Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: Қазiргi қоғамдағы болып жатқан әртүрлi дағдарыстар отбасына, ондағы бала тәрбиесiне үлкен әсерiн тигiзiп жатқаны белгiлi. Мақалада әр халықтың отбасында берiлетiн тәрбиесiнен дәлелдер келтiрiлiп жазылған. Ұлы Абайдың және басқада ғалымдардың бала тәрбиесiне байланысты ойлары айтылған. Сонымен қатар, отбасында баланы қарапайым еңбек түрлерiне араластыру арқылы еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу жолдарын көрсеткен.
Реферат: Мақалада Абай Құнанбаевтың бала тәрбиесi жайлы айтылған ойларын талқылып, талдап берген. Дана Абайдың қара сөздерiнiң мәнiн, мағынасын ашып көрсеткен. Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады дей келiп бала мiнезiнiң қыр-сырына мән бере, талдап жазылған. Қазақ халқының қамын ойлап, қайғы жұтқан, қасiрет шеккен ұлы ақынымыз Абайдың жалпы тәрбие, бала тәрбиесi туралы бiздерге қалдырған ұлы өсиеттерiмен таныстырып кеткен.
Бастауыш сынып оқушыларын ынталандыру арқылы танымдық белсендiлiгiн арттыру
Реферат: Бұл мақалада қазiргi мектептерде бастауыш сынып оқушыларын ынталандыру арқылы танымдық белсендiлiгiн арттырудың жолдары берiлген. Жас жеткiншектiң рухани жан дүниесi мен ой-қиялын дамыту мен алғаш рет бiлiмге жол сiлтеп, iлгерi жетелеудiң педагогикалық шарттары жан-жақты қарастырылған. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мiндеттерiн кешендi жолмен шешу талабы және бастауыш мектеп оқушысының жас ерекшелiгiн ескере отырып, оқу материалының мазмұнын iздеудiң амалдары көрсетiлген.
Реферат: Бұл мақалада ақын Ф.Оңғарсынованың өлеңдерiне талдау жасалынған. Iзденiстiң шыңырау тереңiне түркi халықтары әдебиетi мен Шығыс поэзиясы арқылы бойлау - Фариза Оңғарсынова ақындығының бiр тәнi десек, халық ауыз әдебиетiнiң әсерi, сондай-ақ жырау ақындар мұрасының ықпалы мен Махамбет дәстүрiнiң мектебiнен өту-екiншi қыры делiк. Мiне осы жайттарға автор кеңiнен тоқталған.
Реферат: Бұл мақалада мұғалiмнiң кәсiби педагогикалық мәдениетi мен оның құрылымында кәсiби-шығармашылық құзiреттiлiгi қарасытырлады. Педагогикалық қызметтiң маңыздылығы мен бағасын талдау, қайта жаңарудың қажеттiлiгi мен қазiргi заман педаогикалық жүйесiн жетiлдiру iшкi мотивтер мен құндылықтар жүйесi негiзiнде бiлiм беру үрдiсi ұйымының мұғалiмнiң кәсiби-шығармашылық бiлiктiлiгiн қалыптастыруды болжайтын мақсатқа сай нәтиже шығаруға мүмкiндiк бередi.
Жеке тұлға бойындағы шығармашылық қабiлеттердi ақпараттық библиографиялық құралдарын насихаттау арқылы қалыптастыру
Реферат: Мақалада кiтапхана iсiнiң маңызы және ұйымдастыру жолдары, оқушы оқырмандарының кiтапханамен тығыз байланыстылығы, оқырмандарға қызмет көрсетудi ұйымдастыру жолдары, кiтапханада өткiзiлген көпшiлiк шараларының жүру барысы айтылады. Кiтапхананың тұлға интеллектiсiн көтеруде, тұлға қалыптастыруға ықпалы өте зор.
Реферат: Мағжан поэзиясының көркi мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлiгi мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың iлтипатын иелендiрiп, өзiне тәнтi еткен. Автор өз мақаласында М. Жұмабаевтың сыршыл лирикасынан дәм татқызады. Ондағы ұлттық образдар жүйесiне тоқталған. Ақын өлеңдерiндегi ұлттық қасиеттерiмiздi талдап, ашып берген.
Батырлар жырының тәрбиелiк мәнi
Автор(ы): Сағиева Б. Ж.*Ахметова Б. Қ.*Ахметова А. Қ.*
Реферат: Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақ та, батырлар қалмақ батырларына қарсы күреседi. Бұл жырлардың көпшiлiгiнде, қазақтардың жерiн қалмақтың жаулап алмақшы болуына байланысты, ел намысын қорғауға байланысты үлкен оқиғалар суреттелiп отырады. Мысалы, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батырлардың өмiрi өздерiнiң жеке басының емес, қалың елiнiң қамы үшiн қанды шайқаста өтедi. Елi де батырларды сол үшiн ардақтаған. Мақалада сол батырлар жыры арқылы мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесi қарастырылған. Сабақ барысында қолданылған әдiс-тәсiлдерiмен бөлiскен.
Оқу-тәрбие үрдiсiнде оқушылардың психологиялық бiлiктiлiгiн арттырудың жолдары
Реферат: Мақалада - оқу-тәрбие үрдiсiнде оқушылардың психологиялық бiлiктiлiгiн арттырудың жолдары қарастырылған. Мектеп оқушыларының психологиясының неге бағытталғандығын көрсететiн негiзгi компоненттер сипатталған. Оқуға деген қызығушылықтың әсерлi, күштi, тұрақты мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруiне, бiлiмдi терең алуына көп жәрдем тигiзедi. Оқуға деген қызығушылық балаларда оқу мотивтерiнiң дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Жан-жақты бiлiм мен бiлiк-талапкерлерге қойылар басты талап
Реферат: Бұл мақалада талапкерлердiң бiлiм сапасын жақсарту, ынталандыру, танымдық белсендiлiгiн арттырудың жолдары берiлген. Қоғам өмiрiнiң жаңа сапасының негiзiн құрайтын және елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздiгiнiң аса маңызды факторлары әрi базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейiнiң өлшемдерi ретiнде, қазiргi бiлiм беру жүйесiнiң адами капиталының рөлi мен мәнiн арттыру. Бiтiрушiлердiң рухани жан дүниесi мен ой-қиялын дамыту мен бiлiмге жол сiлтеп, iлгерi жетелеудiң педагогикалық шарттары жан-жақты қарастырылған.