Наука Казахстана

Қазақстандағы мыс-молибден кендерін селективті байыту технологиясы әзірленуде

10.09.2025

38

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК  «ВНИИцветмет» филиалының ғалымдары Қазақстан кендерін байытудың заманауи технологияларын әзірлеп, енгізіп жатыр.

Ерекше назар мыс-молибден кендерін селективті байыту технологияларын әзірлеуге аударылып отыр. Бұл бір мезгілде мыс және молибден концентраттарын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта екі тауарлы өнім – мыс пен молибден концентраттарын алуға мүмкіндік беретін селективті флотация технологиясы Ақтоғай және Бозшакөл кен орындарында табысты енгізілді.

«ВНИИцветмет» әзірлеген технологиялық регламент негізінде Қызылту кен орнында мыс-молибден кендерін қайта өңдейтін байыту фабрикасын салу бойынша жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1064405?lang=kk
Фото: Gov.kz

«« | »»
Последние новости