Реферат: Мақалада ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының саяси жағдайы сипатталып, сол кездегi қазақ елiнiң алдына қойған басты мiндеттерi анықталған. Атап айтқанда, ол кезде бүкiл ел жұдырықтай жұмылып, жоңғар шапқыншыларына қарсы қарулы күрес жүргiзу, жоңғар басқыншыларын қазақ жерiнен ығыстырып шығарып, елдi азат ету - басты мiндет болғаны анықталған. Осындай басты мiндеттi iске асыру барысында Жәнiбек Бердәулетұлының жоңғар шапқыншыларына қарсы ұрыстарда көрсеткен батырлығы, ерлiк iстерi мен атқарған қоғамдық қызметiнiң тарихи маңызы жазба деректер негiзiнде дәйектелiп, ер Жәнiбектiң ұлттық батырға айналғандығы сипатталады. Сонымен бiрге ер Жәнiбек жөнiнде жазылған қисса дастандар мен айтылған аңыздарды тарихи жазба деректермен салыстырып анықтап, олардың қай кезеңде жазылғаны, тарихи шынайлығы мен деректiк құндылығы бағаланады. Жазба деректер мен ауызекi тараған деректер негiзiнде Жәнiбек батырдың ұлттық батыр деңгейiне көтерiлгенi дәлелденедi.
Жанқожа батыр және XVIII-XIX ғ. қазақ тарихының кейбiр мәселелерi
Автор(ы): Кәрiбаев Б. Б.*
Объем документа: C. 158-165
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: казахское ханство*Приаралье*нижнее течение реки Сырдарьи*Жанкожа батыр*государственность*Россия*Хива*
Реферат: Мақалада XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы батырларының бiрi - Жанқожа батырдың өмiр сүрген дәуiрiндегi қазақ тарихының кейбiр күрделi мәселелерi қарастырылады. Ондағы мәселелердiң бастысы - қазақ мемлекеттiлiгiнiң күйреуi барысының кезеңдерi. Қазақ хандарының Ресей билiгiне ант беруi мен аманат беруiнен басталған күйреу үдерiсi одан кейiнгi жылдары тереiдей түседi де, орыс әкiмшiлiгi халық өкiлдерi сайлаған ханды бекiту құқығын, таққа үмiткерлердi өзi таңдау құқығын иемденедi. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарының бiрiншi ширегiнде Ресей Қазақстанда хандық билiктi бiржолата жоюмен қазақ мемлекетiн тарихтың еншiсiнде қалдырады. Мұндай жағдайды пайдаланған Хиуа, Қоқан хандықтары Оңтүстiк Қазақстан, Арал маңы мен Сырдың төменгi ағысы бойында өмiр сүретiн жергiлiктi халыққа өз үстемдiгiн жүргiзе бастайды. Мемлекеттiлiгiнен айырылған қазақ халқы ауыр жағдайларға ұшырап, ел мен жердi қорғау iсi Жанқожа секiлдi батырлардың атқаруына тура келедi. Мақалада қазiргi кезеңде мұндай тұлғалардың өмiрi жас ұрпаққа өнеге деген қорытынды жасалды.
Мұрағаттардағы фотоқұжаттар түрлерi және ерекшелiктерi
Реферат: Мақалада мұрағаттардағы фотоқұжаттардың түрлерi мен ерекшелiктерi қарастырылады. Фотоқұжаттарды қазiргi тарих ғылымында тарихи дерек ретiнде қарастыру мәдениеттiң дамуына, белгiлi бiр деңгейде тарихи танымды жаңартуға өз үлесiн қосады. Еңбекте фотосуретматериалдың құрамына қарай иiлгiш полимерлi (фото - және кинопленка), қатты (шыны пластинкалар, керамика, ағаш, металл, пластмасса) және қағаздың құрамдағы (фотоқағаз) деп бөлiнедi. Фотосуреттер беттiк және орамалық (карточкалық, орамада), түрлi ұзындықтарда және көлемде болады. Фотосуреттiң негiзгi тасымалдаушылары пленка және қағаз деп көрсетiлген. Фотоқұжат - фотографиялық жолмен жасалған құжат. Фотоқұжаттардың пайда болуы XIX ғасырдың бiрiншi жартысымен байланысты. Фотоқұжаттар елеулi ерекшелiгiмен көзге түседi, бұл құжат оқиға болып жатқан сәтте туындайды. Сондай ерекшелiк фотоқұжаттарға үлкен құндылық бередi. Фотоқұжаттар маңызды тарихи құндылыққа ие және тарихи деректерге сүйенедi. Сонымен қатар фотоқұжаттаудың басты кемшiлiктерi мен мәселелерi анықталған. Басты мәселесi алынған ақпаратты сақтау. Қазiргi таңдағы ақпараттасымалдаушылар ақпаратты ұзақ жылдарға сенiмдi сақтауды қамтамасыз ете алмайды. Бiрақ ғылым бiр орында тұрған жоқ, Ғалымдар да ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауды қамтамасыз ететiн, көлемi кiшi болса да, үлкен ақпараттың сыйымдылығы бар ақпарат тасымалдағышын жасап шығаруға атсалысалысып жатқаны қорытындыланып өтедi.
Реферат: Кеңес Үкiметiне дейiнгi тарихнамада қазақ мемлекеттiлiгiнiң мәнi мен саяси формасы туралы мәселеге бiртұтас, мызғымас Ресей империясының позициясы тұрғысынан қарап келдi. Бiрiншi Петрдiң жарлығы негiзiнде Мұсылмандардың ым-жымын бiлдiрмей, мүмкiндiгiнше көзiн құрта беру керек деген нұсқау берiлдi. Соған сәйкес көптеген ресейлiк ғалымдар қазақ халқын түрiк, монғол және басқа халықтар тайпаларының одақтасуынан кездейсоқ пайда болды деп есептеп, оның арғы-бергi тарихына, мемлекеттiк құрылымына мән берiп қарамады. Тiптi қазақ тарихының Геродоты аталып жүрген А. Левшиннiң өзi бұрын-соңды қазақ мемлекеттiлiгiнiң бiрлестiгi болған емес, тек үш орда ғана болған деп есептедi. Өткенiмiздi, оң мен солымызды ендi танып, өткен тарихымызды бұрынғы еуроцентристiк, ұлыдержавалық қалдықтардан ендi-ендi ғана тазартып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан мемлекетi қашан құрылған, өзiндiк тарихы қай кезден басталады деген сауалдың қойылуы орынды. Бiреулер қазақ мемлекеттiгiнiң басталуын 1456 жылы Керей мен Жәнiбек сұлтандардың Әбiлхайыр ханнан бөлiнiп, iрге бөлектеуiнен санайды. Ал қазақтар мекендеген ұлы далада бұрын сақ, ғұн, түркi, хазар, қарахан, моңғол мемлекеттерi болғандығы тайға таңба басқандай ақиқат. Қазақ халқы өзiнiң арғы ата тегiн осы халықтармен тығыз байланыстырса, қазақ мемлекеттiлiгiнiң бастауын осы кезден басталғандығы деп есептегенiмiз дұрыс болады.
Ауызекi тарих (Oral History): кеңес кезеңiндегi Қазақстан тарихын зерттеуде қолдану жолы мен болашағы
Автор(ы): Досыбаев Н.*
Объем документа: C. 178-182
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: повседневная история*устная история (Oral History)*новое направление*исследование*простой человек*свидетели*новые возможности*
Реферат: Тарих - тоқтамайтын процес, оның оқиғалары әрқилы көзқараста әртүрлi көрiнiс беруi мүмкiн және әр уақыт оларды танып-бiлудiң, зерттеудiң жолдарын iздейдi. Соңғы он жылдықта күнделiктi тарих қазiргi тарих ғылымында маңызды бағыттардың бiрi болып отыр. Ауызекi тарих (Oral History) заманауи тарих бiлiмiнде жаңа ғылыми бағытқа айналды. Тарихшылардың осы мәселеге көңiл аударуы өткен тарихты меңгеру шегiнiң кеңейтiлгенiн куәландырады. Алғашында зерттеушiлер әлеуметтiк, экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени тарихпен айналысса, ендi басты назарға сол әлеуметтiк-экономикалық, саяси, конфессиялды, мәдени және басқа да тарихи процестiң факторларындағы адам және оның қызметi алынып отыр. Берiлiп отырған мақалада тек тарих саласынан бөлек өзiне философия, антропология, психология және басқа да ғылымдарды қосатын, жаңа әлеуметтiк тарих көрсетiледi. Ол көптеген шектеулердi шешедi, жалпы қоғам тарихын, әлеуметтiк-қоғамды кеңiрек меңгеруге мүмкiндiк бередi. Яғни дерек кеңiстiгi, зерттеу әдiстемесi және ғылыми анализ амалдары кеңейедi.
Қазақстан мен Ресей аумағының территориялық межеленуi (XX ғасырдың 20-жылдары)
Реферат: Бұл мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ даласының территориялық бөлiнуiнде кездескен қиындықтар туралы айтылады. Қай мемлекеттi алып қарасақ та, жер үшiн әрдайым күрес жүргiзген, яғни оның қадiрiн түсiнiп, бағалай бiлген. Мақаланың бас жағында қазақ халқы үшiн жердiң маңызды екенi көрсетiледi және өз туған жерi үшiн қан тiккен қазақ топырағынан өткен батырлар мен хандар туралы қысқаша мәлiмет берiледi. Негiзгi оқиға КСРО мен Қазақстан шекарасын белгiлеу барысында туындаған мәселелер мен қабылданған шешiмдерге қаратылады. Қазақ АКСР мен қазiргi Қазақстан республикасының шекарасы туралы әңгiме қозғалғанда, Алаш зиялыларының еңбегiн атап кетпеу мүмкiн емес. Сондай қайталанбас бiртуар азаматтардың арқасында қазақ елi өз ата-бабасынан қалған жер үлесiн сақтап қалды деп айтуға әбден негiз бар.
Тәуелсiз Қазақстан Республикасы мен Қытай мемлекетi арасындағы алғашқы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен даму факторлары
Автор(ы): Бужеева А. Б.*
Объем документа: C. 187-192
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: Республика Казахстан*Китайская Народная Республика*отношения*геополитическое*геоэкономическое*
Реферат: Мақалада Тәуелсiз Қазақстан Республикасы мен Қытай мемлекетi арасындағы алғашқы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуына талдау жасалған. Тақырыпты зерттеуде осы кезеңнiң қысқаша зерттеу тарихы мен тарихнамасына тоқталған. Мақаланың негiзгi бөлiгiнде Қазақстан Республикасы мен Қытай мемлекетi арасындағы 1990 жылдардан бастау алған алғашқы қатынастардың алғышарттары мен себептерi баяндалады. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастың орнауы екi мемлекеттiң ортақ мүддесi едi, себебi екi елдiң геосаяси және геоэкономикалық жақтан бiр-бiрiн қажет ететiн және толықтыратын тұстары өте көп. Кеңес Одағы ыдырамай тұрып, Қазақстанның шетелмен жеке мемлекет ретiнде байланыстар орнату мүмкiндiгi болмағаны белгiлi. Әйтсе де, қазақ КСР-iнiң көршiлес жатқан Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданымен байланысы айтарлықтай дәрежеде дамыды. Шыңжаң мен қазақ КСР арасында 1989 жылы сауда ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қойылды. Қазақстан Республикасы 1990-жылдардың басынан Қытайдың негiзгi серiктесiне айналды. Елiмiз тәуелсiздiкке қол жеткiзген соң Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас талаптарының бiрi - Қытай мемлекетi сияқты көршiлес әрi державамен дербес жаңа байланыстар орнату болды. Қазақстан мен Қытай мемлекетi осы кезеңде тарих сахнасында алғаш рет тең құқықтық мемлекетаралық қатынастарға түстi. Зерттеу барысына екi ел арасындағы байланыстың қалыптасу және даму факторлары негiз болды.
Реферат: Бұл мақалада XVI ғасырдың ортасы мен XVII ғасырдың басындағы ұлы географиялық ашылулардың негiзiнде қалыптасқан әлемдiк-саяси үдерiстерге, соның iшiнде еуропалық мемлекеттердiң Шығыс елдерiне жүргiзген отарлық саясатына назар аударылып, осы тұрғыда еуропалық мемлекеттер Қытай территориясына енудiң негiзгi амалы ретiнде христиан дiнiн пайдаланғандығы туралы және жекелеген миссионерлердiң қызметтерiне тоқталады. Қарастырылып отырған кезеңде миссионерлiк қызметтер үшiн Еуропаның көптеген елдерiнде миссияға арнайы дайындалған, бiлiмi мен бiлiктiлiгi жетiлген, дiн қызметкерлердi әзiрлейтiн дiни ордендер мен ұйымдар құрылды. Еңбекте өркениет пен мәдениетi, ғылымы озық Қытай сияқты елдерге арнайы дайындықтан өткен, бiлiмдi миссионерлер қажеттiгi туындағандығы туралы, сонымен қатар католик миссиясының басталуы, мақсатына, алға қойған мiндеттерi мен христиан дiнiн насихаттаудағы әдiс-тәсiлдерi мен амал-айлаларын жекелеген миссионерлердiң қызметтерi негiзiнде қарастырылады. Жекелеген миссионерлердiң Қытайдағы қызметтерi еуропалық мемлекеттердiң Қытай территориясына енуiне, дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуға, iшкi және сыртқы саясатқа араласуға, сауда, сондай-ақ Қытай халқын христиан дiнiне шоғындыру негiзiнде отарлық саясатты жүргiзуге бағытталды. Ол оның басты тетiгi болды, католик миссиясының астыртын қаруы және де отарлық саясатының негiзгi жүзеге асырушы аппараты болған деген түйiн жасалады.
Историческое описание сфер сотрудничества Республики Казахстан с Соединенными Штатами Америки
Автор(ы): Жарасов А. А.*
Объем документа: C. 199-204
МРНТИ: 03.81.29*
Ключевые слова: экономическое сотрудничество*политическое сотрудничество*энергетика*сотрудничество в сфере науке*культуре*
Реферат: В статье автор на основе фактического материала показывает пути и этапы развития казахстанско-американского политического сотрудничества. В последние годы казахстанско-американское сотрудничество определялось договоренностями по итогам встречи между Президентом Казахстана Нурсултаном Назарбаевым и Президентом США Бараком Обамой в Вашингтоне в 2010 г., а также в ходе их переговоров на полях Саммита по ядерной безопасности в Сеуле в 2012 г., Саммита G20 в Санкт-Петербурге в 2013 г. и Саммита по ядерной безопасности в Гааге в 2014 г. Лидеры Казахстана и США определили следующие приоритетные направления сотрудничества: региональная безопасность; стабилизация Афганистана; нераспространение; сотрудничество в области экономики и торговли, привлечения инвестиций, энергетики, науки и технологий и др. Американский президент неоднократно подтверждал признание лидерства Казахстана в области нераспространения. В целом между Казахстаном и США с каждым годом активизируются контакты на высоком политическом уровне. Прорывной договоренностью между руководством Казахстана и США стало создание в 2012 г. двусторонней Комиссии по стратегическому партнерству, председательство в которой осуществляют главы внешнеполитических ведомств. В ходе ее работы рассматриваются все основные вопросы двусторонней повестки, включая политическое и торгово-экономическое сотрудничество, взаимодействие по вопросам глобальной и региональной безопасности, энергетики, науки и техники, демократического развития и др.
General concept of culture: historical development and the role in a democratic mass media
Автор(ы): Karibayeva A. B.*
Объем документа: C. 205-207
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: историческое развитие современной рыночной экономики*социальные элиты*культура и СМИ*новые тенденции в культуре*рамки современной культуры*мировые стратегии*
Реферат: This article is about to open three different issues: first of all, historical development of modern market economy that brings existence of particular social elites that have significant impact on culture and mass media. Secondly, the definition of modern cultural framework; the last one is the discussion of the role of mass media in defining the strategies of integration of democracy to the present cultural doctrine. The primary reason for the exploration of historical development of modern market economy is the significant impact of financial issues on the authority of social elites that have enough power to establish certain culture in society by direct influence of mass media that is absolutely the best way to spread new trends that in further time will become a culture. Furthermore, it is better to clearly define the framework of modern culture that changes from place to place and from one historical period to another. Finally, in order to have balance on the verge of political trends and cultural doctrine, it is essential to correctly utilize the power of mass media, and this article will briefly explain the strategies of power utilization.