Қазақстан ғылымы

Қазақстан және Ресей ғалымдары Каспий теңізінің мәселелерін бірлесіп зерттейді

20.11.2025

47

П. П. Ширшов атындағы Океанология институты (Ресей) мен Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты (Қазақстан) Каспий теңізінің мәселелерін зерттеу саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

«Тараптар Ресей мен Қазақстан аймақтарының, соның ішінде экологиялық қатер аймақтарын – Каспий теңізі мен Каспий маңы өңірін климаттық және экологиялық тұрғыдан зерттеуге арналған негізгі және қолданбалы ғылыми бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруға келісті», – делінген хабарламада. 

Ынтымақтастыққа бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми ақпаратпен алмасу және зерттеулер кезінде өзара әдістемелік қолдау көрсету де кіреді. Сонымен қатар, ғалымдар бірлескен ғылыми және білім беру құрылымдарын, зертханаларды, зерттеу топтарын құруды, аспиранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен оқытушыларға арналған тағылымдамаларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Океанология институты атап өткендей, 2025 жылғы тамызда құрылған Каспий ғылыми-зерттеу институты – Қазақстандағы алғашқы теңіз ғылыми-зерттеу институты, ол Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуімен байланысты мәселелерді шешу үшін құрылған.

Дереккөз: https://tass.ru/nauka/25665985
Фото ашық дереккөзден алынды
«« | »»
Соңғы жаңалықтар