Ученые Института гидробиологии и экологии изучают морфологическое разнообразие и закономерности роста отолитов рыб для оценки питания каспийского тюленя (Pusa caspica) в периоды залегания на лежбищах.
Реферат: Мақалада тiл бiлiмi ғылымы және оның қарастыратын негiзгi мәселелерi, адамзат баласы тiлiнiң шығуы туралы теориялар берiлген. Тiл жайында анықтамалар, оның негiзгi қызметтерi, ежелгi дәуiрден бастап күнi бүгiнге дейiнгi ғалымдардың тiл туралы айтқан ойлары, көзқарастары мен тұжырымдары жинақталып берiлiп отыр. Дүниежүзi тiлдерiнiң санына қатысты мәлiметтер де келтiрiлдi. Тiлдер санының түрлi болуының себептерi айқындалды.
Реферат: Мақалада түркi тiл бiлiмiндегi белгiлiлiк/белгiсiздiк категориясының берiлу жолдары қарастырылды. Автор белгiлiлiк/белгiсiздiк мәннiң түркi тiл бiлiмiне де тән категория екендiгiн түркiтанушылардың ерттеулерiне сүйене отырып, дәлелдедi. Түркi тiлдерiнде белгiлiлiк/белгiсiздiк артикльдерiнiң жоқтығын, бiрақ белгiлiлiк/белгiсiзiдiк мән басқа амал-тәсiлдер арқылы берiлетiндiгiн тiлдiк деректер арқылы зерттедi. Белгiлiлiк/белгiсiздiк категориясының қазақ тiлiнде бар тiлдiк құбылыс екендiгiн, табыс жалғаулы сөздiң я табыс жалғауынсыз сөздiң белгiлiлiк/белгiсiздiк мәнге ие болуы оларды анықтайтын мүшелерге байланысты екендiгiн нақты мысалдармен көрсеттi.
Елiктеуiш сөздердiң сөзжасамның лексика-семантикалық тәсiлдер арқылы жасалуы
Реферат: Мақалада морфология саласында бұрыннан сөз болып келген елiктеуiш сөз табының жасалу жолдары сөзжасамдық жүйе тұрғысынан қарастырылды. Морфологияда елiктеуiш сөз табының жасалу жолдары грамматикалық мағына, форма тұрғысынан қарастырылып келсе, сөзжасамдық жүйеде бұл сөз табының мағына түрлерi мен сөзжасамдық тәсiлдер арқылы жасалатынына назар аударылады. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсiлi нәтижесiнде сөздердiң лексикалық мағынада ауысатыны, түрленетiнi сияқты мәселелер нақты мысалдармен дәлелдендi.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары ұлы өкiлдерi бiрiнiң ғылыми және ағартушылық қызметi Халел Досмұхамедовтың қайтыс болғанына 75 жыл толуына орай
Реферат: Мақалада ХХ ғасырдың басындағы өткiр саяси оқиғаларда айтулы рөл атқарған Халел Досмұхамедұлының өмiрi мен шығармашылық қызметi суреттелген. Оның әрдайым маңызды оқиғалардың бел ортасында жүргендiгi, қазақ мемлекеттiлiгiнiң дамуында маңызды рөл атқарған үдерiстерге қатысқандығы ерекше бейнеленген. Оның ғылыммен және ағартушылықпен сәттi шұғылғандығы, Қазақ ағарту институтын басқарғандығы, Сана журналында редактор болғандығы, философия, тарих, медицина, мәдениет туралы кiтаптар жазғандығы, Қазақ мемлекеттiк университетiн ашуға қатысқандығы баяндалған. Халел Досмұхамедовтың өмiрi қайғылы болғандығы, алайда оның туған елi үшiн үлкен iз қалдырғандығы пайымдалған: оның еңбектерi Қазақстан мемлекеттiлiгiне маңызды үлес қосқандығы, ал жазғандары қазiргi кезге дейiн үлкен аңыз бен мағынаға толы екендiгi туралы сөз қозғалған. Қысқа болса да, Отан игiлiгi үшiн атқарған мол еңбегi мен жарқын өмiрi оның бекер өмiр сүрмегендiгiн дәлелдейдi.
Реферат: Мақалада ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында аты шыққан өздерiнiң жалынды жырларымен ақиқатты әшкерелеген ақындардың бiр топ шоғыры туралы айтылды. Олар Дия, Сарынжiп, Бабас, Тәшен тәрiздi керемет тұлғалар едi. Халықтың айта алмаған ащы зарын жырлаған ақындардың мұралары талданды. Мақала авторы тарихи мәлiметтер мен жазба мұрағат деректерiне сүйене отырып, аталған ақындар өмiр сүрген кезеңiн, қайтыс болған уақытын, артында қалдырған мұра-қазынасы мен шығармашылық шеберлiгiн, сол кезеңдерде болған тарихи оқиғаларды сипаттайды.
Түркi филологиясының атасы Махмұт Қашқари және оның дүниеде теңдесi жоқ Диуани лұғат ат-түрк атты мұрасы
Реферат: Мақалада он бiрiншi ғасырда өмiр сүрген ғұлама филолог, түркi тiлдерiнiң тұңғыш сөздiгiн құрастырушы, энциклопедист-ғалым Махмұт Қашқаридың өмiрi мен шығармашылығы зерттелген. Оның өзiнiң ұлы мұрасы Диуани лұғат ат-түрк сөздiгiн жазып, түркi тiлдерiнiң мәртебесiн көтергенiне ерекше баға берiлген. Түркi сөздiгi тек тiл бiлiмiнiң мәселелерiне арналмаған, ол ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететiн сан салалы еңбек болып табылатыны сипатталған. Қашқари еңбегiн кең көлемде зерттеген атақты ғалымдардың пiкiрлерiне көңiл бөлiнген. Диуани лұғат ат-түрк тек түркiлердiң ғана емес, тұтас ислам мәдениетiнiң қазынасы деген қорытынды жасалған. Болашақта ұлы ғалымның тағылымын жас ұрпақтың бойына дарытып, түркi халықтарының өзара ынтықмақтасуына жол ашу керектiгi дәлелденген.
Реферат: Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетiнiң айтулы тұлғасы Сәбит Дөнентайұлының саяси-әлеуметтiк лирикасы қарастырылды. Поэзиясындағы елдiк мәселелер отаншылдық рухтағы Алаш әдебиетiнiң көркемдiк-эстетикалық арнасымен сабақтастықта сараланды. Ел азаттығын, ұлт теңдiгiн, рухани кемелденуiн арқау еткен поэзиясы талданады. Саяси-әлеуметтiк лирикасының отаршылдық дәуiр шындығын танудағы көркемдiк маңызы, идеялық арқауы екшелдi.
Қытай жазушысы Лау Шы мен Қаусылқан Қозыбайұлының жасампаздық шеберлiгiндегi салалас ұқсастықтар туралы
Реферат: Мақалада Лау Шы мен қазақ әдебиетiнiң негiзiн қалаған Қаусылқан Қозыбайұлының шығармашылықтарындағы дәуiр сипатын, кейiпкер характерiн, ұлттық, қоғамдық салт-сананы бейнелеу және сөз саптау өнерi жақтарындағы ұқсастықтарды тауып салыстыра отырып, екi жазушының жасампаздық, шеберлiк өнерiн көрсеткен.
Spiritual quests and obstacles - an interdisciplinary approach
Реферат: In article the phenomenon low-studied in science quest is considered. The author of article undertakes original research of sources of a quest and finds them in antique mythology, national culture. Addressing to comparative analysis, on a material of the Serbian, Romanian, Bulgarian and English languages shows that modern the word quest semantic corresponds to words search, an obstacle, overcoming of obstacles, barriers. And also describes realization of a set of values of a quest, using religious myths, spiritual practice and modern psychology.