Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: Абай өзiнiң 38-шi қара сөзiнде: ...Күллi адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан, қашпақ керек! Әуелi - надандық, екiншi - ерiншектiк, үшiншi - залымдық деп бiлесiң-дейдi, сонымен қатар, бұл өмiрге келген әрбiр адам да бақытты болғысы келедi. Сөз жоқ, олар өзiнiң барлық саналы ғұмырында, игiлiктi тiршiлiк үшiн, талпынатындықтары да рас. Бiрақ, бақытты болудың жолы қайсы Мiне осы сұрақтарға осы мақалада кеңiнен жауап бередi.
Қазақстандағы ХIХ-ХХ ғасырдағы этнопедагогикалық ойлардың дамып қалыптасуы
Реферат: Мақалада ұлы педагогтардың ұлттық педагогикалық еңбектерi жайлы жазылған. Ұлы педагогтардың iзденiп оқып, ғұламалық дәрежеге жеткен дара дарындылығы жайлы сөз етiлген. Педагогтардың баланы тәрбиелеуде, бiлiм беруде, баланың жеке басының ерекшелiктерiне, жан жүйесiне, дербестiк шамаларына қарай, тәрбиелеудiң сендiру тәсiлiн қолданумен қатар, бiлiм берудiң лайықтылық мақсатын iске асыруды ұсынады. Осы және басқада еңбектерi жайлы кеңiнен ашылып жазылған.
Реферат: Бұл мақалада, Ақындық өнер - әрбiр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершiлiк қарым-қатынастарының тәлiм-тәрбиелiк сапаларын жинақтаған эстетикалық таным құралы екендiгi жайлы сөз етiлiп, ондағы Ақындық өнердегi тұрмыстық-әлеуметтiк қарым-қатынастарынан бастау алып қалыптасқан әдеби дәстүр - дидарласу - сәлемдесу өлеңдерiн жырлау жайлы жазылған.
Реферат: Бұл мақалада түркi халықтары өз дәурiнде нелiктен рухы биiк, мығым, бiрлiгi жарасқан ел болған деген сауалға байланысты мәселелер талқыланды. Оның бiрнеше себептерi бар екендiгi сөзсiз. Соның iшiндегi исламға дейiнгi дiни сенiмдердiң ролi талданды. Атап айтқанда, тәңiршiлдiктегi, бөрi төтемiндегi, ата-баба рухына тағзым етудегi елдiк пен ерлiк, отаншылдық пен ұлттық рух мәселелерi көп жағдайда жауынгерлiк рухпен келiп астастырыла сарапталды. Яғни, бұл сенiмдердiң өз дәурiнде ұлттық рухты сақтауға, қажет кезiнде оны жандандыруға деген ықпалы концептуалды тұрғыдан өмiр тәжiрибесiмен байланыстырыла дәйектелдi.
Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары кiтабы туралы бiрер ой
Реферат: Бұл мақалада I. Жансүгiров атындағы Жетiсу мемлекеттiк университетiнiң профессоры Н.Б.Әужанованың құрастырған қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары кiтабы жайында жазылған. Сонымен қатар, халқымыздың ауыз әдебиетiнен, аңыз, дастан-қиссаларынан, қазақ этносының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, этнографиялық ерекшелiктерiн саралаған зерттеулерден инемен құдық қазғандай құрастырылған бұл еңбектiң мектепке дейiнгi, мектеп, лицей, гимназия, колледж және ұстаздар тәрбиелейтiн жоғары оқу орындары үшiн құндылығы менiңше өте зор.
Реферат: В настоящее время, вопрос о применении поощрения является очень актуальным, поскольку значение поощрений в системе воспитательных воздействий весьма локально, хотя оно и не принадлежат к числу воспитательных средств, которое нужно повседневно и на каждом шагу. Однако большинство педагогов употребляют его, в качестве доминирующих, не учитывая тот факт, что на сегодняшний день теория и практика воспитания располагает богатейшим арсеналом различных методов и приемов. В данной статье под методам стимулирования деятельности и поведения понимаются методы воздействия на мотивационную сферу личности, направленные на побуждение воспитанников к улучшению своего поведения, развития у них положительной мотивации поведения.
Реферат: Мақалада Алаштың аталығы - Нияз батыр жайлы жазылған. Ондағы, аталық сөзi қазақ хандығындағы өте мәртебелi қызмет болғаны ақиқат. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында аталық ұғымына қысқаша ғана анықтама берiлiптi. Онда аталық хан ордасында тақ мұрагерiне әскери тәрбие беретiн және оқытатын жоғары мәртебелi адам. Өзi тәрбиелеген ханзада билiкке жеткен соң оның кеңесшiсi қызметiн атқарған. Осы және батырдың басқа да қырынан зерттеп жазылған мақала.
Бастауыш мектептегi математика пәнiн ұлттық құндылықтар негiзiнде оқыту
Реферат: Мақалада бастауыш мектептегi математика пәнiн халықтық педагогика негiзiнде оқыту әдiстерi қарастырылған. Математика пәнiн оқыту үрдiсiнде сабақты қазақ халқының ерекше тәрбиелiк мәнi бар баға жетпес асыл қазынасы - салт-дәстүрi, әдет-ғұрып, аңыз-ертегiлерi, жұмбақ, мақал-мәтелдерi, өлең-жырлары, ұлттық ойын элементтерiмен өрнектеу баланың интеллектуалды дамуына септiгiн тигiзерi сөзсiз.
Реферат: Мақалада қазiргi қоғамдағы мұғалiм мәртебесi суреттелген. Ұстаз мәртебесiнiң бүгiнгi күнде төмендiгi және де оны шешу жолдары қарастырылған. Бәсекеге қабiлеттi ұлт қалыптастыруда мұғалiмнiң атқаратын рөлi зор екендiгi сөз етiледi. Бүгiнгi күнде заман талабын сай, мұғалiм мәртебесiн көтеруде бiршама жұмыстар атқарылып жатырғаны да айтылған.
Ақындар поэзиясындағы кейiпкер бейнесiн жасаудағы ерекшелiктерi
Реферат: Мақалада қазақ поэзиясының шыңында жүрген ақындардың өлеңдерiне талдау жасалынған. Ақын Қ.Мұқашевтiң жырларын басқа ақындар жырларымен салыстыра қарап, айырмашылығы мен ерекшелiгiн ашып көрсеткен. Ақын шығармашылығының өзi сынды өзге ақындармен салыстырғанда, өзiндiк ерекшелiгi бар екендiгiне көзiмiздi анық жетекiзедi. Құдаш ақынның өзiнiң негiзгi өзегiне түскендей боламыз.