Қазақстан ғылымы

Астаналық ғалымдар қан қысымын түсіретін дәрілік зат синтездеді

21.07.2025

19

Назарбаев университетінің ғалымдары күріш қауызы мен жүгері өзегін өңдеп, қан қысымын төмендететін дәрілік зат синтездеп шығарды. Авторлар енді жобаны коммерцияға шығарудың мүмкіндіктерін іздеп жатыр, деп хабарлайды KazInform.kz

Ғылыми топ жетекшісі Минавар Шаймарданның айтуынша, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін үш жыл уақыт кеткен. Жүгері мен күрішті таңдаудағы себеп – бұлардың құрамында гемицеллюлоза бар. Ал гемицеллюлозада бағалы молекулаға қажет заттар көп. 

Ғалымдар препараттың молекулалық құрылымын дәлелдеу үшін ядролық магниттік резонанстан (NMR - молекула ішіндегі атомдардың орнын анықтайтын «магниттік сканер») өткізген. Осыдан кейін ғана жүгері өзегі мен күріш қауызынан қан қысымын түсіретін дәрі жасауға болады дейтін ғылыми қорытынды жасауға мүмкіндік алған.

Минавар Шаймарданның сөзінше, ендігі сатыда фармакопия стандарттары арқылы өнімнің тазалығын, уытсыз екенін дәлелдеп шығу керек. Осыдан кейін коммерцияландыруға көшуге болады. Өйткені клиникалық сынақтан өткізудің қажеті жоқ болып шықты. 

«Бұл дәрінің басқа экстракттан жасалған түрлері медицинаға белгілі. Енді соны жүгері мен күріш қауызынан алғанымызды дәлелдесек жетіп жатыр», - дейді ғалым.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/astanalik-galimdar-kursh-kauizi-men-zhuger-ozegnen-kan-kisimin-tusretn-dar-sintezded-0ab6d4/
Фото: Kazinform
«« | »»
Соңғы жаңалықтар