Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: Қазiргi қоғамдағы болып жатқан әртүрлi дағдарыстар отбасына, ондағы бала тәрбиесiне үлкен әсерiн тигiзiп жатқаны белгiлi. Мақалада әр халықтың отбасында берiлетiн тәрбиесiнен дәлелдер келтiрiлiп жазылған. Ұлы Абайдың және басқада ғалымдардың бала тәрбиесiне байланысты ойлары айтылған. Сонымен қатар, отбасында баланы қарапайым еңбек түрлерiне араластыру арқылы еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу жолдарын көрсеткен.
Бастауыш сынып оқушыларының қабiлеттерi мен дарындылықтарын анықтау
Реферат: Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретiн ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да баланы басынан бақылап, дұрыс бiлiм беру керек. Бұл мақалада, 1-сынып жетекшiсi өз сынып оқушыларының қабiлеттерiн, дарындылықтарын эксперимент жасап анықтаған. Мұғалiмнiң өзiндiң көзқарасы жазылған.
Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары
Реферат: Бұл мақалада мектепте оқу үдерiсiнде тәрбие жұмысын тренинг түрiнде ұйымдастырудың формалары ұсынылып отыр. Тәрбие жұмысын тренинг түрiнде ұйымдастыру оқушылардың арасында жиi кездесетiн психологиялық кедергiлердi жеңуге көмектеседi. Тренингтер, ойын түрiндегi сайыстар оқушыларға бiрлескен таным процесiне белсендi араласуға, өзара түсiнiстiкке, проблемаларды бiрлесе шешуге мүмкiндiк бередi.
Дизайн мамандығынан бiлiм беруде инженерлiк технологиялардың маңызы
Реферат: Бұл мақалада тұлғаны иновациялық технологиялар арқылы шығармашылық ойлауға тәрбиелеу қарастырылған. Болашақ ұрпақтың бiлiмдiлiгi мен құзiреттiлiгi техникалық эстетикаға тәуелдi. Студентке қазiргi технологияларды меңгеру үшiн жан-жақты болу керек. Астрологияның, физиканың, биологияның, химияның заңдарымен шыңдала түсу керек.
Ата жолы-жетi атаны сақтау-ұрпақ тәрбиесiнiң тұқым тазалығын сақтау жолы
Реферат: Мақалада автор қазақ халқының отбасы құндылықтарының мәселелерiн қарастырады. Ұрпақ тәрбиесiндегi тектiң рөлi мен маңызын қарастырылып және тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуi дұрыс емес екендiгi туралы айтылған. Жалпы, ұрпақ тәрбиесiн байырғы бабаларымыз айтып кеткен. Солар салған сара соқпақпен жүрсек болғаны. Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрiн алсақ та, тәлiм-тәрбиесi мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиетi ерекше.
Интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы денсаулық мәдениетiнiң маңызы
Автор(ы): Мырзаханова И. А.*Сауранбаева Д. Б.*
Объем документа: С. 60-65
МРНТИ: 14.43.47*
Ключевые слова: здоровье*здоровье нации*здоровый образ жизни*духовное богатство*национальное воспитание*культурная личность*культура*народная мудрость*
Реферат: Мақалада салауатты өмiр салты әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеру iс-әрекеттерiмен сипатталады. Ұлт денсаулығын дамытудағы зиялылардың айтқан ойлары, жастар арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыру жолдары мен оларды заманынан қалмай өмiр салтына бейiмдеу қарастырылған. Халқымыздың тiршiлiгi мен бiрлiгi, жарқын келешегi көп ретте денсаулық мәдениетiнiң қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Сондықтан да, интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы елдiң болашағы - денсаулық мәдениетiнiң қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Ал, денсаулық мәдениетiн дамытудың ең маңызды алғышарты - әрбiр азаматтың өз денсаулығына аса жауапкершiлiкпен қарауы, салауатты өмiр салтын ұстануы мен дұрыс тамақтануына тiкелей байланысты. Мақсатымыз жастар арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыру болғандықтан, мақалада жастар арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыру жолдары мен оларды заманауи өмiр салтына бейiмдеу қарастырылған.
ЖОО-да және мектеп бағдарламасындағы дiнтану пәндерiнiң мазмұндағы мәселелерi
Реферат: Бұл мақалада ЖОО-да және мектеп бағдарламасында оқытылатын дiнтану пәндерiнiң мазмұндағы мәселелерi қарастырылады. Сонымен қатар, елiмiзде дiн туралы сауаттылықтың маңызы және қазiргi қоғамда алатын орнына сипаттама берiлген. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту негiзiнде, атауы бiрдей дiнтану пәннiң бiлiм беретiн орта мектептiң 9-сыныпта және ЖОО-да оқытылатын пәннiң жұмыс оқу бағдарламаларына талдау жасалынды. Атап айтқанда, бiрдей пәндердiң түрлi деңгейге арналған типтiк бағдарламасының мазмұндық ерекшелiктерiне, пәннiң мақсаттары мен мiндеттерiне, перереквизиттерi мен постреквизиттерiнiң тiзiмiне, пәнге белгiленген негiзгi әдебиеттерге салыстырмалы түрде зерттеу жүргiзiлдi. Зерттеу нәтижесiнде пән мазмұнының қайталанатындығы анықталды. Қарастырылған пән мазмұнының қайталану мәселелер түйiнiн шешу мақсатында автор тарапынан дiнтану пәнiне ұсыныстар берiлдi.
Реферат: Мақалада Жетiсу Алатауы ландшафттарының туристiк мәнi туралы жазылған. Сонымен бiрге, елiмiздiң iшкi туризм индустриясын дамытуға тигiзетiн септiгi берiлген. Туризмнiң дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерiн тигiзедi. Мысалға, мұнай өнеркәсiбi қоршаған ортаны қатты ластайды, жергiлiктi тiршiлiкке үлкен зиянын тигiзедi. Ал, туризм саласы, керiсiнше табиғаттың тазаруы мен күтiлiмiн талап етедi, осыдан туристiк кәсiпорындар қызметi тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигiзедi. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде.
Өлкетану жұмыстары арқылы патриоттық тәрбие беру
Автор(ы): Есебиева Г. С.*Қаратаева К. М.*Бактыбаева А. Л.*
Реферат: Мақалада өлкетану жұмыстары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесi көтерiлген. Өлкетану жұмыстары арқылы оқушылардың бойында елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiктi оятумен қатар, отанын, халқын, тарихын, мәдениетiн дәрiптейтiн жас ұрпақты тәрбиелеуге болады. Әрбiр оқушы өзiнiң туған жерiндегi тарихи ескерткiштер мен көне қала орындарын тек ақпарат көздерi арқылы оқып таныспай, оны өз көзiмен көрiп, тарихына тереңiрек үңiлсе нұр үстiне нүр болар едi. Өлкетану жұмыстарын жандандыру арқылы бұрынғы жер-су атауларының шығу тегiн зерттеп, қалпына келтiру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткiштердi қорғауға алу iс-шаралары елiмiздiң барлық аймақтарында атқарылуда. Дегенмен де, бұл атқарылып жатқан жұмыстар әлi де болса жандандыруды қажет етедi. Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары және олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы алған бiлiмдерiн нығайта түсiп, қоршаған ортаға, елiнiң тарихына, әдет-ғұрпына деген қызығушылықтарын арттыратыны сөзсiз. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тiкелей бақылау жасауға мүмкiндiк бередi. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергiлiктi жердiң халқы мен шаруашылық түрлерiн және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседi. Осы мақсатта Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағында орналасқан бiрнеше тарихи ескерткiштер мен көне қалаларға орын берiп отырмыз.
Этнопедагогика арқылы ұлттық тәрбиенi қалыптастыру
Реферат: Қазақ этнопедагогикасының мазмұны бай және сан қилы. Ол жеткiншек ұрпаққа тәрбие берудiң барлық жағын қамтиды. Тәрбиенiң қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс тiршiлiгiмен, тұрмыс-салтымен және мәдениетiмен тығыз байланысты. Мақалада этнопедагогика пәнi арқылы, тәрбие берудiң жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, халықтың тәрбиесiнде балалар мен жастарға тәрбие беруде педагогикалық ықпал етудiң толып жатқан әдiс тәсiлдерi айтылған.