Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: Мақалада орта мектепте проблемалық оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселесi қарастырылған. Сонымен қатар, проблемалық оқыту, проблемалық ситуация, қызығушылық ұғымдарына анықтама берiлiп, олардың өзара байланысы арқылы жететiн нәтижелер туралы сөз болады. Проблемалық оқытуды зерттеген педагог ғалымдардың еңбектерi талданып, оқушылардың бiлiмге қызығушылығын арттыратын бiрнеше ұсыныстар берiлген.
Реферат: Бұл мақалада орта бiлiм беретiн мектеп оқушыларына химия пәнiн оқытудағы қолданылатын экологиялық бiлiм мен тәрбиенiң әдiстерi қарастырылады. Химия бойынша сәйкес келетiн тақырыптардан мысалдар берiлген. Бұл мақаланы химия пәнiнiң мұғалiмдерi мен жас мамандар қосымша материал ретiнде қолдануларына болады.
Араб тiлiн оқушылардың лингвомәдени құзыреттiлiгiн қалыптастыра оқыту
Реферат: Бұл мақала араб тiлiн оқытуда, лингвомәдени құзыреттiлiктi қалыптастыру мақсатында жазылған. Қазiргi кезде, бiлiм мәселесiне тоқталатын болсақ, әр оқушы, әр мұғалiм, әр маман өз мамандығының шеберi болу керек. Қазiргi кезде шет тiлiн үйренуде көбiнесе не тiл жағына, не мәдениетiне ғана көңiл бөлiнедi. Ал, шет тiлiнсiз мәдениетiн, ал мәдениетiнсiз тiлiн меңгере алмаймыз, сол себептi, линвомәдени деген ұғымға үлкен мән берiлген.
Реферат: Бұл мақалада патриотизмнiң қалыптасу формаларының әрқайсына жеке-жеке анықтама берiлген. Патриоттық тәрбиенiң теориялық негiзiне толығымен тоқталған. Сонымен қатар, патриотизм ұғымы Отанына, елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiктен, құрметтеу мен мақтан тұтудан, адал еңбек ету мен қамқор болудан және азаматтық парызын орындаудан тұрады. Қазiргi кезде тәрбиелiк мән беретiн көптеген мәселелердi қайта қарауды және студенттердi жалпы Отанның өткендегi ерлiк iстерiн терең сезiммен ұғынуға баулитындай тәрбиенiң ерекше тиiмдi формалары мен әдiстерiн қарастыру керектiгi айтылған. Автор мақаласында бұл ұғымдардың әрбiреулерiне жеке-жеке тоқталып өткен.
Қазақ халқының ежелгi дәуiрдегi тәлiм-тәрбиелiк жәдiгерлерiнiң тарихи мәнi
Реферат: Бұл мақалада қазақ халқының ежелгi дәуiрдегi жәдiгерлерiнiң тарихы, тәлiм -тәрбиелiк негiздерi сөз етiледi. Яғни, мақалада Орхон-Енесей жазба ескерткiштерiн - Күлтегiн, Бiлге қаған, Тоныкөк жазбаларын, Оғызнаме дастаны, Қорқыт ата кiтабы, Әбу Насыр әл-Фарабидiң педагогикалық еңбектерiнiң мәнi жазылған. Махмуд Қашқаридың ұлттық тәрбие туралы ойлары жайлы жазылған. Ұлы тәлiмгер Мұхаммед Хайдар Дулатидың тәрбиелiк тұжырымдары туралы сыр шерткен. Сонымен қатар, Тiлеуқабылұлының этнопсихологиялық және этнопедагогикалық ойлары жайлы айтылған.
Реферат: Бұл мақалада ғылыми негiзге сүйенген жаңашылдықтың ең негiзгi көрсеткiштерi, мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы, бұрынғы қалыптасып қалған дәстүрдегi iс-тәжiрибелермен салыстырғанда, мүлдем жаңа технологиядағы прогрессивтiк бастамалар болып табылады. Сондықтан да, инновация бүкiл бiлiм жүйесiндегi тәрбие мен оқытып үйретуге үлкен өзгерiстер әкеледi. Сол себептi де, мақалада тәрбие мен бiлiмнiң инновациялық жүйесi жайлы, жоғарғы оқу орындарының жаңашылдығы, өзгерiстерi жайында айтылған. Сонымен қатар, мектеп құрылымы мен мазмұнындағы инновация жайында жазылған. Мектеп пен өмiрдiң байланысы туралы және үзiлiссiз ұрпақ тәрбиесi мен ұлттық оқу-ағарту жүйесiнiң үлгiсi кеңiнен ашылып жазылған.
Реферат: Бұл мақалада көрнектi тарихи тұлға Әлiбекұлы Төле бидiң билiк айтудағы әдiлдiгi және ұстаздық өнерi мен қасиеттерi суреттелген. Төле би бабамыз қазiр халыққа өте жақсы таныс және етене жақын. Бiраз әдебиетшi, тарихшы және заңгер ғалымдарымыз Төленiң өнегелi өмiрiн, аса мағыналы қызметiн, билiк пен басшылық саласындағы ерен еңбегiн жан-жақты талдап-зерттеп, көптеген шығармаларды дүниеге әкелдi. Төле би туралы алғаш зерттеп, еңбектер жазған әдебиетiмiздiң әрi өкiлдерi жайлы жазылған.
Реферат: Германияның қазiргi жоғарғы бiлiм жүйесi айтарлықтай өзгеше. Германияда академиялық еркiндiк принципi жарияланған, соған сәйкес еркiндiк жоғары оқу орындарының басқарма мәселелерiне ғана емес, әрбiр студентке де берiлген. Германияда жалпыға ортақ мiндеттi бiлiм берудiң қатаң жүйесi жоқ. Ол студенттiң дербестiгiне, жауапкершiлiгiне және өз тәртiбiне байланысты. Немiс жоғары оқу орнының студентi өзiнiң курстастарымен сабаққа бармайды, таңдаған мамандық бойынша жалпыға ортақ талаптарға жауап беру үшiн мамандығына және оның оқу бағдарламасына сәйкес өзiнiң оқу жоспарын құрып, өз уақытын ұйымдастырады. Мақалада немiс жоғарғы бiлiм жүйесiнiң дамуының жалпы көрiнiсi қысқаша суреттелген, және осындай жауапкершiлiк пен субъекттiң сыртқы есеп беруiне негiзделген бiлiм беру жүйесi құрылымының ерекшелiктерi талқыланады.
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелу жағдайына тарихи шолу
Автор(ы): Қосанов Б. М.*Қайсар Б.*
Объем документа: С. 43-47
МРНТИ: 14.43.47*
Ключевые слова: национальная культура*игра*национальная игра*история исследования национальных игр*подвижные игры*спортивные игры*этнопедагогика*
Реферат: Қазiргi заманғы педагогика ғылымы мектеп тәжiрибесiнде орын алып отырған кемшiлiктерге ерекше назар аударып, оқу-тәрбие үдерiсiн ұйымдастырудың, оны әлемдiк талаптар тұрғысынан жаңа сапалық деңгейге көтеру мен ұлттық болмысқа сай жаңартудың жолдарын iздестiруде. Бұл аса күрделi мiндеттердi шешуде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Мақалада қазақ халқының ұлттық ойындарының ғылыми-педагогикалық әдебиеттегi зерттелу тарихына қысқаша шолу жасалған және қазақтың ұлттық ойындарын зерттеудiң тарихы мынадай төрт кезеңге бөлiп қарастырылған: 1)Ресейдiң отарлау саясатына дейiнгi кезеңдегi зерттеу жұмыстары; 2)Ресейдiң отарлау саясаты кезеңiндегi зерттеу жұмыстары; 3)Кеңес заманы кезеңiнде жазылған ғылыми еңбектер; 4)Тәуелсiз Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстары. Мұнда қазақ халқының ұлттық ойындарын зерттеген аса көрнектi тұлғалар келтiрiлген, олардың қызметiне сипаттама және баға берiлген.
Үйлену салты өлеңдерiнiң ұлттық тәлiм-тәрбиелiк тағылымы
Реферат: Тұрмыс-салт жырларының үлкен салаларының бiрi - үйлену салты өлеңдерi екенi белгiлi. Халық әдебиетiнiң күнделiктi тұрмыстық жағдайларда ең белсендi қолданыста болуын көрсететiн той бастар, той тарқар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар, құттықтау атты түрлерiн ақындар шығарады, олар шығарған дайын өлеңдердi әуелде өздерi орындағанмен келе-келе сол аймақтағы үйлену тойларында сол бастапқы өлеңдiк нұсқасы ауыздан-ауызға жатталып қолданылады. Мақалада осы жайлы кеңiнен ашылып жазылған.