңес дәуiрiнде мамандар тарапынан тек 1947 және 1949 жылдары ғана қазба жұмыстары жүргiзiлдi. Соңғы 15 жыл көлемiнде зерттеу жұмыстары қайта жанданды. Сондай кешендi зерттеулердiң бiрi-1999-2002 жылдарды жүргiзiлген барлау және қазба жұмыстары. Аталған жылдар аралығында барлау және қазба жұмыстарының нәтижелерi есепке алынып, толық құжаттандырылды және аймақтың топографиялық картасы жасалды. Мақалада Шыңғыстауда отандық тарихқа өзiндiк сүбелi үлес қосатын, археологиялық тұрғыдан алғанда аса қызықты ескерткiштердiң бар екенiне көз жеткiзу, оны ғылыми айналымға енгiзу мәселесiне назар аударылады.