Әлемдегі ғылым

Қазақстанда алғаш рет химиотерапиялық препараттарды дайындау үшін робот қолданыла бастады

17.07.2025

27

Алматы онкологиялық орталығында химиотерапиялық препараттарды дайындау үшін KiroOncology роботтандырылған жүйесі іске қосылды. Осыған дейін Еуропа мен АҚШ-тың медициналық мекемелерінде пайдаланылған бұл технология Қазақстанда алғаш рет енгізілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. 

Көптеген онкологиялық мекемеде  химиопрепараттар әлі де әдеттегі ламинарлық шкафта дайындалады. Бұл қызметкерлер мен науқастар үшін қауіпті.  Ал KiroOncology дәрі-дәрмектерді қолмен дайындаған кезде бұрын цитотоксикалық заттармен байланысқа түсуге мәжбүр болған медициналық қызметкерлер үшін қауіпті айтарлықтай төмендетеді. 

Құрылғы препарат дозасын дәл есептейді, адам факторын болдырмайды,  360 градустық камера мен кескін базасы арқылы дәрі-дәрмекті анықтайды, штрихкодтарды тексеріп, компоненттерді араластыруға дейін және кейін өлшейді, дозалау мен таңдау қателіктерін болдырмайды, қауіпті заттармен жанасуды азайта отырып, пайдаланылған материалдарды өздігінен жояды. 
 
Робот екі механикалық манипулятормен жабдықталған, олар препараттарды флакондарға құю және араластыру процесін орындайды. Процесс аяқталғаннан кейін құрылғы пайдаланылған бөтелкелер мен шприцтерді химиотерапия қалдықтарымен жанасуды болдырмай, автоматты түрде тығыздалатын герметикалық контейнерде жояды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1033736?lang=kk
Көрнекі фото: Ifdesign.com
«« | »»
Соңғы жаңалықтар