Калифорния университетінің (UCLA) зерттеушілері адамның көз қабақ қимылын бақылау арқылы шаршау деңгейін дәл өлшей алатын жаңа жұмсақ, өздігінен қуат алатын сенсор жасады. Бұл құрылғы шаршауды анықтау үшін инновациялық сенсорды жасанды интеллект алгоритмімен біріктіреді. Сенсордың дәлдігі 96,4% деп көрсетілген, бұл жаңа буын сенсорларын дамытуға жол ашуы мүмкін.
Аталған жетістік UCLA командасының 2021 жылы жұмсақ материалдарда «алып магнитэластикалық әсерді» ашу туралы зерттеуіне негізделген. Бұл әсер полимерлі композиттің қабақ қимылынан туындайтын механикалық күшті өлшенетін магниттік, кейін электрлік сигналға айналдыруына мүмкіндік береді.
Сенсор силикон резеңке қабатына енгізілген микромагниттер мен термопластикалық эластомердің үстіне орналастырылған жұқа өткізгіш алтын катушкадан тұрады. Ол созылмалы, су өткізбейді және қабаққа тағуға ыңғайлы. Қабақ қимылдарын жоғары дәлдікпен сигналға айналдырып, кейін оларды нейрондық желі өңдейді. Жасанды интеллект көздің жыпылықтауына қатысты алты түрлі параметрді талдап, адамның шаршау деңгейін анықтайды.
«Жұмсақ жүйелердегі алып магнитэластикалық әсер – ғылымда төңкеріс тудыратын жаңалық, бірақ оның толық теориялық және тәжірибелік әлеуеті әлі де ашылмаған», — дейді зерттеу жетекшісі доктор Чен.
Дереккөз: https://www.notebookcheck.net/UCLA-develops-eyelid-mounted-sensor-to-track-fatigue-with-96-accuracy.1120107.0.html
Фото: Notebookcheck.net