Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: В реферируемой статье рассматривается флирт как любовная игра между мужчиной и женщиной. Проанализированы подходы к понятию игра в научной литературе. Названы компоненты и условия, при которых коммуникативная ситуация флирт считается успешной. Проанализированы тактики и речевые поступки участников.
Реферат: Бұл мақалада қазақ тiлiндегi жаргон мен арго құбылыстары туралы, олардың тiлiмiздегi көрiнiсi, қолданылуы, маңызы, тақырыптық топтары мен ерекшелiктерi туралы айтылады.
Батыс өңiрiне тән этномәдени диалектизмдердiң лингвомәдени-дүниетанымдық сипаты мен ерекшелiгi
Реферат: Тiлде адамзат тарихында, жергiлiктi бiр өңiрге тән дүниетанымдық ұгымдар мен тiлдiк атаулар, тiркестер болады, олардың тiлдiк, яғни лингвомәдени-дүниетанымдық сипаты мен сол жерге тән өзiндiк ерекшелiктерi бар. Тiлдегi әр жекелеген этнодиалектизмдерден халқымыздың тiлiне тән мол мәдени тiлдiк жүйенiң белгiсi мен iздерiн көремiз. Бұл мақалада батыс өңiрiне тән этномәдени диалектизмдердiң лингвомәдени-дүниетанымдық жақтары мен ерекшелiктерi қарастырылады.
Узуалды және окказионалды коннотаттық семалардың активтену дәрежесi
Реферат: Бұл мақала лексикалық мағынаның коннотациялық семаларының қазiргi қазақ тiлiндегi ерекшелiктерiн көркем әдебиеттерден алынған мысалдар бойынша талдауға арналған. Мақалада лексикалық мағынаның коннотациялық компонентiндегi узуалды және окказионалды семалардың көркем әдебиеттегi активтену дәрежесi қарастырылады.
М. Шаханов поэзиясындағы елдiк концептiлердiң өрiсi
Автор(ы): Хасанов Ғ. Қ.*Жұмашева К. Б.*
Объем документа: С. 200-204
МРНТИ: 17.82.10*
Ключевые слова: народный концепт*концептуальная система*когнитивная лингвистика*
Реферат: Бұл мақалада тiл бiлiмiндегi когнитивтi лингвистика багыты, оның iшiнде концепт ұғымы қарастырылады. Мақала М. Шаханов поэзиясын концептiлiк тұргыдан зерделеуге арналған.
Ғұмар Қараш мұрасы туралы алғашқы зерттеу
Автор(ы): Күләш Ахмет*Күнiмжан Әбдiқалық*
Объем документа: С. 204-210
МРНТИ: 17.71.07*
Ключевые слова: казахское ханство*философская лирика*первое исследование наследия*
Реферат: Бұл мақалада Сәбит Мұқановтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетi 1932 кiтабындағы Ғұмар Қараш мұрасы туралы зерттеуi сөз етiледi. Ақынның тұңғыш рет монографиялық портретi жасалып, өмiрi мен шығармашылығы толығырақ баяндалган С. Мұқановтың еңбегi алғашқы көлемдi зерттеу ретiнде бағаланады. Еңбектегi Өрнекке шеиiн, Өрнек, Тұлпар мен Аға тұлпар жинағы қарастырылған Тұлпарлар бөлiмi арнайы зерделенедi. Ақынның өзiне тән өзғешелiктерiн екшеп қарастырған зерттеушi пiкiрiнiң құндылығы сараланады. Екi жинақтағы өлеңдерi салыстыра талдап, шығармаларының идеялық мазмұны мен тiл ерекшелiгi туралы өзiндiк ой-тұжырымдар жасаған С. Мұқанов зерттеуiнiң қазiргi уақыттағы маңыздылығы айқындалады.
Реферат: Қазiргi тiлтанымдық адамтану антрополингвистика бағытына сәйкес ұлттық санасы жлғары, ұлттың рухани мұрасын меңгерiн, ұлттық әдебиеттi жаңа сапаға көтеруге өзiндiк ұлес қосқан М. Әуезовтiң тiлiн ұлттық құндылық ретiнде зерттеу - ұлттық болмыс пен халықтың дүниетанымын танытуға қатысты көкейтестi мәселе. Мақалада М. Әуезовтiң Бекет пьесасы поэтикасының құрылымына тән негiзгi ерекшелiктердi көрсету мақсат етiлген. Жалпы пьеса туралы мәлiметтердi оқырманға таныстыра отырып, оның поэтикалық ерекшелiгiне арнайы тоқталған. Поэтикалық тiлде тiлдiк элементтердiң аспектiсi, бiрiншiден, грамматикалық және синтаксистiк тұрғыдан ғана емес, шығарманың iшкi дүниесiн көру арқылы танылатындығына пьесадан нақты мысалдар келтiрiле отырып, дәлелденген. Мақалада сондай-ақ жазушының тiлдiк бiрлiктерге жаңа қатысымдык мән бере отырып, шынайы болмыстың бейнесiн жасайтындығы сөз болады. Жалпы суреткердiң поэтикалық әлемi танымы жеке поэтикалық тiлдiң белғiленген құралы және автордың мәтiндегi поэтикалық көзқарасына негiзделедi десек, автордың осы пьесадағы негiзгi айтпақ ойы, идеясы мақалада ғылыми тұрғыда анықталған. Сонымен қатар мақалада автордың өзiне ғана тән идеолектiлерге, жаңа қолданыстарға пьесадан мысалдар барынша мол келтiрiлген. Бұл жерде поэтикалық тiл - ұлттық тiлдiң функционалдық жақтан кұрделенген бiр формасы екенi айтылады. Поэтикалық тiлде ұлттық тiлдегi потенциалдық мән көркем мәнғе айналатындығы да мақалада айрықша сөз болып, пьесадан мысалдар келтiру арқылы дәлелденедi.
Ислам в Казахстане в прошлом и настоящем: особенности развития
Реферат: В статье описывается особенности распространения и развития ислама на территории Казахстана. Характеризуются процессы его развития в отдельные периоды истории нашей страны. Обосновывается отсутствие исторических предпосылок для религиозного экстремизма на территории нашей республики, в тоже время показаны объективные условия формирования толерантности нашего народа.
Ресей үкiметiнiң Бөкей Ордасына жүргiзген дiни саясаты 1801-1917 жж.
Реферат: Мақалада ХIХ ғасырдағы Бөкей Ордасындағы Ресей үкiметiнiң дiни саясаты зерделенген. Үкiмет тарапынан тағайындалған молдалардың жұмыстары сараланып, Жәңгiр хан мен Ресей өкiмегi арасындағы дiни-саяси байланысы ашып көрсетiледi.