Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Ұлттық идеяны өрiстетудiң заманауи бағдарлары: теория мен тәжiрибе
Автор(ы): Аташ Б. М.*
Объем документа: С. 55-60
МРНТИ: 14.07.05*
Ключевые слова: национальный дух*инттеллектуал*реэтнизация*метод*рационализация*ресакарализация*магия*
Реферат: Мақалада ұлттық идеяны қоғамдық санада бекiте түсу үшiн қандай бағыттар мен жаңа психологиялық тетiктердi қолдану қажеттiгi ұсынылды. Автор зерттеу бойынша мынадай проблемалық мәселелердi туындатады: ұлттық идея деген не бұл мәселенi шешуден автор жаңа психологиялық технологияларды, оның iшiнде, психоаналитикалық терапиялық әдiстердi қолдану қажеттiгi айтылады. Бiрiншi жаңашыл әдiс ақпараттық желiдегi қазақ тiлiн күшейту туралы және қазақ тiлдi сайттардың ұлттық идеяны насихаттауын қамтамасыз ету. Екiншiсi терапиялық. Ол психиканы құлдық санадан емдеумен байланысты болып келедi. Үшiншiсi - рационалдандыру. Ол қазiргi жағдайда ұлттық идеяның басымдылығын алға шығаруды, дәстүр мен салттың қазiргi таңдағы маңызын ашып көрсетудi мақсат етедi.
Реферат: Бұл мақалада мемлекеттiк тiлiмiздiң қадiрi мен қасиетi жайлы жазылған. Тiлiн жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесi тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгiлi. Сондықтан, сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсiздiгiмiзге қол жеткiзiп, егемендi ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетiмiздiң нышаны ана тiлiмiздi бүкiл тiршiлiгiмiздiң түп қазығына айналдыру - әрбiр ұлтжанды азаматтың басты мiндетi. Сонымен қатар, қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуi мұң болып отырған жайы бар. Осы мәселелер жайлы мақалада толығымен ашылып жазылған.
Реферат: Мақалада, қазақ елiнiң азаттығын әлем мойындаған көзайым тарихи кезеңде ұлтымыздың ұлы мұратын ұлықтап, асыл рухымыздың тiлекшiсi болған арда ақындарымыз бар әлемге сүйiншiлеп, Тәубе, Тәуелсiздiк! деп, жалпақ жаhанға жар салды. әлбетте, жұдырықтай жүректiң адам ретiнде өзiн-өзi танып-бiлуi, оның сол қуатты отаншылдық сезiмiнен бастау алады. Ақын-жазушыларымыз шалқар шабыттың ақ желкенiн керiп, өрелi өнердiң небiр iнжу-маржандарын түзiп, өмiрiн өлмес өлеңмен өрнектеуге ұмтылады. Автор мақаласында осы мәселелер жайлы жазылған.
Қазiргi қоғамдағы мұғалiм беделi
Автор(ы): Сауранбаева Д. Б.*
Объем документа: С. 74-78
МРНТИ: 14.01.11*
Ключевые слова: авторитет*фактор*конкурентность*педагог новой формации*будущее поколение*
Реферат: Мақалада ұстаз беделiнiң iшкi және сыртқы субъективтiк факторлары ашып көрсетiлген. Қоғамдағы киелi мамандық - ұстаздықтың беделi мен абыройы жайлы жазылған. Мұғалiм беделiнiң төмендеуiнiң себептерi мен оларды болдырмаудың жолдары сөз етiледi. Бүгiнгi бәсеке заманында бiлiмнiң алатын орны, дамыған елдер қатарына қосылу, бәсекеге қабiлеттi интеллектуалды тұлға қалыптастырудағы мұғалiмнiң орны жайлы сөз қозғалған. Заман талабына сай ұлттық тәрбие мен бiлiм беруi үшiн мұғалiмдер қауымының еңбегiн бағалау, марапаттау, әлеуметтiк қажеттiлiктерiн өтеу мемлекет борышы екенi де айтылған.
Реферат: Бұл мақалада отбасылық қарым-қатынаспен психологиялық тұрғыдан олардың типтерiне түсiнiк берiлген. Отбасылық қарым-қатынастың психологиялық тұрғыдан дәстүрлi, бала билейтiн, демократиялық жанұя қарым-қатынасының типтерi көрсетiлген. Сондай-ақ, отбасының бала тәрбиелеудегi орны мен отбасының атқаратын функциялары туралы айтылады.
Реферат: Мақалада автор, жазушы, ғалым Мамытбек Қалдыбайдың шығармашылық, ғұмырнамалық еңбек жолы жайлы жазылған. Ондағы кiтаптарындағы әңгiмелерi, повестерi, романдарындағы өмiр шындығы деректерiн көркем өнердiң поэтикалық жинақтау заңдылығымен өрнектеген әсерлiлiгiн сөз етедi. Жазушының кейiпкерлерi - тарихи деректi түптұлғалық болмысымен халыққа танымал болған адамдар. Сол кейiпкерлер жайлы айтылады. Ондағы өмiр шындығы, оқиғаларының саналуан сапалық сипаты мен сапырылысқан қозғалыстары, қайшылықтары жайлы жазылған.
Реферат: Бұл мақалада ақын Абайдың педагогикалық еңбектерiн дұрыс түсiнiп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлiм-тәрбиемiздiң қайнарынан қанып iшуге мүмкiндiк аламыз дей келе, Абайдың педагогикалық еңбектерi, ондағы тәрбиелiк мәнi жайлы айтылған. Сонымен қатар, Алып анадан туады - дейтiн тылсым сыры әлi ашыла қоймаған ұлағатты сөздiң төркiнiне барып, Абайдың ана құрсағында - жүрек тәрбиесi жетiлiп туған алып екендiгiне тоқталған.
Қазақ халқының ұлы педагогi Ыбырай Алтынсариннiң ұлттық педагогикалық еңбектерi
Реферат: Мақалада ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннiң ұлттық педагогикалық еңбектерi жайлы жазылған. Ұлы педагог мұғалiм болу үшiн әрбiр ұстаз ұстаздың қасиеттерiн қалыптастыра бiлу керек екендiгiн өнеге етедi. Ыбырай Алтынсарин қазақ әлiппесiн ұлттық ерекшелiктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды арман еткен. Осы және басқада еңбектерi жайлы кеңiнен ашылып жазылған.
Социальное здоровье подрастающего поколения: социально-педагогический подход
Реферат: В статье написано о социокультурном здоровье подрастающего поколения, о перспективе самореализации в социокультурной среде. Социально-педагогический подход к формированию социального здоровья подрастающего поколения - это понимать существо личности в различных возрастных этапах. В итоге образуется социально-здоровая личность. Социальное здоровье формируется в семье, в школе, на улице и других сферах. Рассмотрены внутренняя и внешняя составляющие социально-здоровой личности.
Реферат: Тәрбиенi сөз еткенде қыз тәрбиесiне ең бiрiншi көңiл бөлемiз. өйткенi, қыз - өмiрдiң бастауы. Бастауы дұрыс болмаған не нәрсенiң де аяғы да еш жетiспейдi. Сондықтан да, сонау атам заманнан қыз тәрбиесiне аса мән берiлген. Бұл мақалада қыз балаға берiлетiн тәрбие мен берiлiп жатқан тәрбие жайлы жазылған. Қыз балаға тәрбие берудегi отбасының ролi, қыз ибасы, қыз әдебi дегенге жеңiл-желпi қарауға мүлдем болмайтындығы қарастырылған. Сонымен қатар, қыз бала бойжетiп, әке-шешесiнiң, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренiн қалдырып, басқа бiр үйге келiп келiн атануы жайлы айтылған.