Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: Бүгiнде елiмiздiң өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауына қарай азаматтардың меншiгiнде кәсiпорындар, тұрғын үйлер, пәтерлер, ақшалай салымдар, акция және басқа да мүлiктер көбейген. Бұл азаматтардың өз мұрагерлiк құқықтарын жетiк бiлулерiне түрткi болмақ. Кез келген азамат дүние-мүлкiне заң талаптарын сақтай отырып, өсиет қалдыруға әдеттенсе, ағайын-туыс арасындағы көптеген келеңсiздiктердiң алдын алар едi. Қалай десек те, мұра қалдыру әдiл болсын деймiз.
Құқықтық тәрбие беру арқылы болашақ заңгер мамандардың құқықтық санасы мен мәдениетiн жетiлдiру
Реферат: Бұл мақалада жоғары оқу орындарында бiлiм алып жатқан болашақ заңгер мамандардың құқықтық санасы мен мәдениетiн жетiлдiруде құқықтық тәрбие берудiң маңыздылығы мен ерекшелiгi баяндалады.
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушылары жаңалықтары
Реферат: Атқарушылық iс жүргiзу бойынша жеке сот орындаушылар институтын кiргiзуде жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн айқындау, мемлекеттiк сот орындаушылар мәртебесiн материалдық жағынан, әлеуметтiк қорғалу жағынан көтермелеу шараларын iздестiру.
Реферат: Тәрбиенiң қайнар уызын бала ата-анадан алуы керек. Шоқан мен Абайдың бойына ұлылықтың дәнiн сепкен аналары Айғаным мен Зеренi, Елбасымыз Нұрсұлтандай азаматты дүниеге әкелген Әлжан ананың өмiрiн ғибрат етуi керек.
Реферат: Суррогат ана болудың шарты Қазақстан Республикасының азаматтық талаптарын сақтаумен жазбаша жасалады және мiндеттi нотариалды куәландыруға жатады. Некеде тұрған және бала қалайтын тұлғалар арасында нотариалды куәландырылған жазбаша шарттың болуы тиiс.
Еңбектi қорғау әлеуметтiк жүйе ретiнде: түсiнiгi, қағидалары, жалпы сипаттамасы
Реферат: Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң әлеуметтiк, экономикалық техникалық, емдiк, санитарлық - эпидемиологиялық және құқықтық негiздемелерiн анықтау және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету бағытында мемлекеттiк басқарудың құқықтық негiздерiн анықтау, сондай-ақ, еңбек қауiпсiздiгi стандарттар жүйесiн анықтай отырып еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылу ерекшелiгiн анықтау жайлы айтылады.
Реферат: В статье рассматриваются некоторые вопросы правового регулирования экологического нормирования в Республике Казахстан.
Защита прав потребителей в Республике Казахстан
Автор(ы): Омаров Н.*
Объем документа: С. 84-86
МРНТИ: 10.27.01*
Ключевые слова: защиты прав потребителей*потребительская общественность*право*
Реферат: В целях защиты своих прав и законных интересов граждане имеют право обращаться по собственной инициативе с претензией к производителю или продавцу продукции (работ и услуг) ненадлежащего качества, либо реализуемой по завышенным ценам, случае отказа устранить нарушения и возместить причиненный ущерб в добровольном порядке потребитель имеет право обратиться с иском в суд.
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылауды жетiлдiру мәселелерi
Реферат: Мақалада конституциялық бақылау институтының мәнi ашылып, оның Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет ретiнде қалыптастырудағы маңызы сараланған. Тиiсiнше автор мақалада құқықтық мемлекет орнықтыруды мақсат еткен тұста конституцияның жоғарылығын қамтамасыз ету мәселесiнiң алдыңғы кезекке шығатынына тоқтала отырып конституцияның жоғарылығын қамтамасыз етудегi негiзгi тетiк - конституциялық бақылау институтына талдау жасап, оны жетiлдiру қажеттiгiн негiздеген.
ҚР Президентiнiң заң шығару қызметiнiң реттелуi және жүзеге асырылуы
Реферат: Мақалада Қазақстан Республикасында заң шығару өкiлеттiгiн беру институтының негiзiнде Республика Президентiнiң заңдар шығару қызметiнiң мәнi ашылып, оның маңызы қарастырылған. Сонымен қоса, тиiстi институттық тәжiрибеде орын алу жағдайлары сараланып, заң шығару өкiлеттiгiн беру институтының реттелу жағдайына талдау жасалған, онда орын алған құқықтық кемiстiктер қаралып, автордың жеке көзқарастары баяндалған.