Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: Мақалада дарындылық туралы жалпы түсiнiк берiлiп, оның жас кезеңдерiне сай дамуы қарастырылды. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесiнде әр түрлi әдiс-тәсiлдердi қолдана отырып, интеллектуалдық, шығармашылық, дарындылық қабiлетiн арттыруға бағытталған жұмыс түрлерiн ұйымдастыру мiндеттерi көрсетiледi.
Реферат: Әрбiр адамның мiнез-құлқындағы әдептiлiк қасиеттерi оның iс-әрекеттерi, тұрмыс-тiршiлiгi арқылы қалыптасады. Сол себептi, бұл оқу құралында қазақ мемлекетiнiң қазiргi мектептерiндегi 1-4-сынып оқушыларына әдептiлiктi, имандылықты, мейiрiмдiлiктi, қайырымдылықты, ұлттық салт-сана мен дәстүрлердiң, әдет-ғұрып, iс-әрекеттердiң өркениеттi бағдарлары айтылған.
Оқушылардың үлгерiмiн жақсарту мақсатында қолданылатын ынталандыру әдiстерi
Реферат: Мақалада орта мектептерде қазiргi күнi қолданыста жүрген ынталандыру әдiстерi жiктеп көрсетiлген. Әдiстердi қолдану орны мен тиiмдiлiгi, олардың оқушы бiлiмiн жақсартудағы ерекшелiктерi жазылған. Оқуға қызықтырудың әдiстерi мен тәсiлдерi, жоғары нәтиже көрсеткен оқушының еңбегiн бағалау, оны мақтау мен марапаттау, керi жағдайда жазалау әдiстерiн қолданудың маңызы жазылған. Аталған әдiстердi орнымен қолдану жоғары жетiстiктерге жеткiзерi анық.
Реферат: Мақалада автор ЖОО-да студенттердi ынталандырудың жолдарын қарастырған. ЖОО-а жиi қолданылатын әдiстердiң түрлерiне сипаттама келтiрiлген. Әдiс - нақты бiр мiндеттi шешуге арналған әрекеттi практикалық, не теориялық тұрғыдан игерудiң бiршама бiркелкi тәсiлдерiнiң, операцияларының жиынтығы. Педагогикада бiлiм беру мен тәрбие әдiстерiн жасау мен оларды жiктеу проблемасы негiзгiлердiң бiрi болып табылады.
Формирование высокоразвитого педагогического мышления преподавателя высшей школы
Автор(ы): Иманбаева С. Т.*Шахгулари В. В.*
Объем документа: С. 36-39
МРНТИ: 14.35.07*
Ключевые слова: педагогическое мышление*компоненты педагогического мышления*преподавательская деятельность*личность современного преподавателя*
Реферат: В статье рассматриваются актуальные проблемы формирования высокоразвитого педагогического мышления преподавателя высшей школы. Авторы предлагают методику формирования педагогического мышления, которое играет очень важную роль в профессиональной деятельности преподавателя высшей школы.
Бiлiм алушылардың интеллектуалды әлеуетiн дамыту жолдары
Реферат: Бұл мақалада заман талабына сай оқушыларға бiлiм берудiң басым бағыттарында дарындылықты айқындау, интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға баса назар аударылған, бiлiм алушылардың интеллектуалды әлеуетiн дамыту жолдары қарастырылған. Осы тұрғыда, бiлiм алушылардың интеллектуалды әлеуетiн көтеру бағдарында бiлiм беру үрдiсiн модернизациялауға жағдай жасайтын педагогикалық жағдайлар мен тәсiлдердi теориялық негiздеу және олардың тиiмдiлiгiн, әдiстемелiк алғышарттарын негiздеу қажеттiлiгi сөз болған.
Реферат: Мақалада Абайдың Алланың өзi де рас, сөзi де рас өлеңiндегi айтылған ойлары мен қасиеттi Құранда айтылған сөздердiң аражiгiн ажыратып, ашып көрсеткен. Сонымен қатар, Абай өлеңдерiндегi жақсы адам бейнесi Құран және өзге де ойшылдар ойларымен сабақтастықта қарастырылған.
Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде кездесетiн қиындықтар және оның шешудiң жолдары
Реферат: Мақалада бастауыш сынып оқушыларына бiлiм берудiң, ұйымдастырудың тиiмдi әдiстерi туралы қарастырылған. Оңтайландыру мақсатында мақалада партаға отырғызу тәртiбiнде, бағалау жүйесiнде, мадақтау мен сабақ оқыту барысында ұтымды әдiстер ұсынылған. Әр ынталандыру әдiстердiң маңыздылығы мен оның мәнi, оның жасалу жолдары, мысалдар берiлген. Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастырудың дәстүрлi әдiстерiнiң кемшiлiктерi, оның балалардың эмоционалды психикасына әсерi түсiндiрiлген.
Елiмiздегi арнаулы орта және жоғарғы бiлiм беру ошақтарындағы бiлiм алушыларды бағалау критериi
Реферат: Мақалада бiлiм - бiлiмсiздiктен адам бойындағы сапалы жаңа функциональды сипаттарымен ерекшеленедi. Бiлiмнiң қарапайым деңгейiне жету ақпараттың ең төменгi, аз мөлшерiн қабылдау арқылы iске асады. Ақпаратты қабылдап, сақтап өңдеудiң өзiне тән процестерi адам бiлiмiнiң әр түрлi деңгейiн қалыптастырады. Ақпараттың қалыптасып, толығуы әртүрлi тәсiлмен жүзеге асады. Бұл процесс сапалық өзгерiстермен қатар өтетiндiктен, оны қандай да бiр үздiксiз шкаламен өлшеу мүмкiн емес. Бiлiм беру саласындағы ең маңызды мәселенiң бiрi студенттердiң бiлiмiн шынайы бағалау, бағаны объективтi түрде қою және бiлiм берушi ұстаздардың әлеуметтiк жағдайын жақсарта отырып, бiлiм сапасын арттыру мәселесi сөз болып отыр.
Реферат: Мақалада ұлттық тәрбиенiң ықпалының жастар арасында бәсеңдеп бара жатқандығы туралы айтыла келе, оның жаңа технологиялар арқылы қалыптастыру қажеттiгi ұсынылды. Атап айтқанда, ақпараттық технологияларды қолдану мен терапиялық тәсiлдi қолданудың артықшылықтары мен тиiмдiлi баса көрсетiлдi. Ол көп жылдар бойы қалыптасқан құлдық психологиядан арылумен келiп байланысып жатқандығы айтылды.