Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында «SANA-1» бірегей зерттеу жобасы іске қосылды, ол ғарышқа ұшуға барынша жақын жағдайларда экипажды ұзақ уақыт оқшаулау бойынша Қазақстандағы алғашқы эксперимент болмақ. Эксперимент ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің, Eurasian Space Ventures компаниясының және жетекші ұлттық ғылыми және білім беру ұйымдарының бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылады.
Жобаның ерекшелігі — оған Аэроғарыш комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының төрт қызметкерінен тұратын әйелдер экипажы қатысады:
- Бакирова Юлия - экипаж командирі, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ реактивті қозғалыс зертханасының аға ғылыми қызметкері.
- Қуандық Әсем - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ жылу оқшаулағыш материалдар зертханасының ғылыми қызметкері.
- Комарова Дарья - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ғарыш аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету және техникалық жай-күйін бақылау бөлімінің жетекші инженері.
- Жадигерова Линара - «Ионосфера институты» ЖШС ғарыштық және геофизикалық зерттеулер зертханасының инженері.
10 тәулік бойы зерттеушілер ғарышкер, Қазақстан батыры Айдын Айымбетовтің бастамасымен Eurasian Ventures Group компаниясы әзірлеген ғарыш кемесінің арнайы жасалған жерүсті модуль-имитаторында болады.
Миссия барысында экипаж ғарыштық экспедициялардың нақты сценарийлерін, сондай-ақ әртүрлі білім беру эксперименттерін модельдейтін бірқатар медициналық, когнитивті және командалық зерттеулер жүргізеді. Ғылыми бағдарламаның жетекшісі - профессор ассистенті, Қазақстан-Британ техникалық университетінің AI Lab жетекшісі, психология саласындағы PhD докторы Алина Гуторева.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1078808
Фото: Gov.kz