Әлемдегі ғылым

Қарағанды ғалымдары биоактивті композиттер дайындап жатыр

23.09.2025

19

Қарағанды медициналық университетінің ғалымдары имплантология мен хирургия саласына жаңа серпін беретін биоактивті композиттер дайындап жатыр. Олар имплантология мен хирургияның даму бағытын өзгертіп, замнауи технологияларды қазақстандықтарға қолжетімді етеді.

Ғылыми топтың бастамасымен биосәйкестігі жоғары полимер-тоқымалы композиттерді жасау жобасы іске қосылды. Жаңа әзірлемелер іс жүзінде қолдануға бағытталған. Әсіресе, олар түтікті сүйектер мен бас сүйектеріне арналған импланттар өндірісінде қолданылмақ.

Зерттеушілер атап өткендей, технологияның басты артықшылығы – аддитивті өндіріс немесе 3D-баспа әдісі. Бұл тәсіл күрделі пішіндерді аса жоғары дәлдікпен, автоматтандырылған деңгейде жасауға мүмкіндік береді. Композиттердің құрамына нақты медициналық мақсаттарға бейімдеу үшін түрлі қоспаларды араластыруға болады.

Жоба аясында ерекше көңіл 12 жасқа дейінгі балаларға арналған краниопластикаға, сондай-ақ түтікті сүйектерді остеосинтездеуге қажетті қапсырма мен импланттарды әзірлеуге бөлінген. Барлық материалдар олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеу үшін кең көлемді биологиялық сынақтардан өтеді.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/karagandilik-galimdar-erekshe-bioimplanttar-azrlep-zhatir-748511/
Фото: KazInform

«« | »»
Соңғы жаңалықтар