Ұлыбританияда митохондриялы донорлық терапия әдісі арқылы сегіз сау бала дүниеге келді — төрт ұл және төрт қыз, оның ішінде бір жұп егіз. Әр балада үш адамның ДНҚ-сы бар, деп хабарлады Sky News.
Британиялық ғалымдар ойлап тапқан бұл әдіс әйелдің митохондрияларында (жасушадағы энергия өндіретін құрылымдар) қауіпті мутациялар бар болған жағдайда қолданылады. Өйткені ондай мутациялар баласына берілуі мүмкін.
Зерттеу аясында дәрігерлер ананың жұмыртқа жасушасын әкенің сперматозоиды арқылы ұрықтандырған. Содан кейін ананың ядролық генетикалық материалы сау донордың (ядросы алдын ала алынған) жұмыртқа жасушасына көшірілген. Нәтижесінде пайда болған ұрықтанған жасушада ата-анадан берілген толық хромосомалық жиынтық пен донордан алынған сау митохондриялар болған.
Айта кету керек, егер анада митохондриялық мутация болса және ол кәдімгі ЭКО немесе табиғи жолмен бала көтерсе, балаға емделмейтін аурулардың берілу қаупі өте жоғары болар еді.
Процедурадан өткен 22 әйелдің ішінде жетеуі жүкті болды — бұл әдістің сәттілік деңгейі 36%-ды көрсетті . Нәтижесінде сегіз бала дүниеге келді, олардың бесеуінде ешқандай тұқым қуалайтын ауру белгілері табылған жоқ. Қазіргі уақытта барлық сәби дәрігерлердің бақылауында.
Дереккөз: https://news.sky.com/story/babies-born-in-uk-with-dna-from-three-people-to-treat-inherited-disease-takes-medicine-into-uncharted-territory-13397706
Фото: Shutterstock.com